Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда поэзияның рөлі


Оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда
поэзияның ролі

Еліміздің тәуелсіздік алып, өркениетті ел болуы үшін жас ұрпақты
білімді әрі тәрбиелі, өз Отанын жанындай жақсы көретін, құрметтейтін,
қорғайтын парасатты саналы азамат етіп тәрбиелеп шығару, олардың
жан-дүниесін, әсемдік өркениетке сай рухани қазыналарын байыту, ата-
бабаларымыздың дәстүрлерін, озық өнегелерін, ой-санасын әрбір
педагогика саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымының ең үлкен
парызы деп есептеймін. Сондықтан оқушылардың бағалы және нақты
құзыретілігін қалыптастыру мақсатында өзімнің өткізіп жүрген
сабақтарымда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып отырамын.
Өлең - тәрбие құралы. Көне заманнан бері халқымыз тәрбие құралы
ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен
терме, баталарды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді,
ырым-тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып
отырды.
Поэзия - әлем құбылыстарының жиынтығы. Поэзияны оқығанда жан-
дүниеңмен түсініп оқу керектігін түсіндіріп, сезімінің сүзгісінен
өткіздіремін.
Поэзияны оқу арқылы оқушы жүрегінен жол тауып, сөз әлеміне енгіземіз.
Сөз қадірін, парқын пайымдайтын баланың рухани дүниесі бай, эстетикалық
талғамы жоғары, біліктік деңгейі өмірге бейім, адамгершілігі ізгілікке толы
азамат болады.
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті
тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға
алып, жарақты жауды тоқтатып» елі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ,
туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты
үгіттеймін.
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясындағы шығармашылығының тәлім-тәрбиелік мәні
зор ақын -ағартушы – Ыбырай Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын іске
асыруда өлең сөзінің құдіретін де жан-жақты пайдалана алды. Ыбырай
шығармаларының мазмұны тәрбиенің әр бағытына сәйкес ойлардың өзегі болғанын
ескерсек, эстетикалық тәрбие соның ішіндегі ең көп қарастырылғаны болып
келеді. Біз мұны «Өнер-білім бар жұрттар», «Жаз», «Өзен», «Өсиет өлеңдер»,
«Әй, достарым», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары» өлеңдерінен анық
байқаймыз. Алтынсарин өлеңдерінде эстетикалық тәрбиенің қандай болу
қажеттігі туралы айтылып қана қоймай, оны беру жолдары да сөз болады, бұл
оның білім-тәрбие беру ісімен тікелей байланысты болғандығымен
түсіндіріледі.
Мысалы, 5-сыныпта Абайдың «Қыс» өлеңінде өлеңнің көркемдік қуатын
оқушылар санасына жеткіземіз. Өлеңдегі табиғат суретін көз алдына елестете
отырып, адамның табиғатпен байланысына назар аударамыз да баланың жерін,
Отанының әсем табиғаты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелейміз. Шығарма
арқылы оқушының эстетикалық қабілетін күшейтіп, сана-сезімінде көркем бейне
қалыптастырамыз. Ал, енді Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі арқылы
оқушының дүниетанымын, оның ізгілік іске бейімділігін дамытып, ғылым жию
іскерлігін ширатуға болады.
Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев өлеңдері жоғары пафоспен көтеріңкі көңілімен,
сүйіспеншілікпен оқылады. Мысалы, «Сағындым» өлеңін өткенде оқушыны
ақынның сағынышы, ақынның қасіреті толғандырмай қоймайды. Өлең -
трагедиялық өлең, лирикалық кейіпкердің басынан өткізген азапты күндері,
тар қамауда күн сәулесін көрмей отырып, ақынның рухы төмендемей, асқақтай
сөйлейді. Ақынның
«Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер.
Істей берсін қолдарынан келгенін, - деп халқы үшін өзін құрбандыққа
шалып отырған өлең арқылы оқушының туған анасын еркелетіп өсірген ағайын-
туысына сезімін, туған елге деген сағынышын күшейтеміз.
Ал, ақынның «Балалық шақ» атты өлеңін оқытқанда Абайдың «Ғылым таппай
мақтанба» өлеңімен салыстырып ұқсастығын талдап, оқу-білімге, білімнің
пайдасын ұғындыруға тәрбиелейміз.
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі арқылы сұлулықты көре білуге,
бағалауға баули отырып, сулылыққа оқушының қатынасын қалыптастырамыз. Жек
көру мен сүйіспеншілік, жауыздық пен аяныш сезімдерін қатар қойып,
адамгершілікті қалыптастырамыз.
Поэзия - өнердің бір түрі. Оның бойында сурет пен үн «музыка» тоғысы
болады. Поэзия өнердің басқа түрлері сияқты адамды рухани жағынан
толықтырып, терең толғанысқа түсіреді. Сезімін күшейтеді. Өмірге
қызығушылығын арттырып, рухани байытатын және оқушыны жас кезінен жеке
тұлға болып қалыптасуына, шығармадағы лирикалық кейіпкер тағдырына қуанып,
қайғырып, ортақтастыруға әсері болады.
Оқушының бойындағы асыл қасиеттерді поэзия арқылы тереңірек тәрбиелеуге
әбден мүмкіндік бар. Менің алдыма қойған негізгі мақсатым – поэзия арқылы
оқушының рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық
көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта-
ықыласты биік талғамды қалыптастыру; логикалық ойын ауызекі және жазбаша
тіл мәдениетін қалыптастыру; бір сөзбен айтқанда жеке тұлғаны дамыту.

Дайындаған: Бөкенбаева Ханзия Әметқызы
Бейнеу ауданы
Сыңғырлау мектебі


Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Әдебиет сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Еңбек тәрбиесі
Сабақ процесіндегі ұлттық ойын түрлері
Жеке тұлғаға қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ
Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту
Музыка пәнінен оқу бағдарламасы
Мемлекет пен дін ара қатынасын үйлестірудегі дінтану білімінің орны
Пәндер