Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларды шығармашылыққа баулу


Баяндама

Оқушыларды шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын
арттыру жолдары.

Бүгінгі таңдағы өзекті үлкен мәселе болып жүрген ығармашылық
дегеніміз – адамдардың өздерін тануға ұмтылуы, жан – жақты ізденуі,
қоршаған ортаның қыр – сырын білуі.
Бала өмірінде дұрыс жол таба білуі үшін дұрыс шешім қабылдай
білуге, өздігінен ой түйіп, дәлелдей білуге, өз ойын нақты түрде айта
білуге үйренуі тиіс. Қазіргі мектеп алдында осы үлкен міндет тұр.
Баланың танымдық іс – әрекетін қалыптастыруда оқытудың жаңа ақпараттық
технологиясын қолдану тиімді. Мұғалім үнемі оқушыға нұсқау беріп
отырса, балалар да неғұрлым ізденіп, талаптана түседі.
Баладағы қабілеттілік туа біткен қасиет емес, - дейді психологтар.
Олай болса, қабілетсіз бала болмайды, олардың қабілетін тікелей пәндік
әрекеттер арқылы ашып, дамытуға болады. Балаға жаңа білім беріліп, оны
іс – әрекет арқылы яғни біліктілік пен іскерлік арқылы балаға
қалыптастыру, іс жүзінде дәлелдеп көрсете білу.
Баланың бойына шығармашылық қасиет қалыптастыруда сөз өнері мол
болу керек. Баланы бастауыш сыныптан бастап сөйлетіп, өз ойын қиналмай
айтуға, тіпті дәлелдеп ьеруге ұмтылдыру қажет. Өз ойын ашық айтатын,
сөйлеп тұрған, ашық баламен қандай да болса шығармашылық жұмыс
жүргізуге мүмкіндік мол дер едім.
Ең алдымен шығармашылыққа үйрету үшін мына жағдайларды ескеру
қажет.
- Сыныпта шығармашылық көңіл – күй тудыру үшін балалардың назарын бір
нәрсеге бағыттау керек.
- Берілген тапсырма сол балаға сәйкес, шамалы жететіндей, сол баланың
ынтасын аударып, қызығушылығын арттыратындай болуы тиіс.
- Оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне үйінде, сабақ үстінде
қолайлы жағдайы болуы керек.
- Баланың жүйелі жұмыс істеуін қадағалап, жүйелі, сапалы болуына мән
беріп отыруы керек.
Сондықтан, баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, әрине,
мұғалімнің сіңірер еңбегі мол. Баланың ойын, қиялын дамытуда түрлі
пәндік логикалық жаттығудың көмегі көп. Соларды сабақ үстінде бірн
сарынды өткізбей, түрлендіріп отырса оқушының да қызығушылығы оянып,
пәнге деген ынтасы артады.
Сабақ үстінде әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланып, балалардың
пікірлерін еркін айтқызып, сөйлетіп, ойларын емін – еркін ашық айта
беруге мүмкіндік тудыру керек. Сонда ғана еркін сөйлеуге үйренеді, сол
арқылы қабілеті жоғары оқушыны оңай тауып алуға болады, әрі қарай
жүйелі жұмыс – мұғалімнің міндеті.
Әр мұғалімнің көкейінде мынадай сұрақтар туады.
- Баланы жастайынан шығармашылыққа қалай баулу керек?
- Оның қандай әдіс – тәсілдері, жолдары бар?
Психологтар әрбір баланың бойында өзіндік бейімділік пен қабілет барын
анықтаған. Мұғалім балаға шығармашылық бағытқа түсіру үшін үнемі
шығармашылық тапсырмалар, ойын жаттығулар, логикалық тапсырмалар т.б.
түрлі әдіс – тәсілдер қолданып отыру керек. Оқушы сол бағытта жұмыс
жасап кеткенше оны назардан тыс қалдырмай бағыт – бағдар беріп отыру
керек.
Балаларды шығармашылыққа тежейтін үш нәрсе бар:
1. Қолымнан ештеңе келмейді, орындай алмаймын.
2. Өзіне – өзі сенбейді, риза болмайды.
3. Жалқаулық.
Мұндай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын да табуға болады.
- Балаға сенім артып, көмек беру
- Қолайды жағдай туғызу
- «сенен ештеңе шықпайды, қолыңнан дым да келмейді» - деп баланы
орынсыз кіналамау.
- «сен бәрін білесің, сенен керекмет адамшығады, сен істей аласың» -
деген сенімді сөздер арқылы баланың белсенділігін көтеріп,
қызығушылығын арттыру.
- Жалқау баланы қадағалау, үнемі сұрап, қозғап отыру арқылы жаман
әдеттен арылту. Бұл тәсілдерді сабақта да, сабақтан тыс тәрбиелік
шараларда да үнемі қолданса мұғалім жетістікке жетеді деп ойлаймын. Мен
мынадай әдіс – тәсілдерді қолданып жүрмін.
- Тапсырманы баланың шамасына қарай беру.
- Оқушылар арасында белгілі бір шараға байланысты пікір, ой, тұжырым
туғызу.
- Берілген тапсырмаларды түрлендіріп отыру.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
мынадай жұмыс түрлерін жүргіземін.
- Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс, интеллектуалдық сайыстар
өткізіп, алған әсерлерін байқау.
- Балаларға арналған «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек»
журналдарын үнемі сабақтан тыс уақытта үзбей пайдаланып отыру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға,
шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға,
баланың өз бетімен ізденуіне зор ықпалын тигізеді.
Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылықпен дамуына жол
ашу дегенді білдіреді.
Жүйелі түрде жүргізілген шығармашылық жұмыстар оқушыларджы ойлауға
жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға,
белсенсіділікке ынталандырады.
Қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта
оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта
түседі.

Дайындаған: бірлестік жетекшісі Г.Б.Азанова


Ұқсас жұмыстар
Көпшілік оқушылар
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек
Тақырыпты қорытындылау
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу тәсілдері
ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ
Музыка сабағында қазақтың ұлттық аспаптары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Модификациялық өзгергіштік
Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз
Кестелі тақия тігу
Пәндер