Өзен. 4-класс. ана тілі

4-сынып Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: «Өзен» Ы. Алтынсарин.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқыта отырып, оқу дағдысын қалыптастыруБаланың ой-өрісін, қиялын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өлеңнің мазмұнын түсіне білуге, өлеңдегі жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіріп, мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылылығы: оқушыларды әдеби шығарманы сүйіп оқуға баулу. Тақырыпқа сай мәселелерге сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік туғызу, дамыту.
Тәрбиелілігі: суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға өзін қоршаған табиғатпен тығыз байланысымыз бар екенін ұғындыру. Табиғат берген байлықты қорғауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, интерактивті тақта, ребустар, карта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару. Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.
Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша. Ауа-райы қандай? Тамаша. Сабаққа дайынбыз ба? Ия.
Оқушыларды әр түрлі түстерді таңдау арқылы 3-топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. Білімді жан-жақты сұрау, тексеру. Бөлімге арналған сұрақтар мен тапсырмалар (Жазбаша орындау, ауызша айтып беру. )
Жаңа материалды игеруге дайындық(« ребус шешу. «Өзен» өлеңі.
- Балалар мына тақтаға зер салып қараңдаршы. 1-ден 4-ке дейінгі ұяшық берілген. Сол ұяшықтың артында жасырылған сұрақтар бар. Сол сұраққа жауап берсек, бүгінгі тақырыпқа байланысты сурет шығады . Әр топтан оқушылар жауап береді.
1- сұрақ. Ы. Алтынсарин кім?
2- сұрақ. Ы. Алтынсарин қай жылы мектеп ашты? 1864 жылы 8-қаңтарда мектеп ашты.
3- сұрақ. Қандай әңгімелерін білесіңдер?
« Таза бұлақ, »Әке мен бала», «Ананың сүті», Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асан мен Үсен» Өсиет», «Екі шыбын», «Баланың айласы».
4-сұрақ. Қандай өлеңдерін білесіңдер? «Кел, балалар, оқылық», « Өнер, білім бар жұрттар» «Жаз», «Өзен»
4 Жаңа сабақ. «Табиғат менің өз үйім» тарауы Ы. Алтынсаринның «Өзен» өлеңімен басталыпты.
Олай болса, бәріміз оқулыққа зер салып қарайықшы.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Мазмұнын айтып беру.
Сөздік жұмысы: Қынарда-жағасында.
Жанабында-маңайында.
Әр топтан 1 оқушыға оқытып, мазмұнын айтқызу.
Сергіту сәті:
Сабақты дүниетану мен байланыстыру. 3-топқа 2-сұрақтан беріліп, . оқушылар жауап береді.
1. Өзен қайдан пайда болады? ( Тау мұздықтары, жер асты сулары, батпақ көлдер, қар, жаңбыр . )
2. Өзеннің қандай түрлері бар? ( Тау өзені, жазық өзені)
3. Өзен қай кезде тасиды? Оны не дейді? ( Тасқын дегеніміз-аса күшті жаңбырдан, қар мен мұздықтардың еруінен су деңгейінің көтерілуі. )
4. Қазақстанның өзендерін ата. ( картамен жұмыс) ( Есіл, Нұра, Сырдария, Іле, Ертіс, Жайық, -бұлар үлкен өзендер. )
5. Қазақстандағы ең ұзын өзен қайсы? ( Ертіс- 4248 км)
6. Біздің обылыстағы өзен аты?
5. Дәптермен жұмыс:
Мақал-мәтелдің жалғасын табу. 3-топқа мақалдар беріледі. Жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріп, дәптерге жазады. 1-топ- Бір кісі қазған құдықтан . . . 2-топ- Сыйлап берген . . . тәтті. 3-топ- . . . да сұрауы бар.
6. Жаңа сабақты бекіту:
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік жаман бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін., - деп сабағымызды аяқтаймыз.
7. Оқушы білімін бағалау. 8. Үйге тапсырма беру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz