Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отбасындағы бала тәрбиесі
Отбасындағы бала тәрбиесі.
“ Әке – шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбсын құрайды. Олар бір үйде
тұрып бірге өмір сүреді. Отбасы әр адамға жылы ұядай қадірлі. Ондағы әр
адам бір – бірін сыйлайды. Біріне – бірі жәрдемші, қамқоршы, көмекші
болады.” – деп партада отырғн бүлдіршіндерге түсіндіріп жатамыз. Шынында,
отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.
.
Отбасының атқаратын қызметтері: дүниеге ұрпақ әкелу, дүниеге келген
нәрестені барлық жағынан жетілдіріп биік етіп қалыптастыру.
.
Тәрбие – қандай да бір жанның дұрыс, саналы азамат болып өсуіне көмек
көрсету деген сөз. “Туа жаман жоқ, жүре жаман бар”, “Заман түзелсе, жаман
түзеледі”, - деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның
материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін айтқан.
.
Жас ұрпақты есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу ата - ана мен қоғамдық
ортаның бірден – бір парызы. “Ес түзелмей, ел түзелмейді”,“Жанұяға қарап
бала өседі, қарағайға қарап тал өседі”, дегендей, егеменді еліміздің
барыстарының болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу – тәрбие
орындарында білімді, саналы азаматты тәрбиелеу ісімен жалғасын таппақ.
.
“Баланың бас ұстазы – ата –ана.” Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да
бойына сіңіреді. Себебі, отбасы – таным бесігі өркениет ошағы, үлгі – өнеге
бастауы. Күнделікті өмір тіршілігінде ата – ана еңбегі, адамдық бейнелері,
жүріс – тұрысы, бір – бірімен сыйлы
.
қарым – қатынасы, бәрі балаға үлгі.
.
“Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала –жағасындағы құрақ”
болып есептеледі. “Әкеден – ақыл, анадан - мейір” алады.
.
Сондықтан да халқымыз “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” деп бекер
айтпаған. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі ата – анасының
.
еңбекқорлығы, кішіпейілділігі, ақыл – ойы, сана – сезімі, адамгершілігі,
.
сыпайылығы бәрі – бәрі әсер етеді.
.
Сондықтан баланы тым жақсы көріп, оны шектен тыс еркелетіп, шолжаңдатып,
бірін – тұңғышым, не жалғызым, не зарғып көргенім деп бетінен қақпай,
еркіне жіберіп айтқанын екі еткізбей орындаудың ақыры неге соғатынын кейбір
ата-аналар өзіміз де білмей қаламыз.
.
Ата – ана баласының материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандырып
отырса, олардың арасында сыйластық, жақсы көру, құрметтеу сезімдері дами
түседі. Тәрби көзі – отбасы мүшелерінің дастарқан басында басқосулары.
Қазақ халқы дастарқанды “бөлінбеген еншіміз”, “береке белгісі” деп қараған.
Сондықтан дастархан басында баланы қатыстыра отырып отбасылық жағдайлар,
проблемалар арқау болып, бала тарапынан кеткен кемшіліктер, орынсыз іс –
әрекеттер талданып, сөз болып отыруы аса міндетті. Міне, осындай тәрбие
негізінде құрметтеу, тіл алғаштық, кішіпейілділік сезімдері бала бойында
қалыптасады. .
“Ақжүрек әке – күншуақ, ақжүрек ана-ақ бұлақ”,
.
“Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер”, - деп халық осылай
бағалаған. .
Қазақ отбасы көп балалы болып келген. Отбасындағы үлкен кісілердің
ұлағатты сөздері, өсиеттері баланың адамгершілік жағынан пісіп – жетілуіне
зор үлесін қосары анық. Үлкенді сыйлап, қадірлеп өскен бала қай жағынан
болса да қадірлі. .
Халық даналығында: “Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он
жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда
бала тәрбиеле” деген екен.
.
Олай болса, қадірлі ата – аналар! Бүгінгі мектеп партасындағы жас
бүлдіршіндер, ертеңгі елдің “барыстары”, болашағы, әлемге танытушы
азаматтары. Сондықтан сіз бен біздің алдымызда аса жауапты міндеттер тұр.
Оны ойдағыдай шешу сіздермен бірлескен жұмыстың арқасында ғана нәтижесін
бермек. Бүгінгідей нарықтық жүйенің өтпелі қиындықтары мен тіршіліктің
таусылмас қарекетіне ерік беріп баламызға көңіл бөлмесек, ертеңгі күні қапы
қаларымыз анық. Баласына көңіл аудармайтын, оның немен шұғылданып жүргенін
білмейтін, ата – аналар жиналысына шақырса келмейтін, мектеппен байланысы
аз ата-ана ғана баласына сондай көз қараста болады. Тәрбие мәселесін мектеп
пен ұстаздар мойнына арта салумен іс бітпейді. Істің нәтижелі болуы – адам
тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп жұмыла іс жасауына
байланысты. Шынында, ата-ана өз баласының білімді, тәрбиелі азамат болуын
армандаса, ұстаз да өзі оқытқан шәкіртінің үлгілі, өнегелі, еңбексүйгіш,
білімді азамат болуын қалайды. Олай болса, ата-аналар бала тәрбиесіне
бірлесіп, мән беріп қарайық. Біз, мұғалімдер, сіздерден егеменді еліміздің
білімді, жан – жақты азаматын тәрбиелеп шығаруға ат салысады деп сенім
білдіреміз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz