Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Салт құпиясы

Жобаның тақырыбы: <<Салт құпиясы>>
Жобаның мақсаты: Қазақтың тәрбиеге бастар әрбір салтын білуге және оны орындауға, өскелең ұрпаққа паш ету.
Міндеттері:
1. Салттың бір құпиясын ашып кету.
2. Қазағымның салт-дәстүрілерін жоғалтпай, ұрпақтан - ұрпаққа тарату.
Қазақ халқында салт-дәстүрлер өте көп олардың көбісі бала тәрбиесіне қатысты. Кішкене сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ержетіп өсіп толғанына дейін жасалатын жол-жоралғылардың бәрі баланың дұрыс өсіп, еліне қызмет етуіне қатысты. <<Бала -елдің болашағы>> деген мақал-мәтелдер де осы қазақтың осындай салттарына қатысты айтылса керек. Қазақ халқының осындай дәстүрлерінің бірі <<Тұсау кесу>>. Осы <<Тұсау кесу>> салтын дұрыс сақтамай кеткен бір қазақ отбасының жайы туралы айтпақпын.
Қазан төңкерісі тұсында бір адам өмір сүрген екен. Әлгі адам үйлі баранды болады. Өзі жоғары биілікке дейін көтеріледі. Бірақ әлгі адамның басынан қайғы арылмайды. Баласын өзіне қас болып жүрген қарақшылар тірідей жөнделіп жатқан асфальт жолдың астына көміп тастайды. Баласының қазасы жанына батқан анасы жындыханаға жатқызылып, бір күнде отбасы тас-талқан болады. Өзіде жоғары лауазымға ертең сайланасың десе, келесі күні бір жамандыққа тап болып отырады. Биікке қанша талпынса да, сағы сына береді. Бірде әлгі адам көрші қалаға ұшақпен ұшып келеді. Өзінің туып өскен қаласын аралап жүріп, өзі тұрған бір үйге келеді. Жасы үлкейіп қария болса да өзінің үйін көргісі келеді. Үйдің бөтен қожасы оны жақсы қарсы алады. Әлгі адамға шай береді. Дастархқан басында қария өзінің басындағы бар болған жайды әлгі үй иесі әйелге баян етеді. Сонда үнсіз тыңдап отырған әйел қарияға бір ғана сауал қояды. Дөрекілігіме кешіріңіз, бірақ сіздің тұсауыңыз кесіліппе еді-дейді.
Алпысты алқымдап қалған қария сасып қалып, онысын білмейтінін айтады. Сонда әйел сөзін жалғап, менің мұндай сұрақ қоюым егер, адамның тұсауы кесілмесе оның жүрер алдыңғы жолы жабық болады екен деп сөзін тауысады. Ата-анасының қалада өсіп, қазақша тәрбие бермегенін және осындай салтты еш сақтамағаны есіне түсіп, қария қазақтың осындай салтын сақтай білмеген өз әке-шешесіне наразы болады. Қапыда отбасы мен баласынан айрылған қария көзіне жас алып, әлгі әйелге енді тұсауымды кессем бола ма деген екен. Сіздің жасыңыз өтіп кетті, бірақ мен үлкен адамның тұсауы кеспеген екенмін,-деп орнынан тұрап, әлгі адамның тұсауын кесіп салттың жоралғысын жасайды. Кейін әлгі адамның тағы бір отбасы құрып, бақытты ғұмыр кешкенін естиді.
(слайдқа қарап сөйлеу)

Кезкелген салттың өзінің тәрбиелік мәні мен құпиясы болады. Тұсау кескеннен кейінгі айтылатын өлеңнің өзінде де терең мән жатыр. Мысалы:
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін.
Ақ жол тілеп жолыңа, ақ батамды берейін.
Сондықтан жас өсіп келе жатқан бүлдіршін балалардың обалына қалмай, әрбір салт-дәстүрді білген абзал. Егемендігіміз жанданған мына кезде, салт-дәстүрді ұмытпайтынымыз белгілі. Сонда да осы жобам арқылы жас отбасыларға айтарым, намыстанудың еш қажеті жоқ, балаңыз дұрыс өссін десең, дәстүрді біл дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. <<Аруна>> баспасы мектеп жасындағы балаларға арналған <<Сен білесің бе?>> атты тарихи-этнографиялық кітап . Оның ішіндегі <<Ұлттық киімдер>> топтамасы.

Жобаның тақырыбы: <<Ұлттық киім түрлері>>
Жобаның мақсаты: Ертедегі қазақтардың киген киімдерін талдау және оның неден жасалғанына тоқталу.
Жобаның міндеттері:
1. Бабаларымыздың киген киімдерінің қалай жасалғанын және оның аталу себептерін ашу.
2. Қазақтың киімге байланысты ырымдарына баса назар салу және оны тұрмыстық өмірдеде қолдауға ықпал ету.
Қазақ халқы үстіне киген киімге басты назар аударған. Көшпелі халық болғандықтан басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктері бар. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол- біздің ұлттық мәдениетіміз болып саналады.
Ертеде хан үстіне киер киім тігуге барлық жердің тігіншілерін шақырады. Онда араб, парсы, дүнген секілді әртүрлі ұлттар болады. Олар бірігіп жеңі ұзын, білек көрсетпес, етегі ұзын сан мен балтыр көрсетпес әйелдер мен ерлер киімін тігеді. Қазақта жалаңаш тәнін көрсетіп жүру оғаш, жат қылық болған. Ондай адамдарды ауылдан аластатқан. Себебі кесірі тиіп кетер деген. Ханның көңілінен шыққан осы киімдерді қазақ халқы өздерінің ұлттық киімдеріне жатқызады.
Киімдер матадан тағыда киізден, теріден, жүннен жасалған. Егер матадан тіксе ол бағалы матадан болған.
Киімдер үлкен екі топқа бөлінеді. (слайдқа қарап)

1. Ерлер киімі.
2. Әйелдер киімі.
Ерлер киімдері : Айыр қалпақ, оқалы шапан, жарғақ шалбар,тымақ, ішік, саптама етік болып бөлінген. (слайдқа қарап)

Айыр қалпақ- аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдар бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салып, алтын жіппен әшекейленеді. Оны ертеде, хан-сұлтандар киген.
Тымақ-қазақта тымақтың түрлері көп, соның ішіндегі ең бағалысы - түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағы түлкі терісінен тігіледі де сырты мақпал мен пүліштен тігіледі.
Оқалы шапан-қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек-жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек салынып, оны өсімдік тектес оюлар салады. Ертеде мұндай шапандарды хан-сұлтандар, балалар киетін болған.
Ішік-сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киімі. Терісіне қарай: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, нышпақ ішік деп бөлінген.
Әйелдер киімдері: сәукеле, бүрмелі көйлек, камзол, кимешек,бөрік, тақия, көкірекше. (слайдқа қарап)

Сәукеле-ұзатылған қыз-қалыңдық киетін бас киім. Оны сом күмістен құйып, төбесіне үкі тағып, маңдайына жақұт қояды.
Бүрмелі көйлек-жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадан тік жаға, кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады.
Камзол- шапанға қарағанда ықшам, қысқа көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді киім.
Кимешек-егде әйелдер бас киімі. Ол көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады.
Әрбір тігілген киімге ою салған. Олар: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, түйе көз, құс қанат. Олардың өзін киімнің көлеміне қарай келтіріп отыраған. Үлкен киім болса, онда қошқар мүйізді бұзбай салып, етегіне шейін көмкерген.

Қазақ киген киімнің әрбір жерін мұқият бағып отырған, егер бір жері қате болса соны ырымдаған.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді. Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: <<Киімің күйрек, жаның берік болсын!>> деген тілек айтады. Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқкиімнің табанына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: <<Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды>>, Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, <<жолын ашу>> ырымын жасайды.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды. Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.

Ар - намысты жоғары қойған қазақтың дәстүрден басқа осындай киімдері болған. Қазақтың киімдерін біліп жүру әрбір қазақтың міндеті. Мысалы: кәрістердің кезкелген киносын көрсең олар, өздерінің ұлттық киімдерін ғана киіп, өздерінің өсіп келе жатқан ұрпақтары ұмытпасын дейді. Бізде осындай ұлттық құндылықтарымызды жоғалытып алмау үшін жоба қорғап тұрмыз. Бірақ келешекте қазақ кіимдерін насихаттаушы болатыныма сенімдімін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. <<Аруна>> баспасы мектеп жасындағы балаларға арналған <<Сен білесің бе?>> атты тарихи-этнографиялық кітап . Оның ішіндегі <<Ұлттық киімдер>> топтамасы.

Ұқсас жұмыстар
Мақсатты келер шақ
Салауаттылық-өмір негізі жайлы ақпарат ( 9 сынып )
Қазақ-қонақжай халық жайлы ақпарат
Жан саулығы 4 сынып
Шешендік өнер
Киелі сандар сыры
Менделеев тобы
Киелі сандардың құпиясы
Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Пәндер