Тәжірибе жасау

3-сынып

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Тәжірибе жасау

Сабақтың мақсаттары:
а) Білімділік:
Табиғат денелері мен құбылыстарын зерделеудің өте тиімді әдісі
ретіндегі тәжірибенің мәнін, маңызын оны жүргізудің ерекшеліктерін
түсінуді қамтамасыз ету, өткен сыныптарда орындаған
тапсырмалардағы бақылау әдістерінен алған білік, дағдыларын,
көргендерін ортаға салу.

ә) Дамытушылық: Тәжірибе ( эксперимент ) - табиғат заттарын, құбылыстарын
зерделеу әдісі екендігі туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық,
ізденушілік, танымдық қасиеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Ұлттық салт - дәстүрлерді қадірлей біліуге, ұлтжандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлерден тыс, ұлттық ойын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап, ойын түрлерін
қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, тәжірибе жасауға керекті заттар,
қант, ұн, су, сүт, топырақ, өсімдіктер, ұлттық ойынға қажетті
жабдықтар, әр түрлі сымдар.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
“ Теңге алу” ойыны
“ Бақылау әдісі” мәтінін 2-3 оқушыдан мазмұнын сұрау.
( Түсінікті етіп айтқан оқушы теңгені іліп әкетеді )
Осы мәтін бойынша ойымызды жинақтаймыз.
Ой жинақтау
“ Орамал тастау ” ойыны.
- Мына орамалды кез келген оқушының алдына тастаймын. Сұраққа жауап беріп,
қайтадан өзіме лақтырады.
1) Өсіп тұрған өсімдіктердің тіршілігін бір күнде бақылау мүмкін бе?
2) Ұсақ жәндіктерді қалай бақылаймыз?
3) Ірі жануарларды қалай бақылауға болады?
4) Бақылаған нәрсең болса айтып бер?
5) Ауа райын болжайтын қанатты жәндіктер туралы не айтасың?
6) Бақылау әдісі дегеніміз не?

Мағынаны тану
ІІІ.
Жаңа сабақ. Тәжірибе жасау.
-Балалар, судың түсін ақ дейміз ғой.
Оны білу үшін шыны ыдыстың біреуіне сүт, ал екіншісіне су құйып, екеуін салыстырамыз.
- Сүт қандай ? Су қандай ?
- Сүт ақ ал су түссіз, мөлдір.
- Оны анықтау үшін екеуіне де қасық саламыз. Қайсысынан анық көрінеді ? Неге ?

- Судан анық көрінеді, себебі су - мөлдір, түссіз, иіссіз.
- Кесеге, шыны ыдысқа су құямыз.
Судың пішіні өзгереді ме ?
Суда пішін болады ма ?
- Жоқ, су - пішінсіз. Су құйылған ыдыстың пішінін алады.
- Суды беті тегіс нәрсеге құйып көреміз, не байқадың?
- Су - сұйық, ол ағады.
- Суға мына шүберекті малып алсақ, су - су болып шықты
- Демек, су - жұққыш, жабысқақ.
- Су болған затты далаға жайсақ кеуіп кетеді, су қайда кетті ? Ойланайық !
- Күн көзі кептіріп, су буға айналды, ал бу ауаға араласты.
- Біз судың қасиетін анықтау үшін не жасадық?
- Тәжірибе жасадық, яғни бір затты екінші заттан айыру үшін жасадық. Демек, тәжірибе дегеніміз сынақ жасау арқылы шындыққа көзімізді жеткізу, оны танып білу екен.
Дәптермен жұмыс.
Күннің жады.
Өтілетін тақырыпты жазу.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс.
а) Оқушыларға мәтінді оқыту
ә) Тәжірибені өздеріне жасату

Ой сергіту
Сергіту жаттығуын жасау.
“ Жер, теңіз ауа” ойыны.
Ойынды басқарушы “ жер” дегенде нұсқаған бала жануарды атауы керек. “ауа” дегенде, құстың атауы, “теңіз” дегенде балықтың атауы айтылуы тиіс.
“Адам - табиғат перзенті” тақырыбына шолу жасау.

Ой қозғау
“Тұзақ құру” ойыны.
1) Адамға, жануарға, өсімдікке не қажет ?
( ауа ), су,, керек, жарық,, жылу
2) Адам денесі қандай болып бөлінеді ?
( бас, мойын, кеуде, аяқ )
3) Адамның ішкі мүшелеріне не жатады ?
( ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, қарын, ішек, қуық )
4) Адамның денесінің тірегі не ?
( қаңқа )
5) Қол сүйектерін ата.
( тоқпан жілік, кәрі жілік, қол басы )
Тоқпан жілік жауырынмен жалғасады, кәрі жілік шынтақ және садақ сүйектерінен тұрады.
Қол басы алақан, саусақ, білезік сүйектерінен тұрады.
6) Дені сау адамның жүрегі 1 минутта қанша рет соғады ?
( 1 минутта 60-80 рет соғады )
7) Жүрекке үлкен зиян келтіретін нәрселерді ата.
( шылым шегу, насыбай ату, ішімдіктер ішу )
8) Ас қорыту мүшелерін ата.
( ауыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек, бауыр )

9) Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?
( ми, жұлын, жүйке тамырлары )
10) Сезім мүшелерін ата.
( көз - көру мүшесі, мұрын - иіс сезу мүшесі, құлақ - есту мүшесі, тіл - дәм сезу мүшесі,
тері - сипап сезу мүшесі )

Ой қорыту
ІV.
Сабақты қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабағымызда не білдік ? Не түсіндік ?
- Тәжірибені не үшін жасаймыз екен?
Тәжірибені бір заттан екінші затты айыру үшін жасаймыз.
Тәжірибе дегеніміз шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу.

Сабағымызды қорыту мақсатында топыраққа тәжірибе жасап, оның құрамын анықтайық.
- Топырақ дегеніміз не ?
Топырақ - жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабат.


Ұқсас жұмыстар
Элементар физиканың негіздері
Су
Металдарды электролиз әдісімен алу
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Сабақтың тақырыбы Химиялық реакция типтері
Ньютонның ІІІ заңы
Су. судың қасиеті дүниетану 2-сынып
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы
Ауа және оның қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz