Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Жұлдызды сағат ойыны
[pic]
Сабақтың мақсаты: «Физика және астрономия-табиғат туралы ғылымдар. Заттың
құрлысы. Қозғалыс. Масса және күш» тарауы бойынша негізгі ұғымдарды бекіту;
оқушылардың пәнге деген танымдылық қызығушылығын дамыту және ойлау
қабілетін арттыру.
Сабақ барысы
Ойын тәртібі
Ойынға сегіз оқушы қатысады, сынып ішінен ойыншыларды іріктеп алу үшін
физикалық құбылыстарға байланысты сұрақ қойылады. Сол сұраққа жауап берген
оқушы ойынға шақырылады. Ойын үстелінде нөмірмен белгіленген (1,2,3,4,5,6)
таяқшалар жатады. Әр турда сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапты көрсету үшін
ойыншы сұрақ нөміріне сәйкес таяқшаны көтеру керек. Дұрыс жауап берген
оқушыға бір жұлдызша беріледі. Әр тур сайын жұлдызшалар саналып
отырады.жұлдызшасы аз оқушы ойыннан шығады. Ақтық ойында екі оқушы сайысқа
түседі. Ойын соңында жеңімпаз жұлдызды сөзін сөйлейді.
1.Ойынға қатысушыларды іріктеу
1-сұрақ: Қатты денелерде диффузия құбылысын қалай жеделдетуге болады?
-Қатты денелерде диффузия құбылысын жеделдету үшін дене температурасын
жоғарлату керек, жоғарғы температурада диффузия құбылысы тез жүреді.
2-сұрақ: Неліктен вертикаль жоғары лақтырылған доп жерге түседі?
Себебі әлемдегі барлық денелер бір-біріне тартылады. Бұл жағдайда допқа
Жер тарапынан тартылыс күші әрекет етеді.
3-сұрақ: Неліктен тайғақ,мұзды жолдарда құм төсейді?
Үйкеліс күшін арттыру үшін.
4-сұрақ: Қандай күштің әсерінен бұлттан пайда болған бұршақ жерге жауады?
Бұршақ ауырлық күшінің әсерінен жауады.
5-сұрақ: Шөмеледегі пішенді тюк жасап престегенде оның массасы өзгегере
ме?
Жоқ. Массасы өзгермейді.көлемі кемиді.
6-сұрақ: Аузы тығындалған бөтелкеге жартысына дейін су құйылған.
Бөтелкенің жоғарғы жағында су жоқ деп айтуға бола ма?
Бөтелкенің жоғарғы жағында су болады,бірақ ол басқа күйде-газ тәрізді,су
буы түрінде болады.
7-сұрақ: Неліктен стол үстіндегі сия дақтарын ол төгілісімен тазарту
оңайырақ та, ал ол кепкеннен кейін тазарту қиынырақ?
Егер дақ пайда болған мезеттен бастап көп уақыт өтпеген болса,онда бояушы
заттың молекулалары материалға терең еніп үлгермейді. Уақыт өткен сайын
бояудың ену тереңдігі болып жатқан диффузияның салдарынан арта түседі де
дақты кетіру қиынға түседі.
8-сұрақ: Неліктен жүк көтерктің кранға жүкті дереу қатты көтеруге
болмайды?
Ілініп тұрған жүк өзінің тыныштық күйін сақтауға тырысады. Ал кран жүкті
дереу көтегенде жіп үзіліп кетеді(Инерция құбылысы)
1-тур
Тақтада нөмірмен белгіленген физик ғалымдар белгіленген:
|1.Попов А.С |2.Әбу Насыр әл-Фараби |3.Циолковский К.Э |
|4.М.Ұлықбек |5.Әубәкіров Т |6.Аристотель |
1-сұрақ: Ғылымға «физика»-деген сөзді енгізген ғалым кім?(Аристотель)
2-сұрақ: Самарқанда астрономия маласында өшпес із қалдырған кім?(М.Ұлықбек)
3-сұрақ: Ең алғаш радионы ойлап тапқан орыс ғалымы кім?(Попов А.С)
4-сұрақ: Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?(Әубәкіров Т)
5-сұрақ: Радиоактивті қозғалыс заңдарын зерттеген ғалым-инженер
кім?(Циоковский К.Э)
6-сұрақ: «Физика» сөзінің мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз»
атанған ұлы бабамыз кім?(әл-Фараби)
2-тур
Демонстрациялық столға назар аударыңыздар. Столға әр түрлі тәжірибелер
жасау үшін қажет құрал-жабдықтар қойылған қай құрал қандай тәжірибе жасау
үшін қажет екендігіне жауап берулеріңіз керек.
|1.Су құйылған мензурка |2.Сызғыш пен білеуше |3.Жіпке ілінген шар |
|4.Су құйылған пробирка,|5.Мензурка, таразы, |6.Мензурка, таразы, |
|құрғақ спирт, сіріңке |кірлер, жүк. |кірлер, жүк,су құйылған|
| | |ыдыс. |
1-сұрақ: Білеушенің өлшемін анықтау-2
2-сұрақ: Сұйықтың көлемін анықтау-1
3-сұрақ:Сұйықтың тығыздығын анықтау-5
4-сұрақ: Ауырлық күшін анықтау-3
5-сұрақ: Дененің массасын оның тығыздығы мен көлеміне байланысты анықтау-6
6-сұрақ: Дененің өлемінің температурасын өзгерткенде өзгеретінін бақылау-4
3-тур
Тақтада біздің ата-бабаларымыз қолдаған өлшем бірліктер берілген:
|1.Шақырым |2.Шаршы |
|3.Пұт |4.Қас-қаққанша |
1. Уақыттың өлшем бірлігі секунд бұрынғы уақытта қалай аталған? (қас-
қаққанша)
2. Ертедегі ата-бабамыз қолданған масса бірлігі? (пұт)
3. Қазақ қыздарының тағатын орамалының өлшемі? (шаршы)
4. Қазіргі орын ауыстырыру бірлігі километрді ата-баабмыз қалай атаған?
(шақырым)
4-тур
|1.Р=F/S | 2. υ =S/t |3. m=pV |
|4. P=mg |5. p=m/V |6. F=mg |
1.Тығыздықтың формуласы-5
2. Дененің салмағының формуласы-4
3. Қысымның формуласы-1
4. Дененің массасының формуласы-3
5. Ауырлық күшінің формуласы-6
6. Жылдамдықтың формуласы-2
5-тур
Жылдамдықтары ауыстырылып әр түрлі денелер берілген:Солардың дұрыс жауабын
көрсету керек.
|1. Жеңіл автомобиль-1,7м/с |2. Жаяу адам-15 м/с |3. Көгершін -0,0014 м/с |
|4. Қоян-40 м/с |5. Ұлу-30 м/с |6.Жарық жылдамдығы-3*108|
| | |м/с |
1. Жеңіл автомобиль-4
2. Жаяу адам-1
3. Көгершін -5
4. Қоян-2
5. Ұлу-3
6. Жарық жылдамдығы-6
6-тур
Берілген әріптер арқылы 1 минут уақыт ішінде ең ұзақ физикаға байланысты
сөз жазу керек.
М |У |Е |Т |Я |Р |А |И |З |Н |Ү | |
7-тур
Ақтық ойын. Ақтық ойыға қатысатын екі оқушы «Динамометр» деген сөз
ішіндегі әріптерді пайдалана отырып, өмірде нақты бар заттарды жазып шығу
керек.
Д |И |Н |А |М |О |М |Е |Т |Р | |
Жұлдызшаны көп жинаған оқушы ойын жеңімпазы болады.
[pic]
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz