Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде этнопедагогиканың ролі
Илимбаева А. Б.
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде этнопедагогиканың ролі
Орта ғасыр данышпаны Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші керегі білім емес,
тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп айтып өткен болатын. Ғұламаның бұл
сөзінен туындайтын тағылым – тәрбиесіз, өнегесіз берілген білім – жетім,
жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Яғни,
осыдан екеуін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана адам қалыптасады деген
қорытындыға келеміз.
Ал этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым педагогикасының дамуын
зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың,
тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы.
Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірбиесінің мазмұны мен әдіс-
тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылады.
Халықтық педагогикаға келетін болсақ ол - белгілі бір халықтың жас
ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс
–тәжірбиесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым-
этнопедагогика. Олай болатын болса, этнопедагогиканы халық тәрбиесін
зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз.
"Тәрбие- кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз"
(М. Жұмабаев)
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның
аты Адам болады.”Абай Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен
туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен
демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол
неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің
бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен,
үйренсем екен дегені. Жетінші сөз
"Мектептің басты мақсаты - жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге
жақсы тәрбиені қоса беру» М.Дулатов
Этнопедагогика–жас жеткіншекті тәрбиелеудегі халық бұқарасының
тәжірибесін, олардың көзқарастарын, ұлттар мен ұлыстардың тәлім-тәрбиелік
тәжірибе жүйесімен тәрбиелеу.
Мақсаты: бойында «ақыл», «қайырымдылық», «еңбекқорлық» қасиеттері бар жан-
жақты жетілген адамды тәрбиелеу;
Негізгі міндеттері:
➢ Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі ерекшелігін, оның жақсы
жақтарын, қазіргі заманғы бала тәрбиесіне ықпалын айқындау;
➢ Халық тәрбиесінің негізгі категориялары мен заңдылықтарын айқындау;
➢ Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру;
Мазмұны:
➢ ақыл-ой тәрбиесі;
➢ адамгершілік тәрбиесі;
➢ сұлулық тәрбиесі;
➢ дене тәрбиесі;
➢ денсаулық тәрбиесі;
➢ еңбек тәрбиесі;
Халық тәрбиешілері
➢ әке-шешесі;
➢ апа-ағалары;
➢ ауыл үлкендері;
➢ өнер иелері;
Әдіс-тәсілдері:
➢ Әңгімелесу;
➢ Кеңесу;
➢ түсіндіру;
➢ сендіру;
➢ кеңес беру;
➢ тыйым салу;
➢ үйрету;
➢ көрсету, үлгі көрсету,
➢ өтіну, бұйыру,
➢ жаттықтыру,
➢ бата беру, мадақтау, алғыс айту,
Құралдары:
➢ санамақ;
➢ жаңылтпаш;
➢ өлең-жырлар;
➢ бесік жыры;
➢ тақпақ;
➢ жұмбақ;
➢ ертегі-аңыздар;
➢ айтыс;
➢ мақал-мәтелдер;
➢ шешендік сөздер;
➢ ұлттық ойындар;
➢ жол-жоралғылар;
Берілген үлгінің өңдеу негізіне көне қазақ ойшылы Ж. Баласағұнидің
тұлғаның маңыздылығы туралы тәлімі кіреді. Оның тұлға маңыздылығы туралы
тәлімі халық даналығындағы «Сегіз қырлы, бір сырлы» нақыл сөзімен
байланысып, берілген үлгіде бейнеленіп көрсетілген:
қазіргі (S нүктесі), өткен шаққа (ось Sc() тәуелді болып тұлғаның тарихи
кескінін бейнелейтін болашақты (ось Sc) алдын-ала анықтайды.
Тұлғаның төрт құбыласының қиылысуы (жазықтықта - а(аS, а(в(S, в(вS,
авS) «Қанағат», «Парасат», «Әділет», «Дәулет» тұлғаның тұтастығын
білдіреді. Сегіз қырдың теңдігі (а(а=а(в(=в(в=ав=а(S=Sв(=Sв=аS) тұлғаның
үйлесімді даму шарттарын білдіреді.
орталық өзегі «бір сырлы» c(Sc- шексіз өткеннен осы шақ арқылы шексіз
болашаққа талпыну - тұлғаның қозғалмалылығын көрсетеді.
Сондықтан, көне ойшылдың тұлға маңыздылығы туралы тәлімі қазіргі
антропологиялық ғылымдармен, халық даналығымен сабақтасып байланыса отырып
ұлттық тәрбиенің негізін құрайды. Берілген үлгі ұлттық тәрбиенің соңғы
нәтижесі – ұлттық тәрбие ретінде ұсынылуы мүмкін.
Әр ұстаз өз оқушыларының бойындағы қасиетті саралап алса, онда бала
бойына ұлттық дәстүр мен салт-сананы нақтылы түрде сіңіре алады деген сөз
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz