Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Білімді тиянақтау жайлы ақпарат


Математика
(2 сынып)
Азанова Гүл Бақытқызы

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. «7» санын қосу кестесінің және
азайтудың сәйкес жағдайын
тиянақтай түсу. Қарапайым
әріпті өрнектермен, есептеулермен,
теңдеулермен байланысты әр
алуан іс – әрекет барысында кестелік қосу
мен азайтуды орындауға
машықтандыру, екі амалмен және бір амалмен
шығарылатын есептерді
салыстыру.
2. Дамытушылық. Танымдық
қабілеттерін дамытуға арналған
тапсырмалармен сұрақтар
арқылы оқушылардың дүниетанымын,
шығармашылық, логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушыларды тапқырлыққа, алған білімберін
өмірде қолдана
білуге үйрету, этнопедагогикалық элементтерді
пайдалану, ұйымшыл
болуға, ата дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, қызығушылығын оятатын ойындар мен
сұрақтар.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, музыка, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: Оқулық, интерактивті тақта,
слайдтар, ойындар.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру,
зейіндерін сабаққа аудару, сұрақ – жауап.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтың 67-ші бетіндегі 3-тапсырма
тексеріледі.
- Балалар, ондықтан аттайтын жағдайда қосу және азайту тәслдерімен
танысып жатырмыз. Сол бойынша «Жұбын тап» ойынын ойнаймыз.
14 14 14 15 15
16

7 ? 8 ? 9 ? 9 ? 8
? 9 ?

3. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымызда 7-ні қосу және азайту тәсілдеріндегі алған
білімдерімізді тиянақтаймыз.
- 7 саны қандай сан? (оқушылар белгілерін айтады)
- 7 саны қазақта қандай атаулан түрінде беріледі?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз 7 санының қасиеттеріне байланысты
өтеді.
Дәптерге көркем жазу жүргізіледі. 39.

Бүгінгі күн реті, сабақтың тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады.

1. Жеті нан.
Бейсенбі, жұма күндері әруақтарға бағышталып жеті шелпек пісіріледі.
Оны отбасының амандық, саулығы үшін де пісіреді.
1 – тапсырма. Қосындының және айырманың мәндерін табу, қосу
кестесіндегі өзіміз қолданған теңдікті жазу.
2. Жеті ата
Ата
Әке
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
Туажат
2 – тапсырма. Теңдеуді шешу.
«Кім жылдам?» ойыны (бірінші қатардағы теңдеуді тез шығартып
тексертеді)
7 + Х [pic] 15 15 – Х [pic] 7 Х – 7
[pic] 8

«Жалғастыр» ойыны (теңдеуді ауызша бірінен соң бірі жалғастырып
шешеді)
7 + Х [pic] 16 16 – Х [pic] 7 Х – 7
[pic] 9

3. Жеті күн. Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
3 – тапсырма. Өрнекті жазып және оның мәнін табу. (Оқушылар екі
қатар болып жарысып орындайды)
1 – қатар
2 – қатар
7 + а, а [pic] 50, 52, 7 а – 7, а
[pic] 57, 59, 14
Сергіту жаттығуы жасалады.

4. Жеті қазына. Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Құмай тазы
Берен сылтық
Өнер, білім
Ер жігіт
Сұлу әйел

4 – тапсырма. Есептерді салыстыру, олардың ұқсастығы мен
айырмашылығы неде екенін табу (оқушылар есепті оқып, шартын, шешуін,
жауабын тауып, салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады)

5. Жеті нота – жеті дауыс.
Си
Ля
Соль
Фа
Ми
Ре
До

6 – тапсырма. 7 + 7 [pic] 14 теңдігін пайдаланып, қандай екі таңбалы
сандарға 7 – ні қосуға болады? (оқушылар жасырып табады)

6. Жеті жұлдыз. Кетсең де түнде адасып,
Беретін сол жол ашып.
Темірқазық жұлдызы,
Солтүстікте тұрады.

Шығармашылық тапсырманы орындау. 8 адам кездесіп, бір – бірімен қол
алысты. Олар барлығы неше рет қол алысты? (оқушылар ойланып табады)

Сергіту жаттығуы жасалады.
4. Сабақты қорытындылау. «Мәндерін тап» ойыны ойналады.
8 + 7 14 – 7 7 + 8
9 + 7 15 – 7 7 + 9
7 + 7 16 – 7 16 – 9

5. Үй тапсырма беру. Оқулықтың 69-шы бетіндегі 5-ші тапсырма беріледі.
6. Оқушылардың білімдетір бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Топ ережесін сақтау, топ қызметін бөлісу
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Ахмет Жұбановтың суреттер
Тақтада ілінген Интернет сөзіне ассоциация құру
Есімше мен көсемшені салыстыру
Нәтиже сабақ
7 сынып орта мерзімді жоспар
Пайдалы қазбаларды көрсету
Қазақтың хас батыры-- Қарасай
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
Пәндер