Математика. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Математика-6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақтың мақсаты:

білімділік : Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.

тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу

дамытушылық: шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: топтарға берілетін тапсырмалар, жетондар

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді І топ «Халықтық Банк»

ІІ топ «Альянс Банк»

ІІІ топ «АТФ Банк»

Әр топтың бастапқы капиталы 5000 теңге.

ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны - 1000 теңге

(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)

1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы

2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі

3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 1 қасиеті

4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудегі а, в, с нені білдіреді

5. ах+ву=с теңдеуіндегі х пен у қалай аталады

6. Мына мәндер жұбының қайсысы 2х+у=8 теңдеуінің шешімі болады (2; 4), (3; -2), (-1; -6)

ІІІ. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар тарту

Деңгейлік тапсырма

  1. «Халықтық Банк»

1000 теңге : х+у=5 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің кез-келген шешімін тап.

3000 теңге : Сәкеннің 50 теңгелік және 100 теңгелік монеталардан 400 теңге ақшасы бар. Сәкеннің неше 50 теңгелік, неше 100 теңгелік монетасы бар?

5000 теңге : ах+3у=6 теңдеуінен х=-3; у=4 болғандағы а ның мәнін табыңдар

  1. «Альянс Банк»теңге: х-у=10 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп,

теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар.

3000 теңге : 7-ге еселік және 13-ке еселік екі санның қосындысы 61-

ге тең. 7-ге еселік санды табыңдар

5000 теңге : ах-2у=11 теңдеуінен х=3; у=-1 болғандағы а ның мәнін

табыңдар

  1. «АТФ Банк»теңге:х+у=-20 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы

өрнектеп теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар

  1. теңге: Жанар 7 теңгеден қарындаш, 10 теңгеден дәптер сатып

алып барлығы 111теңге ақша төледі. Жанар неше қарындаш, неше дәптер

сатып алды.

5000 теңге: 3х-ву=7 теңдеуінен х=3; у=2 болғандағы в ның мәнін

табыңдар.

ІV. «Өнерді үйрен де жирен»

Әрбір банк мүшесіміз

Игі істе біз біргеміз - тәжірибе алмасу, топтық жұмыс

«Қарлы кесек» ойынының 2 нұсқасы ( есептің жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді)

І нұсқа тапсырмалары .

1. 7х+2у=14 теңдеуінің шешімі (1; 3) сандар жұбы бола ма?

2. Сызықтық теңдеулерді көрсет:

А) 2х+5=у

Ә) х+3= Equation. 3

Б) 2+х+у=0

3. Сызықтық теңдеудегі а, в, с сандары коэффициент деп аталады.

4. у-ті х арқылы өрнекте 3х+2у=5

5. 8х-2у=16 теңдеуіндегі х=1 болса, у неге тең болады?

ІІ нұсқа тапсырмалары.

1. 2х+7у=20 теңдеуінің шешімі (3; 2) сандар жұбы бола ма?

2. Сызықтық теңдеулерді көрсет

А) х+у =

Ә) 2х+ = 5

Б) 3х = 5-у

3. Сызықтық теңдеудегі х-абсцисса, у- ордината деп аталады.

4. у-ті х арқылы өрнекте 2, 5х+у = 4

5. 3х+5у = 25 теңдеуіндегі у = 2 болса, х неге тең болады?

ІІІ нұсқа тапсырмалары.

1) 5х+4у = 15 теңдеуінің шешімі (3; 0) сандар жұбы бола ма?

2) Сызықтық теңдеулерді көрсет

А) 5х+у = 3

Ә) 2ху+3у = 18

Б) 5х= 6-28у

3) Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге кез-келген санға көбейтуге және

бөлуге болады.

4) у-ті х арқылы өрнекте 5х+у = 10

5) 6х+5у = 30 теңдеуіндегі х= 5 болса у неге тең болады?

V. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама (әр топ өз банктерін жарнамалап, белгілі бір тақырыпқа ой толғап, таныстырады)

VІ. Бағалап, бекіту (бағалау оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады)

VІІ. Үйге тапсырма §46. №1430, №1439

VІІІ. Жекелеген оқушыларға берілетін қосымша тапсырма :

Оқушы 11 дәптер сатып алатын болса, онда оның 5 тиыны қалады. Егер 15 дәптер сатып алу керек болса 7 тиын жетпейді. Сонда оқушыда қанша тиын бар?


Ұқсас жұмыстар
Тақырып - Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
Мәтінді есептерді шешу
"бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер" математика. 6-сынып
Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу
Теңдеуге есептер шешу
Күнтізбелік жоспарлау. 6 бағдарлы сынып
"Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу." 6 класс
Сызықтық функция
Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz