Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үй жұмысын тексеру критерийлері


Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақ мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі
Абилева Гульмира Аскеровна

«Үй жұмысын тексеруде
критериалды бағалауды қолдану»

Жыл басында жақсы оқитын оқушы үй жұмысын орындағанда тапсырмалардың
барлығын орындағанымен жаңа білімдерінің біреуінде қолданбаған. Енді
бағалауға келгенде «5» деген бағаны қоюға келмейді, ал «2»деген бағаны
қоюға болмайды, себебі тапсырма орындалды. Сондағы туған сұрақ: Қандай баға
қою керек? және Не үшін сол баға қойылды? Онымен бірге кейде ата-аналар:
«Менің балама осы бағаны не себептен қойдыңыз?», немесе оқушылардан:
«Сабақта мен қандай баға алдым?» - деген сұрақтар мүғалімдер ұшін көп
қойылатын. Осының барлығы біздер үшін үлкен мәселе болып түр.

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа
оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім
алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты
критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Теория
жүзінде 1 (бірлік) балы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті
қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің
толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс
қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып
табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен
шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа
адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бағалау жағдайында өзінің
дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау
және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін,
біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың
барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау
құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы
түсінуі тиіс. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір
тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары
сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың
барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
• қадағалау;
• алынған мәліметтердің интерпритациясы;
• бұдан арғы іс-әрекеттегі анықтауға бағытталған қорытынды

Әнгіменің басында мен бесінші сыныптың жақсы оқушының үй жұмысын тексеру
турала айтқанмын. Оны шешімі үй жүмысын бағалау критерийлері. Бүгінгі күнде
үй жұмысын тексеру барысында «тырысты»- оқушының үй жүмысын орындағанда
қаншалықта тырысқаны, «дұрыс»- тапсырманың дұрыстығын тексеруге және
жазуының тазалығын «әдемі»-деген сөздермен белгілеп, әр критерийге бірден
бексе дейін шкала бойынша бағалайтын болдым. Кейде оқушылар өздері « Үй
жұмысына менің бағам: дұрыстығына 4, ал әдемлігіне-5 болу керек, себебі
мен тырыстым»-дейді. Ата-аналарды оқу ұрдесіне тарту үшін, оқушылардан ата-
аналарының қолдарын сұрайтын болдым. Сол сәтте кейбір ата-ана жай қолдарын
қоя салады, ал кейбіреулері балалардың жұмыстарын тексеріп баға қоятын
болды.

Педагогикалық амалдардың негізгі ұстанымы- оқушылардың дамуына көмектесу.
Баланың оқуы мен дамуы үнемі өзгерісте. Баланың оқудағы дербестігіне,
жауапкершілігіне және талапшылығына баланың бақылау- бағалау дербестігі
үлкен үлес қосады. Яғни өз жұмысының және сыныптастарының жұмысын бағалай
білу, оқудағы қиыншылықтардын себептерін тауып шешу. Менімше, осы
ұсталықтарды күнделікті тәжірибеде жүйелі түрде, мысалы үй жұмысын
тексеруде, критериалды бағалауды қолданып белгілі нысанға келтіруге болады.

-----------------------
Т Д Ә


Ұқсас жұмыстар
Түр. Түрдің критерийлері. Популяция
Квадрат теңдеуді шешуді үйрету
Nis бойынша әр сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары
Сұрақ үлгілерін ұсыну
Жұмыс. қуат. энергия
Сабақтың ортасы. Сабақтың тақырыбы
Күрделі функциялар
Жанасу датчигі. Батырманың басылуын анықта
Солтүстік Америка материгінің географиялық орны,зерттелу тарихы
Пейзаж туралы
Пәндер