"Тың және тыңайған жерлерді игеру."

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы
Ленин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
ТУЛЕГЕНОВА Г. Т.
Сабақтың тақырыбы : Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың мақсаттары
Білімділік : Тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның табыстары мен зардаптары және аамыш саясаттың Қазақстан халқының демографиялық жағдайына әсері туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта георгафия пәнінің атлас карталарын пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың типі: География пәнімен кіріктірілген сабақ
Оқыту әдістері : Интерактивті әдістер, СТО технологиясының стратегиялары.
Оқыту тәсілдері: Ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық тәсілдер, картамен жұмыс, тест, жобалау тәсілдері.
Көрнекіліктер : Слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар, 8, 9 сыныптарға арналған атлас карталары, ҚР саяси-әкімшілік картасы.
Дидактикалық материалдар : Тесттер, кестелер.
Сабақтың барысы
І кезең Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнежазба көрсету.
ІІ кезең Мағынаны тану.
Сабақтың жоспары:
- Тың игеруге жаппай кірісу.
- Тыңның алғашқы табыстары.
- Тың игерудің нәтижелері.
- Демографиялық ахуалдың күрт өзгеруінің келеңсіз әсерлері.
Осы жоспарға қарап сабақтың мақсаттарын айқындау .
Соғыстан кейінгіжылдарда Қазақ КСР-нің ауылшаруашылық деңгейі өте төмен жағдайда болды. Ол халықтың азыққа және өнеркәсіптік шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Астық өнімдерінің тапшылығы айқын көріне бастады. Мәселені шешудің жалғыз жолы - тың және тыңайған жерлерді игеру болды.
50-жылдардың ортасында Қазақстанның КП ОК-нің бірінші хатшысы П. К. Пономаренко болған. ( Қосымша дерек оқылады . )
Алғашында П. К. Пономаренконың орынбасары, кейін Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшылысы қызметін атқарған Л. И. Брежневтің де аталған жылдар аясында алар орны ерекше.
Тақырыптың мазмұнын ары қарай ашу сендерге тапсырылады.
8 сыныптың атлас картасын қолданып жоба құру:
- Топырағы;
- Жауын - шашын;
- Температурасы;
Жерімізді ЦЕЛИНА сөзімен түбірлес елді мекеннің болғанын естіп пе едіңдер? - Картадан көрсету («Целиноград» бейнежазбасын көру ) . Бұрынғы Целиноград пен қазіргі Астана қаласының құрылысында өте көп өзгешеліктер барын көріп тұрған шығарсыңдар. Дегенмен, 50-жылдардың өзінде Целиноград қаласы Қазақ КСР-ндегі алдыңғы қатарлы қалалардың бірі болған.
Ыбырай Жақаев туралы қосымша дерек айтылады.
Топырақ эрозиясы туралы қосымша дерекке кезек беріледі.
Тың игеру саясаты демографиялық жағдайға да әсер етпей қоймады.
І топ - «Сандық көрсеткіштерге сипаттама бер»
ІІ топ - Құрастырмалы тест
- Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері . . . (ескерілмеді) .
- Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне . . . (менсінбей қарау) орын алды.
- Шеттен келгендердің Қазақстан қалаларын жайлап алу жағдайы тек солтүстік өңірлерде ғана емес, . . . (Шымкент, Жамбыл, Алматының) және өзге қалалардың кәсіпорындары да осылай істеді.
- 1950 жылдардың ортасынан бастап Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасының бір бөлігі . . . (тарихи Отанына оралуға) мүмкіндік алды.
- Демографиялық ахуалдың . . . (орыстілді тұрғындардың пайдасына шешілуі) қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты.
- Қазақ мектептерінің саны . . . (күрт кеміді) .
ІІІ топ - «Пайыздық көрсеткіштерге сипаттама бер»
9- сыныптың атлас картасын пайдалана отырып, мынандай жұмыстарды орындаймыз.
І топ - «Халықтың орналасуы»
Халық тығыз
дығы
(%)
Халық тығыздығы
(1 км²)
ІІ топ - «Қазақстан халқының ұлттық құрамы»
ІІІ топ - «Ауыл шаруашылығы»
ІІІ кезең Ой-толғаныс .
Компьютерлерде тест шешеді.
Тест сұрақтары:
1. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды?
А) 1953 жылы жазда
В) 1954 жылы көктемде
С) 1960 жылы қыста.
2. Топырақ эрозиясының неше түрі болады?
А) 2
В) 3
С) 4.
3. Тың игерушілердің алғашқы баспанасы қандай болды?
А) Тас және ағаш үйлер
В) Палатка, вагондар
С) Жатақхана, жалдамалы баспана.
4. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі топырақ жамылғысының түрі қандай?
А) Қара қоңыр топырақты зона
В) Сұр топырақты зона
С) Қара топырақты зона.
5. 1940-1950 жылдардың ішінде Қазақстанда қанша жаңа қала бой көтерді?
А) 15
В) 86
С) 1200.
6. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі негізгі шаруашылық түрі:
А) Астық шаруашылығы
В) Мал шаруашылығы
С) Биязы жүнді қой шаруашылығы.
7. Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қанша адам қоныс аударды?
А) 132 мың
В) 640 мың
С) 2 млн-ға жуық.
8. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық:
А) Орыстар
В) Қазақтар
С) Поляктар.
9. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған санақ қай жылы жүргізілді?
А) 1958 жылы
В) 1959 жылы
С) 1960 жылы
10. Төмендегі облыстардың қатарында %-бен есептегендегі халық ең тығыз орналасқан облысты белгіле:
А) Ақмола
В) Қостанай
С) Солтүстік Қазақстан.
Тест жауаптары:
1. В
2. А
3. В
4. С
5. А
6. А
7. С
8. А
9. В
10. С
Қалған оқушылар электронды нұсқадағы сұрақтарға жауап береді.
Қазақстан тарихы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz