Үйкеліс күші: табиғаты, түрлері және техникада қолданылуы

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Қарағаш орта мектебі КММ

Физика пәнінің мұғалімі

Бейсенов Жанибек Қараұлы

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Тұрмыста және күнделікті өмірдегі үйкеліс күшінің маңызын анықтау

Үйкеліс күшінің табиғатын анықтау

Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянын дәлелдеу

а) Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

ә) Дамытушылық сабақ барысында алған білімін пысықтау және қабылдаған ақпаратты салыстыруды үйрету.

б) Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың техникалық құралы: Компьютер, документ камера, интерактивтік тақта, экран.

Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер, электрондық

оқулық, слайдтар .

І. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, тексеру)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ. Жаңа сабақ;

IV. Бекіту;

V. Үйге тапсырма;

VI. Сабақты қорытындылау (бағалау) .

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

Күш және ауырлық күші тақырыптарын қайталау

а) Күш дегеніміз не ?

б ) Күштің өлшеу бірлігі

в ) Ауырлық күші дегенімз не ?

г) Ауырлық күші қандай формуламен өрнектеледі

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Оқушылар алдарына сабақ барысында шешетін сұрақтарды қою :

  • Үйкеліс күшінің физикалық табиғатын анықтау
  • Оның пайда болу себептерін
  • Үйкеліс күшін азайтатын және көбейтетін тәсілдер
  • Үйкеліс күштерінің түрлерін
  • Үйкеліс күшінің табиғатта байқалуы және практика жүзінде пайдалануы

Оқушылар мұғалім көмегімен тіреу конспект орындайды

Тең күш түскенде Fдомаалау< F сырғанау

Пайда болу себептері жанасатын беттердің тегіс болмауы

Молекулалардың өз-ара тартылысы

Үйкеліс күштерін өзгерту тәсілдері Көбейту (жолдарға құм төсеу,

доңғалақтарға шиптар орнату)

Азайту (материалдары майлау,

Подшипниктер пайдалану)

IV Эксперименттік тапсырма

Мұғалім : Эксперименттік тапсырманы зерттеу үшін келесі тапсырманы орындау керек :

  • Эксперименттік тапсырманы орындау
  • Сұрақтарға жауап беру
  • Қорытындысын дәптерге жазу

а) Кітапты қолыңмен басып стол бетімен сырғанат . Қандай күштің әсерімен кітап қозғалды?

Оқушы : Кітап және қол арасындағы үйкеліс күші әсерінен

Мұғалім : ә) Білеушені көлбеу жазықтықтың үстіне қоямыз. Аз бұрышта білеуше орнында қалады. Неге ?

Оқушы : Көлбеу жазықтықта білеушені үйкеліс күші ұстап тұрады

Мұғалім : Динамометр көмегімен білеушені қозғалтамыз, тыныштықтағы үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшіне айналады және ол қозғалыс бағытына қарсы бағытталған. Үйкеліс күші неге тәуелді ?

Оқушы : 1. Жанасатын бетердің тегіс еместігіне.

2. Заттар материалының тегіне

Мұғалім : Білеушенің үстіне бір, екі, үш жүк қойып үйкеліс күшін өлшеңдер

(Оқушлардың үстелінде білеуше, динамометр, жүк, трибометр және кестесі бар бланктер)

Білеуше салмағы, Р (Н)
Сырғанау үйкеліс күші Fүйк (H)
№: 1
Білеуше салмағы, Р (Н):
Сырғанау үйкеліс күші Fүйк (H):
№: 2
Білеуше салмағы, Р (Н):
Сырғанау үйкеліс күші Fүйк (H):
№: 3
Білеуше салмағы, Р (Н):
Сырғанау үйкеліс күші Fүйк (H):

Тәжірибені орындағанан кейін оқушылар келесі қорытындыға келеді :

Дененің салмағы көбейген сайын, сырғанау үйкеліс күші көп болады.

V БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ПЫСЫҚТАУ

Үйкеліс күші дегеніміз не, ол қалай бағытталған ?

Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?

Үйкеліс күшінің қандай түрлерін білесіңдер?

Үйкеліс күшін қандай аспаппен өлшеуге болады ?

VI РЕФЛЕКСИЯ

Мен сабақтан қандай жаңалық алдым . . .

Мен сабақтан нені үйрендім . . .

Сабақтан алған білімімді пайдалана алам . . .

VII. Үйге тапсырма: §41, 42 оқулық. 18-жаттығу.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып физикасы: Үйкеліс күші және техникада үйкелісті ескеру
Үйкеліс күші: теория, тәжірибе және техникада қолдану (7-сынып сабақ жоспары)
7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Үйкеліс күші және техникада оны ескеру
Үйкеліс күші: түрлері, пайдасы және техникадағы қолданылуы (7-сынып сабақ жоспары)
Үйкеліс күші: теориялық негіздері, өлшеуі және техникадағы қолданылуы
7-сынып физикасы: Үйкеліс күші және техникадағы қолданылуы
7-сынып физика сабағы: Үйкеліс күші - теориясы, түрлері және есептер
Үйкеліс күші және техникадағы қолданылуы: 6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Үйкеліс күші: сабақ жоспары және тәжірибелік тапсырмалар
Физика пәні: Үйкеліс күші бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz