Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Ту тіккен рақымжан
Ана тілі ( 3 – сынып )
Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан ( Кәкімжан Қазыбаев )
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын, халықтың Отан
сүйгіштік
қасиетін, қаһарман ерлігі мен еңбегін
әңгімелеу. Р. Қошқарбаев
туралы жаңа мәліметтер беру.
дамытушылық: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, бейбітшілікті нығайту мен
берік
сақтауға, ержүректілікке тәрбиелеу.
тәрбиелік: Оқушылардың ойын, тілін дамыту, ортада өздерін
еркін ұстап,
ойларын ашық айта білуге, жолдастарының
пікірлерін тыңдай
білуге үйрету, патриоттық сезімге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) М. Ғабдуллиннің “Батыр бауыржан” әңгімесінің
мазмұнын 2 - 3
оқушыдан мазмұнын сұрау.
ә) Сұрақ –жауап
- 1941 жылы қандай оқиға болды?
- Қандай Кеңес Одағының Батырларын білесіңдер ? (
буклет көрсету)
- бауыржан атаны қандай қырларынан таныдыңдар ?
Слайд – 1
Ұстаз Жазушы
Батыр
Командир
Гвардия полковнигі
Қолбасшы Майдангер Халық
қаһарманы
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту
- Балалар, “ соғыс” сөзін қалай түсінесіңдер?
Слайд – 2
Бомбылау Ату
Аштық
Ата - анадан
Ерлік
айырылу
Қара қағаз Табандылық
Жеңіс
- Бүгінгі бізідң әңгімеміз жеңіс туралы болмақ.
- Жеңіс деген сөзді айтқанда есімізге не
түседі?
( Оқушылардың пікірін тыңдау )
Слайд – 3
“ Жеңіс ” деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер мен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
“ Жеңіс ” күні. Адамзат аңсап күткен күн.
Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбыт мереке жоқ.
биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлағалы отырмыз.
2. Мағынаны тану
- Міне, балалар, өздеріңіз айтып өткендей ата-
бабаларымыз егемендік
жолында қаншама ерлік көрсеткен, елміз үшін құрбан
болған.
Бүгін біз есімі халықтың жүрегінде жатталып
қалған, Ұлы Отан
соғысының даңқты жауынгері Рақымжан Қошқарбаев
туралы
танысамыз.
Дәптермен жұмыс.
Слайд – 4 Күннің жады. Ту тіккен Рақымжан.
Слайд – 5 Р. Қошқарбаев суретін көрсету
Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге
келген.1942 жылы әскерге алынып,1 944 жылы Бішкектегі жаяу әскер училищесін
бітрген. 1944 жылы қазан айынан бастап 1 – Белорусь майданындағы 150 –
Идрицк атқыштар дивизиясы қ ұрамында взвод басқарып, Польша және Германия
жерлеріндгі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуір күні Берлиндегі
фашистердің ұясы Рейхстагқа лейтенант Р.Қошқарбаев бастаған взвод шабул
жасады. Жаудың мықты қарсылығына қарамастан
7-8 сағат бойы жер бауырлап алға жылжыды. Ақыры олар борап тұрған оққа
қарамастан, қиян - кескі ұрыспен Рейхстаг баспалдағына көтеріліп, оның кіре
беріс бағанасына Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов ең бірінші
болып Жеңіс туын желбірете тікті.
Суреттер көрсету.
Оқулықпен жұмыс. а) Оқып беру
ә) Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
Сөздік жұмысы.
Слайд – 6
Рейхстаг – жаудың ұясы
Батальон -
Комбат -
Артиллерия -
Ой дамыту.
Сергіту жаттығуын жасау. Батырлық ерлік туралы мақал жарысын өткізу.
Ой толғау
- Рақымжан командирден қандай тапсырма алды?
- Жаудың соғысты бастаған үйі – Рейхстагқа
Жеңіс туын тігуді
тапсырды.
- Командир Рақымжанды неге таңдады?
- Рақымжанның ер жүректілігін, батырлығын,
істерін бұрын көреген,
оған істей алады деп сенді.
- Политрук Васильченко неге көзіне жас алды?
- Ол өз баласындай жақсы көреді, өз әкесімен
қоштасқандай болды.
- Тапсырма қалай орындалды?
- Өте қиын болды, әрбір минут, әрбір сағат
санаулы болды,
ойдағыдай жақсы орындалды.
- Туды Рақымжаннан басқа кім тігісті?
- Григорий Булатов.
- Жауынгерлер “ урлап ” жауып тұрған оққа
қарамастан неге алға
жүгірді.
- Ту желбіреп тұрғасын оларға күш берді ,
“ Біз жеңдік, олар жеңілді”, - деді.
- Жеңіс туы қашан тігілді?
- 1945 жылы, 30 сәуір. 6 сағ. 30 мин.
Ой қорыту. Слайд – 7
- Балалар, не білдік?
- Не түсіндік?
- Рақымжан Қошқарбаев кім?
- Соғыстан кейінгі жылдардағы өмірі туралы не
білеміз?
( суретін көрсету)
Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер
бөлімінде қызмет атқарды. 1947 – 1967 жылдары Ақмола облысының атқару
комитетінде
нұсқаушы, Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас
басқармада инспектор, 1967 жылдары “Алматы ” қонақ үйінің директоры болды.
“ Қызыл ту ” , “ І дәрежелі Отан соғысы ” ордендері, көптеген медальдармен
марапатталған.
1999 жылы “ Халық қаһарманы ” атағы берілді.
Слайд – 8
Халық қаһармандарымен таныстыру.
1. Бауыржан Момышұлы
2. Талғат Бигельдинов
3. Рақымжан Қошқарбаев
4. Қасым Қайсенов
Оқушылар хорменен: “ Ешкім де ұмытылмайды,
Ешнәрсе де ұмыт қалмайды”
“ Жеңіс үшін жанын пида еткен әкелер мен ағаларға, апаларға басымызды
иеміз”.
( 1 минут үнсіздік, еске алу )
Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
2. “ Біз бейбітшілікті жақтаймыз ” тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау.
Ең соңынан “ Бейбітшілік сақталады” әнімен сабақ аяқталады.
-----------------------
СОҒЫС
Бауыржан Момышұлы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz