Әдептілік және мәдени мінез-құлық: тәрбие сағатының жоспары

C:\Users\Габит\Desktop\общие документы\фото\m5XR1582.jpg

Тақырыбы: Тәрбиелі - тәртіптің құлы.

Мақсыты: мақал-мәтел, өлеңдер үйрету, олардың мағынасын талдап, пайдасы туралы әңгімелеу;

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер.

Ұйымдастыру: сәлемдесу. түгендеу.

Мұғалімі: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарымқатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Мысалы уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен »дейді. Онымен басқа адамдар қарым - қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе байқамай бұзады.

Егде және сыртқы адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен әрі ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет.

1-оқушы: Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап

Ұқыптап сабақ ұқпайды.

Өз бетімен алақтап.

2-оқушы : Ілгек, түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар.

Әркімге бір ұрысып,

Құспен, малмен жарысар.

Шашы түсіп көзіне,

Түсінбей ақыл сөзіне.

3-оқушы: Тазалап тұру керек,

Ерте мен кеш бала.

Кір-кір болу елден ерек

Мүлдем ұят, иүлдем ұят масқара!

4-оқушы: Кеше ғана қалдырған

Өміртайдың түймесін

Орнында жоқ, япыр-ай,

Қайда кеткен, бұл несі?!

Мұғалім: Ал енді балалар кезекті мақал-мателге берейік.

«Жақсыдан үйрен

Жаманнан жирен » деген мақалды қалай түсінесіңдер

Оқушылар хормен: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез, әдептен!

Мақал-мәтел айтылады.

5-оқушы: Аға әдепті болса,

Іні де әдепті.

Апа әдепті болса,

Сіңілі де әдепті.

6-оқушы: Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

7-оқушы: Әдептіліктің бнлгісі- иіліп сәлем бергені.

8-оқушы: «Сіз» деген- әдеп, «Біз» деген көмек.

9-оқушы: Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өтн шығар кекиіп.

10-оқушы: Бәрі жақсы баланың

«Беске» оқитын сабағын,

Азаматтық оны де

Ойнатса кім інісін,

Мақұлдайтын мұнысын,

Өзі түйме қадаса,

Мұнда бала тамаша.

Барын берсе қолындағы,

Бала жомарт болғаны.

Мұғалім: «Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй» демекші енді кезекті әнге берелік . . .

11-оқушы: «Ұқыптың тоны тозбас,

Ұқыпсыздың ісі оңбас»

«Олақтық жаман, олақтықтан салақ жаман

Мұғалім: -Бөлмеге қалай кіру керек?

-Автобуста өзіңді қалай ұстау керек?

- Егер де жаныңда тұрған біреудің бірдеңесі түсіп қалса, т сен не істейсің?

-Үйге кірерде үлкен адамдарға не істеу керек?

- Көшеде кәмпиттің қағазын қайда тастау керек?

- Қандай әдепті сөздер білесің?

Мұғалім: «Әдеп» пен «әдетшілік» деп қандай мінез бен іс әрекетті айтамыз?

12-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

13-оқушы: Жас-кәріге сіз деген,

Жақсы үлгі іздеген.

Дос боламыз біз деген

Ізетті ұл мен қызбенен!

14-оқушы: Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, әділдік, адалдық, ұқыптылық жауапкершілік.

Қорытынды: Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Әдептілік көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер жатады. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам-мәдениетті де әдепті адам.


Ұқсас жұмыстар
Әдепті оқушы: мінез-құлық нормалары мен тәрбие әдістері
8-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Эмоция және мінез-құлық
Әдептілік пен сыпайылыққа тәрбиелеу: тәрбие сағатының әдістемелік жоспары
Әдептілік - әдемілік: оқушыларға арналған тәрбие сағатының жоспары
Әдептілік пен адамгершілік: тәрбие сағатының мақсаты, мазмұны және әдіс-тәсілдері
Әдептілік-әдемілік: бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағатының жоспары
Әдептілік пен мәдениеттілікке тәрбиелеу: тәрбие сағатының ашық сабақ жоспары
Ақыл-парасат және мінез-құлық: тәрбиелік-психологиялық негіздер
Мұхтар Әуезов шығармаларындағы мінез-құлық фразеологизмдері
2-сынып тәрбие сағаты: Әдептілік әлемі - үлкендерді сыйлау мен әдепті мінез-құлықты қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz