Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
Көңіл-күй тренингі
Көңіл-күй неге және кімге байланысты
Мақсаты:
* Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мәлімет беру;
* Оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Уақыты: 17.01.2014 жыл.
Өткізілді: 8 <<А>>, 8 <<Б>> сынып оқушыларымен
Тренинг барысы :
Психологиялық бағыт беру: (жайлы әуен ойнап тұрады)
* Сәлеметсіздер ме, қадірлі балалар! Қош келіпсіздер!
Әрбір адам өмірге келген қонақ. Өмір өте мағыналы, мазмұнды өтуі маңызды. Қамшының сабындай қысқа өмірде адамның бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?!
Олай болса бүгінгі тренингіміз <<Көңіл күй неге және кімге байланысты?>> деп аталады. Көңіл-күйді көтере білу үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй - адамның ішкі дүниесінің құбылысы, Көңіл-күй - адамның айнасы. Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар мәлімет алады, жан дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін шеңбер жасайық. Қолдарымыздан ұстап атымыздың бас әрпін сын есіммен тіркестіріп айтамыз. Мысалы. Көрікті Камшат, әдемі Әсем, қайратты Қайсар т.с.с
Енді қысқаша ғана көңіл-күй туралы не білеміз, соған тоқталып кетейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берулерің керек:
* Көңіл-күй дегеніміз не?
* Адам көңілді болғанда қандай көңіл-күй болады?
* Адам көңілсіз болғанда қандай көңіл-күй болады?
* Көңіл-күйдің денсаулыққа әсері бола ма? Балалардың жауаптары тыңдалады.
<<Менің көңіл-күйім>> жаттығуы.
Енді барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Әрқайсысымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді, т.с.с.
Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне көңіл-күйімізді түсірейік. (жайлы әуен ойнап тұрады). Оқушылар суреттерін көрсетіп, көңілсіз сурет салған оқушының көңілін көтеру қажет.
Ситуациялық көрініс (сахналау)
* Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш.
* Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық.
* Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң.
* Өз досыңның жетістігіне мақтаныш.
* Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш.
* <<Сыныпқа жаңадан келген оқушының екі түрлі мінезін көрсету>>
* <<Менің көңіл күйім қандай?>> мұнда ортаға бір бала шығып, өз көңіл-күйін мимикамен, түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді. Қалғандары оны тауып айтады.
Жағымсыз жағдайдан құтылу>> жаттығуы.
Алдарыңыздағы қағазға, көңіл күйге қаяу түсіретін жағдайды жазыңыздар. Оны ешкім оқымайды, көрмейді, сондықтан ашық, ұялмай қорықпай жазуға болады. Енді осы қағазды 2-ге бүктеп оны ұсақ бөліктерге бөлеміз. Енді сіздің жағымсыз мәселеңіз қоқыс болып қалды. Оны қоқыс шелегіне тастаймыз. Сіздердің көңіліңізді түсіретін жағдайға енді ешқашан қайтып оралмайды, оны еске түсірмей, жоққа шығарамыз деп ойлаңдар.
Ұлағатты сөздер. Тақтадағы ұлағатты сөздерге көңіл аударайық.
<<Көңіл-күй - ол күн. Күн - адамның жан дүниесін жылытады. Барлық жақсылық табиғатқа - күннен, ал өмірдегі жақсылық - адамнан. Осы сөздерді жазып, жаттап алайық. (Оқушылар хормен айтады)
Оқушылар өз көңіл-күйіне байланысты смайликті таңдап, соны өз бет әлпеттерімен көрсетеді. Сыйлық сыйлау.
Енді міне, кездесуіміздің соңында мен сіздерге өз жүрегімнен шыққан жылы сөздерді сыйлаймын (жанданған жылы сөздер таратылып беріледі). Осы жылылықты әр кезде бірге алып жүріп, айналамыздағы адамдарға айтып жүріңіздер. Қорытынды.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы <<Бейнеу лицейі>> ММ
Педагог-психолог: Алдабергенова Камшат Убайдуллаевна
Республикалық <<Ең үздік жыл психологы>> конкурсының қатысушысы
ІІ категориялық ұстаз
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz