Бастауыш сынып сабақтарында денсаулық сақтау технологияларын қолдану

Илимбаева А. Б.

Денсаулық сақтау әдісін қолдану және меңгеру.

Сабақтарда денсаулық сақтау технологияларын қолдану жолдары.

Кемелді келешек білімдінің қолында десек, ол үшін баланың денсаулығына мұқият болуымыз керек. Халықтың әлеуметтік тобының көпшілігін балалар құрайды. Баланың денінің сау болуы ата-ананың сондай-ақ ұстаздардың да ойын алаңдатады. Денсаулық деген не? Денсаулық 6 түрге бөлінеді (физикалық, психикалық және интелектуалдық, жеке денсаулық, эмоцияналды денсаулық, рухани, әлеуметтік)

  1. Физикалық денсаулық- ешқандай дене аурулары жоқ, шыныққан және жаттыққан дене.
  2. Психикалық және интелектуалдық денсаулық- ақыл-есінің толықтығы яғни білімді қабылдау және оны өзбетінше ой жүйесімен саралап қарау.
  3. Жеке денсаулық- адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, өмірге деген талпынысы бар.
  4. Эмоцияналды денсаулық-өз сезімдерін түсінетін, өзәне-өзі тоқтам, бақылау керек кезінде сезімін түсінікті деңгейде шығару.
  5. Рухани денсаулық-бұл адам өмірінің орталығы мораль, тәртіп және мейірімділік пен қайрымдылық, әдемілікті қабылдау этикасы.
  6. Әлеуметтік денсаулық-адамның материалды жағдайы, тұрмыстық өмірі.

Осындай қасиеттері бойынан табылған адамды ғана дені сау адам деп атауға да болады.

Бастауыш сынып оқушыларының денінің сау болып, психологиялық болсын физикалық тұрғыда дайын болып өсіуіне тағы бір себеп өздеріннің алатын білімдерінің тиімділігінде болмақ. Қазіргі таңдағы білімге қойылатын талаптарға қарай біз көбіне бала денсаулығына емес, өтілетін тақырыптарымыз бен берілетін тапсырмалар мөлшерін орындағанды ғана дұрыс көреміз. Базалық білім мазмұнын орындамас бұрын ондағы қойылатын талаптар бала денсаулығына қатты әсер етеді. Кезкелген пәнді алсаңызда өте күрделі материалдар. Әсіресе ана тілі яғни әдебиеттік оқу пәні бастауыш сынып үшін алынбайтын қамалмен тең. Ал бастауыш сыныпта тек сабақтың көп бөлігі ойын арқылы болуы қажет. Кезкелген сабақтарда сергіту сәттері және дамыту жаттығуларына байланысты ойын түрлері сабақтың әр кезендеріне сай қолданылуы шарт. Ана тілі сабақтарында көбіне тірек-сызбалар арқылы түсіндіруге болады. . Егер сол тірек-сызба арқылы мәтін ойын ашып айтса, онда баланың түсінгені деп білеміз. . Қазақ тілі сабақтарында да жаттығудың 1-2 жазғызып, қалған бөлігін ауызша талдау арқылы жасату керек. Не болмаса 7 сөйлемнен тұратын жаттығуды 3 қатарға 2 сөйлемнен ғана жазуға берілуі тиіс. Математика сабағында да 2 есеп келсе соның бірін 1 топ оқушылары ал, 2-ісін 2 топ оқушылары орындайды. Үйге берілетін тапсырма қиын болмауы тиіс. Себебі бала үйде тынығуы шарт яғни 1 тәліктің жарты бөлігін мектепте өткізген бала тәуліктің қалған бөлігінде демалып, тынығуы керек. Бастауыш сынып оқушыларына ереже жаттатуға болмайды. Себебі бала ойында тежелу жүреді. Ережені басқа жолмен қарастырып көрген тиімді. Қаншама ереже бала ойында сақтала бермейді. Ол үшін сызбалар беріліп отырса, бала есінде қатты сақталады.


Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу: 8-сыныптарға арналған әдістемелік жинақ
Дене тәрбиесі сабақтарында жаңа оқыту технологияларын енгізудің тиімділігі
Мектептегі денсаулықты сақтау ортасын қалыптастыру: денсаулық мәдениеті және негізгі факторлар
№4 орта мектепте ағылшын тілі сабақтарында ойын технологияларын қолданудың тиімділігі
Ақпараттық қоғамда оқушылардың шығармашылығын дамыту: ІТ технологияларын қолдану жолдары
Информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесі
Бастауыш сыныпта деңгейлік саралау мен дамыта оқыту технологияларын қолданудың педагогикалық тәжірибесі
Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін бастауыш математика сабақтарында қолдану
Қазақ тілі сабағында ойын технологияларын қолдану: әдістемелік және педагогикалық аспектілер
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағына ойын технологияларын енгізу: әдістемелік негіздері мен әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz