Файл қосу

Ұлы жеңіске қосылған үлес


«Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәні 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: § 51. Ұлы Жеңіске қосылған үлес.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан Әлия, Мәншүк, Бауыржан,
Талғат секілді батырлардың ерліктері, сұрапыл жылдардың тарихта алатын
орны туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте
отырып, тарихи оқиғаларды есте сақтау, шығармашылық жұмыс істеу
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұлы жеңістің тарихи маңызын түсінуге, батырларды құрметтеп,
ерліктерін паш етуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс, зерттеу, баяндау,
топтастыру, эссе, бес жол өлең.
Көрнекілігі: Карта, «Кеңес Одағының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы»
бейнефильмінен үзінді, слайдтар, фотосуреттер, кітаптар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа ден қою)
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз! – дей отырып, оқушылар, сабағымызды
бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Оқушылар, «Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп
жарытпас» деген сөз бар. Ендеше, ел тарихында сын кезең болған Ұлы
Отан соғысы жайлы сөз қозғайық.
1. «Кеңес Одағының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» бейнефильмінен
үзіндіні көрсету.
2. «Қазақстан-Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбы бойынша бір оқушының
хабарламасы тыңдалады.
3. - Оқушылар, соғыс болып жатқан және жау қолында қалып қойған
аймақтарды картадан көрсетіңдер (Украина, Белоруссия, Ресейдің қалалары -
Мәскеу, Сталинград, Ленинград).
4. Тест тапсырмалары:
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
А) 1939 жылы
Ә) 1941 жылы
Б) 1938 жылы
В) 1940 жылы
2. Ұлы Отан соғысы жылдары қанша қазақстандық армия қатарына алынды?
А) 1 млн 200 мың
Ә) 1 млн 300 мың
Б) 1 млн 400 мың
В) 1 млн 500 мың
3. КСРО - ның батыс өлкесінен Қазақстанға қанша зауыт, фабрика көшірілді?
А) 110
Ә) 250
Б) 220
В) 80
4. 1930 - шы жылдардағы халықаралық қатынастардың барысы қандай соғыстың
басталуын жақындата түсті?
А) Ұлы Отан соғысы
Ә) Бірінші дүниежүзілік соғыс
Б) Азамат соғысы
В) Екінші дүниежүзілік соғыс

5. Қай жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетті?
А) 1931 жылы
Ә) 1932 жылы
Б) 1933 жылы
В) 1934 жылы
6. 316- шы атқыштар дивизиясы қай қаланы қорғау үшін шайқасты?
А) Ленинград
Ә) Мәскеу
Б) Невель
В) Сталинград
7. Генерал - майор И.В.Панфилов қай дивизияны басқарды?
А) 238 - атқыштар дивизиясы
Ә) 310 - атқыштар дивизиясы
Б) 314 - атқыштар дивизиясы
В) 316 - атқыштар дивизиясы
8. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз
денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты?
А) Бауыржан Момышұлы
Ә) Мәншүк Мәметова
Б) Әлия Молдағұлова
В) Сұлтан Баймағамбетов
9. Ленинград қаласы жау қоршауында (блокада) қанша күн тұрды?
А) 70
Ә) 80
Б) 900
В) 100
10. Ленинград үшін болған шайқасқа қатысып, ерліктің үлгісін көрсеткен
қазақстандық атқыштар дивизиялары:
А) 238, 214 - атқыштар дивизиялары
Ә) 314, 316 - атқыштар дивизиялары
Б) 310, 314 - атқыштар дивизиялары
В) 316, 318 - атқыштар дивизиялары

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспары:
1. Әлия Молдағұлова
2. Мәншүк Мәметова
3. Бауыржан Момышұлы
4. Талғат Бигелдинов
5. Естен кетпес сол бір күндер

(Жаңа тақырыпты дәптерге жазғызу, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру).

- Оқушылар, ұлы Жеңіске үлес қосқан аға, апаларымызды сендер бастауыш
сыныптан білесіңдер, солардың өмірі жайлы не білесіңдер? (оқушылар пікірі
тыңдалды).
А) Тұлғалармен таныстыру: Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Талғат туралы 4
оқушы мәлімет береді, топтастыру әдісі қолданылады, мұғалім қосымша
деректермен таныстырады.
Ә) «Естен кетпес сол бір күндер» тақырыпшасын мұғалім түсіндіреді.
Ұлы Отан соғысы кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Соғыс
жылдары КСРО бойынша 11600- дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры
атағын алды. Соның 497- сі қазақстандықтар, ал 97-сі қазақтар болды. Ұлы
Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш қазақстандық
жауынгер К.А.Семеченко алды (1941 жылы 22 шілдеде). Кеңес Одағының Батыры
атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Ж.Елеусізов еді. 1941-1945
жылдары соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жазушылары қатысты.
1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның
астанасы Берлин төбесіне қызыл ту тікті. Қазақ азаматы Р.Қошқарбаев 1945
жылы 30 сәуірде жауынгер Г.Булатовпен бірге Рейхстаг төбесіне ту тікті.
1999 жылы Р.Қошқарбаев Халық қаһарманы атағымен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы 1945 жылы аяқталып, Германия өзінің жеңілгендігін
мойындағанымен, Екінші дүниежүзілік соғыс әлі біткен жоқ еді. Германияның
одақтасы Жапонияға қарсы соғыс 1945 жылдың қыркүйегіне дейін созылды.
Сөйтіп, адамзат тарихындағы ең апатты Екінші дүниежүзілік соғыс 2
қыркүйекте Жапонияның тізе бүгуімен аяқталды.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен
4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала, 70 мыңдай ауыл, селолар қирады. Ұлы
Отан соғысы Кеңес елі халықтарының достығын нығайтты. Жеңіс КСРО-ға төнген
отарлық қауіптен құтқарды.

Тапсырма № 1 Терминологиялық жұмыс.
1)________ - агрессорлармен болатын бүкілхалықтық, әділетті азаттық
күрес.
2)________ - 1939 ж. 1 қыркүйек – 1945 ж. 2 қыркүйек.
3) _______ - дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысатын кертартпа топ,
бірлестік.
4)_______ - мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын,
егемендігін әскери күшпен бұзу.
5)________ - қару-жарақтар қоймасы.

Тапсырма № 2 Сәйкестендіру

[pic][pic]

Тапсырма № 3
[pic]

Тапсырма № 4
[pic]

Тапсырма № 5
«Сандар сыры»

Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО ________ млн азаматынан айырылды, оның
шамамен _______ мыңы қазақстандықтар. ______ қала, ______ мыңдай ауыл,
селолар қирады.

Соғысқа қазақтың _______ жуық ақын, жазушылары қатысты.

Тапсырма № 6
[pic]

ІV. Қорытындылау:
- Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен
ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп,
әлем алдындағы беделі асқақтай түсті. Оқушылар, жаңа тақырыпты басшылыққа
ала отырып, мына тапсырмаларды орындайық:
1) Ұлы Жеңіске байланысты 5 жол өлең жазу.
2) «Сіздің жеңісіңіз- біздің
мақтанышымыз» тақырыбында эссе жазу.
3) Ақындардың Жеңіске арнаған өлеңін мәнерлеп оқу.

- Оқушылар, сендердің бақытты балалық шақтарың, біздің жарқын, бейбіт
өміріміз сол кісілердің арқасы.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.
Отанының бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңде ұста, құрметте!

V. Үйге тапсырма беру: § 52 мазмұндау, ата-анаңмен бірлесе отырып, Торғай
өлкесінен шыққан Ұлы Отан соғысы батырларының тізімін жасаңдар.

-----------------------

«Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу!»

Жамбыл ақынның жауынгерлерге рух берген өлең жолдары

Блокада

“Өмір жолы”

“Барбаросса”

Б. Бейсекбаев

Ж. Елеусізов

Р. Қошқарбаев

Е. Булатов

К.А.Семеченко

Ол кім? Бұл не?

6 айдан кем емес еңбек еткен тыл ардагерлері -__22_

“Ерен еңбегі үшін” медалінің иегерлері -_9__

“Ағам да, апам да жоқ,
сондықтан менің
өзімді майданға
жіберуді өтінемін ”

“Ленинградтық өренім,
Мақтанышым- сен едің!”

“Біздің үрейді жеңетін
ең күшті қаруымыз бар,
ол- Отанға деген
сүйіспеншілік”

М. Мәметова былай
деп майданға сұранды:

Б. Момышұлы былай
деп жазды:

Саяси жетекші
В.Г. Клочковтың
әлемді шарлаған сөзі:

Арқалық төңірегінің
жеңіске қосқан үлесі

Ұлы Отан соғысының ардагері-__0_

А. Құнанбаев атындағы № 6 орта мектепке қатысты
5 мөлтек аудан бойынша жеңіске қосылған үлес

Шығармашылық жұмыс

6 айдан кем емес еңбек еткен тыл ардагерлері- 383

“Ерен еңбегі үшін” медалінің иегерлері -_114__

Ұлы Отан соғысының ардагері-___16

Шығармашылық жұмыс


Ұқсас жұмыстар
Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренім
Ұмытылмас ерлік
Отан үшін алға
Бақытты сәт білім сайысы
Болашақтың бақытына бастар бағдарлама
Отан сүйер ұланбыз
Ол күндер мәңгі есте сақталады. 11 сынып
"ер есімі- ел есінде" тәрбие сағаты
Ардагерлерімізге мың алғыс
Рахмет сіздерге батыр аталар
Пәндер