Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазіргі мектептегі технология сабағында электронды оқулықтарды пайдалану
Қазіргі мектептегі технология сабағында
электронды оқулықтарды пайдалану
Біз бар өмірімізді ұстаздық жолға арнаған адамдармыз. Сондықтан да
егеменді елімізде жас ұрпақ тәрбиесінің жақсы болғанын қалаймыз. Ол үшін
мұғалім білімді, мәдениетті, сабырлы, қайырымды, әдепті болуы керек.
Мұғалім ол тек мектепте ғана емес, ол бүкіл елдің ұстазы – болашақтың
тұтқасы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер бүгінгі
мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан елінің болашағы
да сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-деген
болатын.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан орта білім беру жүйесінің
дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың,қай ұлттың болсын толығып
өсуіне,рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де,түп қазығы
да – мектеп. Қазақстан Республикаасында білім беру жүйесіндегі реформалау
процесі,оның мазмұны мен сапасын арттыру,білім берудің ұлттық моделін
жетілдіру,ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты жаңаша
педагогикалық көзқарасты туындатады.Дүние жүзі қоғамдастығы жаңа ақпараттық
технологиялық дәуірде өмір сүруде.Қазақстан мемлекетінің ғылыми-техникалық
саясатында жаңа бағыт пайда болды.Сондықтан білім игеру технологияларын
меңгерген жас ұрпақты даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдікке стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп,Елбасы атап көрсеткендей,жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Осындай Қазақстан
мектебінен сапалы білім алған,танымдылығы жоғары бәсекелестіктің қайсібір
мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылары ғана ақпараттанған болашақтың
кілтін ашады.Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы,білімді,жігерлі,ұлттық
санасы рухани бай жас ұрпақ тәрбиелейтін,білім берудің ұлттық моделін
жетілдіру,ақпараттық технологияларды терең меңгерген біздердің, Қазақстан
мұғалімдерінің қолында! Компьютер көптен бері өндірістің кез келген
саласында қолданылып келеді,оның ішінде,тігін өндірісі де бар.Киім тігу
саласында жоба сызу, пішу, көптеген техникалық операцияларды орындау,өңдеу
сияқты көптеген сатылар автоматтандырылған. Мұғалім қолданатын
технологиялық құралдарға қарамастан,сабақты сәтті өткізудің негіздері
бірдей.Ең алдымен,кез келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге
жететін нақты жоспары,құрылымы болуы керек.Мұның бәрі оқушыға материалды
жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіруге
септігін тигізеді.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана
емес,тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси
экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етуде. Білім
саласындағы кез келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес
қосары анық.Мектептегі технология пәні-басқа пәндерге ұқсамайтын,өзіндік
атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.Технология пәнінің
базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтау қабілеттерін
дамытады,өздерін танып білулеріне,технология әлемін зерделеуіне,әр түрлі
кәсіби салалар бойынша қабілеттіліктерін,біліктіліктіліктерін шыңдауға
мүмкіндік жасайды.Қазіргі кезде әлемде ақпарат және ақпараттық
технологияның маңызы ерекше.Электрондық анықтамалардан сән журналындағы
немесе кітаптағы ақпаратқа қарағанда әлдеқайда көп мағлұмат алуға болады.
Электрондық анықтамалықтар керек ақпаратты тез тауып алуға көмектеседі.
Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне-оның
іргелілігі,алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері
жатады.Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыттарының бірі ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып
саналады.Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты
бағыттарының бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай
жасау.Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу
арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.Заман ағымына қарай күнделікті
сабаққа видео,аудио қондырғылары мен теледидарды,компьютерді қолдану
айтарлықтай нәтиже беруде.Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қоймай,логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Дәстүрлі
оқулықты оның электронды нұсқасына оңай айналдыруға болады.Бұл нұсқаның
жетістігі оның компьютер жадында сақтау мүмкіндігі және компьютерлік
желілер арқылы таратуға болады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің
біріне айналып отыр. Технология сабақтарында электрондық оқулықты
пайдаланудың тиімділігі:
• Оқушының өз бетімен жұмысы;
• Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• Оқушының дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтуге ықпалы зор.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту» болып табылады. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық
оқулық, сондықтан әрине, электрондық оқулықтың құрылымы сапалы және жаңа
деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық сонымен қатар, оқушының уақытын да
үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып
қалған материалдарын еске түсіруге көп ықпал етеді. Оқытушы үшін
электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын әдістемелік жүйе.
Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге, тест
тапсырмаларын орындауға болады. Қазіргі таңда технология пәнінен элетрондық
оқулықты пайдалану өте тиімді деп ойлаймын.Онда әр тарауда тақырыптың
мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша-орысша
сөздік,кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер,бақылау
жұмыстары қамтылған.Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық
тәжірибелер оқушыларға технологиялық құбылыстарды көрсете отырып,
түсіндіруге ыңғайлы. Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест
тапсырмалары берілген.Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру
деңгейіне сай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі.Бұл әдіс оқушының
білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.
Электрондық оқулықтарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар
зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын
жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулықтың бағалық-
нәтижелік бөлігі тестер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап
бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.
Оқытудың компьютерлік технологиясының оқыту үрдісінде кеңінен енуі
оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып,
электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға
баулиды. Әрбір оқушы электрондық оқулық бойынша таңдалған тақырып негізінде
тапсырмалар, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға
дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер,
дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға
жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын
сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.
Электрондық оқулықтар болашақ мұғалiмдерге үлкен ақпараттық бiлiм
алқабына жол көрсетедi. Электрондық оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға
болады:
• теориялық материалды өз бетiмен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкiндiк
бередi;
• сабақты иллюстрациялық материал ретiнде жабдықтауда көмектеседi;
• сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетiмен әртүрлi деңгейлi,
шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкiндiк берiлген;
Қалыпты мектеп сабағын,қазіргі педагогикалық және оқытудың ақпараттық
технологияларын ескере отырып,интерактивті оқыту әдістерінің төмендегідей
жетілу мүмкіндіктері бар:
1.Модельдерді жасау және көрсету,презентациялау.Қажетті бағдарламаны
қамтамасыз етіп,интерактивті тақтаға үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды
түсінуді анағұрлым жақсартуы мүмкін.
2.Оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыру.Сабаққа қатыстырып,қызықтыру
интерактивті тақта қолдану есебінен ұлғаюы мүмкін.
3.Сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту.Интерактивті тақтаны қолдану
сабақтың жоспарын,қарқыны мен барысын жақсартуы мүмкін.
Интерактивті тақта –сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды
құрал.Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп
түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін ресурс.Оның ақпаратты түрлі
мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі
зор.Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады.Ол
сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп,қиын мәселелерді шешуге көмектесе
алады.Біздің заманымыз компьютерлендірілген.Оқушыларды
компьютер,интернет,сән журналдары мен әр түрлі оқулықтарды пайдалана
отырып,өз қабілеттерін өз беттерінше шығармашылық тұрғыдан дамытуға,көрсете
білуге бағыттап отырамын.
Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:
сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану
тиімділігі;
мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
оқушының пәнге қызығушылығы;
алынған білім, дағды деңгейі;
білімнің тереңдігі;
тексеру түрлері, бағалау;
практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер
әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы
ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған
теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-
әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады.
Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті
сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске
көшу».
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін
меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала
отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей
отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық,
этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Технология сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге,
шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар
отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы
сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы
арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде
инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып
табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол
қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Қорыта келгенде электрондық оқулықты технология пәнінде қолдану барысында
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады.
Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды
молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде
электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының
бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық
материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін
кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. әрбір оқушы
таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және
сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады..
Біз ұлтымыздың болашақ тірегі болатын,сұлу да сымбатты,қайырымды да
инабатты,он саусағынан өнері тамған қазақ қыздарын тәрбиелеуіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әбдіғалиева Ш, «Мектептегі технология».
2. Кенжеахметұлы С «Алматыкітап»
3. М. Махамадиева, Тәжімұратов Д «Шебердің қолы ортақ»
4. Рысбаева Г.Қ. Электрондық оқулықтардың тиімділігі.
Алматы 2004 ж
5.Айтқұлов Оқулық. Технология 6-сынып . 2012ж.
№ 1 Алға мектеп-бақша
Баяндама
Тақырыбы: Қазіргі мектептегі технология сабағында
электрондық оқулықтарды пайдалану
Дайындаған: № 1 Алға мектеп-бақшаның
технология пәні мұғалімі Тилеуберди Л.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz