И дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Мақсаты:

Білімділік: И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыдысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Дамытушылық: Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік, тіл жаттықтыру, үйрету.

Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, алма ағашы, ребус суреттері.

Жаңа сөздер: Именіп, тимелік, шиелік.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері: Әрекетті туындату, түрткі болу
Тәрбиеші әрекеті:

Ой қозғау.

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мегіліндегі табиғатты суреттету (Өткен тақырыптар бойынша дыбыстар мен әріптерді қайталату) .

Балалардың әрекеті: Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.
Іс-әрекет кезеңдері: Ұйымдастыру ізденіс жүргізу
Тәрбиеші әрекеті:

Оқу іс-әрекет «Үйшік» ертегісінің желісі бойынша өткізіледі. (Әр тапсырма орындалған сайын аңдар үйшікке орналастырылып отырады) .

Балалар бүгін бізге сабағымызға қонақтар келіпті. Олар сендерге өздерінің бімеген сұрақтарын қойып білгілері келеді екен.

Тышқан тапсырмасы .

Жұмбақ дегеніміз не? Білгім келеді.

-Кірш-кірш етеді,

Ішіне кіріп кетеді. (Ине)

-Ойнамақ боп еркелеп,

Әдейлеп ерте кеп.

Гүлге қонды қалықтап,

Кіп-кішкентай верталет. (Инелік)

- И әрпімен және дыбысымен таныстыру,

-Ине, Инелік, Ит, шие сөздерінде қай дыбысты жиі естиміз?

-И дыбысы дауысты.

-Сөздердің барлық буынында кездеседі (ми, ши, тарихи т. б), сөздерді буынға бөлгізу.

-И әрпін тақтада жазып көрсету.

Бақа тапсымасы:

Жазуды әдемі, таза, тез жазуды білмеймін көмек беріңдерші. (Оң қолдарын көтертіп ауада жазып көрсету) .

Сегіту жаттығуы.

Жайқалады ақ бидай

Басын иіп аққудай.

Трактор мен Комбайын,

Жүргізуге мен дайын.

И әрпін дәптерлеріне жазады.

Түлкі тапсырмасы :

Ойын ойнауды білгім келеді.

«Кім зейінді?» және «Алма жинау» ойындары ойналады.

Шарты: Тақырыпқа сай балаларға тапсырмалар беріледі, балалар жауабын табады.

Балалардың әрекеті: Ойланып жұмбақ шешуін табады.
Іс-әрекет кезеңдері: Рефлекция түзету жұмыстары (коррекция)
Тәрбиеші әрекеті:

Қасқыр тапсырмасы :

Ребус деген не? Оны қалай шешуге болады?

Аю тапсырмасы :

Тақпақтар айтып беріңдерші. (Балалар тақпақтар айтады) .

Балалар осылай барлық аңдар бірігіп тату-тәтті өмір сүріпті.

Сонымен біз аңдарға не үйреттік?

(И әрпімен және дыбысымен, жазу жазуды, жұмбақ, ребус шешуді, тақпақ айтуды т. б)

Қорытындылау, бағалау, мадақтау.

Балалардың әрекеті:

Ойланып ребус шешеді.

Тақпақтар айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар «И әрпін» таниды.

Түсінігі: Балалардың и дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: И дыбысының дауыты дыбыс екендігін, И дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі:

Сайлаубаева Анаргүл Ербайқызы


Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Й,и әріптерінің жазылуы
Ә дыбысы мен әрпі
Емен ағашы
Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып
Ю дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Сабақтың соңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz