Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Ы.алтынсарин. шеше мен бала
Әдебиеттік оқу, 2 сынып
(интербелсенді сабақ)
Ә.М. Жұмағұлова
<<Зырян қаласының №9 орта мектебі>> КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала
Сабақтың мақсаты: оқушылар әңгімемен танысып, негізгі ойын ашады; байланыстырып сөйлеу дағдыларын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді; <<үнемділік>> деген ұғымға өз көзқарастарын білдіреді, жанашырлық, қайырымдылық сезімдерін ояту.
Инновациялық әдіс-тәсілдер: эссе, галереяны шарлау, ой қозғау, тірек сөздер, бағытталған оқу, ақыл сөздер жібі, ашық микрофон, өрмекшінің торы, формативті бағалау әдістері: табыс критерийлері, екі жұлдыз - бір тілек, басбармақ, ұжымдық шапалақ.
Сабақта қолданылған педагогикалық технология: СТО, АКТ (презентация, аудиожазба).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
1. Оқушылар түстер арқылы топтарға бөлінеді.
2. Сабақтың табыс критерийлерін ұсыну.
- Қандай үлкен тарауды оқып жатырмыз? Осы тарауда қандай шығармалармен таныстық? Олардың бәрін қандай ой біріктіреді деп ойлайсыңдар?
Аудиожазбадан өлең тыңдау. Қ.Мырза Әли <<Ана>>
- Қандай сезімдесіңдер? Кім туралы ойладың?
Үй тапсырмасын тексеру
1. Әр топта оқушылар саусақпен таңдау тәсілі арқылы эссені оқитын оқушыны таңдайды. <<Автор орындығында>> эссе оқиды. Бағалау <<Екі жұлдыз, бір тілек>>.
2. <<Анамның портреті>> тақырыбында салынған оқушылардың суреттері сынып ішінде ілулі.
- Портрет дегеніміз не? Қандай портреттер болады?
<<Галереяны шарлау>>. Оқушылар бір-бірінің салған суреттеріне стикер жапсырып, дауыс береді. Ең көп ұпай жинаған оқушыға ұжымдық 5 шапалақ соғылады.
Қызығушылықты ояту
Алдарыңда кімнің портреті? Ы.Алтынсарин туралы не білесіңдер?
Ой қозғау.
- <<Шеше мен бала>> әңгімесін оқымас бұрын мына ұғымдардың мағынасын ашып алайық:
1 топ: Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер?
2 топ: Жанашырлық дегеніміз не?
3 топ: Қамқорлық жасау дегеніміз не?
4 топ: Аяушылық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Мағынасы жағынан бұл қандай сөздер?
Тірек сөздер.
- Бүгінгі біз оқитын әңгімеде қыз бала, шешесі, тентек бала, ақша, құс деген ұғымдар кездеседі.
- Әңгіме не жөнінде болуы мүмкін? (Топта болжап, әңгіме құрастырады). Әр топ әңгімесін ортақ топқа ұсынады.
Жаңа сабақ
Әңгіменің 1 бөлігін оқу.
- Қыз балаға сендер қалай жауап берер едіңдер? Неге?
- Сонда анасының берген ақшасын қызы басқа нәрсеге жұмсағаны дұрыс болды деп ойлайсың ба? Неге?
- Сауап деген сөзді қалай түсінесің?
- Шешесі қызына қандай жауап берді деп ойлайсың? (Топта болжайды, ортаға салады)
2 бөлімді 1 оқушы дауыстап оқиды.
- Шешесі не деп жауап берді?
- Бейшара деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Әңгімеде кемтарлықтан құсты сатуға жүрген-ау деген шешесінің сөзін қалай түсінесіңдер?
- Сіңлісі не деп сұрады?
- Сендер қалай ойлайсыңдар, кімдікі дұрыс? Неге?
3 бөлімді дауыстап тағы 1 оқушы оқиды.
- Осы әңгімеде саған қай кейіпкер көбірек ұнады? Неге?
- Үлкен қыздың орнында сен болсаң, не істер едің?
- Жақсылық жасаған адамның атын да сұрама дегенді қалай түсінесіңдер?
- Әңгіме ұнады ма?
- Әңгімеден өзіңе ұнаған ойларды тауып оқы. Қағазға жазып, ақыл сөздер жібіне ілу.
Ой толғаныс. - Балалар, қазір мен сендерді дискуссияға шақырамын, ашық микрофонға.
(Оқушылар үлкен шеңбер құрып отырады, ортада айналмалы орындықта мұғалім. Сұрақтар қойылады, жауап берем деген оқушыға микрофон ұсынылады).
- Үнемді болу деген не?
- Үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Үнемшілдік дегеніміз сараңдық па? Ойыңды дәлелде.
- Үнемді болу дегеніміз ақшаға ғана байланысты ма?
- Нені, қашан, қалай үнемдейсің?
- Ендеше, балалар, мен мынадай сөздерді жазып, жіпке ілгім келеді: Үнемшіл болу дегеніміз - қуанышсыз сұрқай өмір кешу емес. Ол өз еркінді бағындыра алу. Ол да тәуекелшілдік.
<<Өрмекшінің торы>> - Бүгін сабақта не білдің? Не үйрендің? Бүгінгі сабағымыздың идеясы қандай болды?
Әңгімедегі қыз бала мен шешесінің қарым-қатынасы қандай?
- Сендер аналарыңмен өз ойларыңды айтып, бөлісесіңдер ме? Аналарың қандай ақыл айтады?
- Ал қазір табыс критерийлерге оралып, басбармақ тәсілі арқылы өз-өздеріңді бағалаңдар.
Үйге тапсырма: Әңгімені рөлмен оқып үйрену, конверттегі тапсырманы орындау. (Әр оқушыға конвертте жеке тапсырма берілді).

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz