Математикалық поезд сайысы

Тақырыбы : Математикалық поезд

Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін

дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, стакан, су т. б

Жүргізуші:

Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/

Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

/Дауыс/

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы Бейнеу селосының аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!

Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.

Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.

Жүргізуші: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/

1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,

Арайлап ата берсін әрбір таңын.

Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,

От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.

2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашан да үміткерміз жеңіске.

/Дауыс/

Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!

Жүргізуші: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!

1-аялдама : «Математикалық эстафета аялдамасы»

1-топ:

  1. Үй шатырының бір шатыры40040^{0}, ал екінші жартысы60060^{0}көлбеулікпен салынған. Шатырдың ең төбесінде отырған әтеш жұмыртқа тастаса, жұмыртқа қай жартысымен домалап түседі
  2. Су қатқанда өзінің111\frac{1}{11}\бөлігіндей көлемге ұлғаяды. Мұз ерігенде өзінің қанша бөлігіне кішірейеді ?

2-топ:

  1. Күн ыстықта 6 шалғышы бір бөшке қымызды 8 сағат ішті. Дәл осындай бір бөшке қымызды 3 сағатта қанша шалғышы ішеді?
  2. Күнделікті өмірде қандай сұраққа ешқашан «иә» деп жауап бере алмаймыз?

2 - аялдама: Сандар патшалығы

Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

Конверттегі тапсырма. Сендерге есептер берілген. Есептерді шешіп жауабын табасыңдар.

1Үш таңбалы саннан 7 - ні алғанда 7 -ге бөлінеді, 8 -ді алғанда 8 - ге бөлінеді және 9 -ды алғанда 9 -ға бөлінеді?

  1. 3 - ке бөлгенде 1 қалдық, 4 - ке бөлгенде 2 қалдық, 5 - ке бөлгенде 3 қалдық, 6 -ға бөлгенде 4 қалдық қалатын сан болуы мүмкін бе ?

3- аялдама «Тапқырлар»

1. Үстел үстінде 6 шыны стакан тұр. Үшеуіне су құйылған және үшеуі бос.

Бір ғана ыдысты орнынан көтеру арқылы қалай су құйылған және бос

стакандарды кезектестіріп қоюға болады?

2.

Үстел үстіне 7 кесені жоғары жағын төмен қаратып, аударып қойыңыз. Бір жүрісте кез - келген 3 кесені кері аударамыз. Яғни жоғары жағын төмен қарап кесені оң қаратып қоямыз, ал оң қарап тұрса - аударып қою керек. Ол кеселер қатар тұрса да болады және әр жердегі кеселерді аударса да айырмашылығы жоқ. Осылайша 3 жүріс жасау арқылы барлық кеселерді оң қаратып қоюға бола ма?

  1. Басы жалпақтау 4 бірдей шырын құйылатын ыдыс бар. Оларды кәдімгі қалпында не болмаса төңкеріпте қоя беруге болады. Жазық үстел үстіне осы 4 ыдыстың ауыздары бір - бірінен бірдей қашықтықта болатындай етіп орналастыруға болам

4 - аялдама:

Жанкүйерлерге сұрақ ( жолаушыларды шығарып салушыларға)

  1. Суретте жетіспейтін фигура тауып, алдында жатқантап!» аялфигуралар арасынан тауып көрсету керек.
:
:
:
?: ?
:
:
:
?:
:
:
:
?:
  1. Пуассон есебі. Назарларыңызға өмірде жиі кездесетін практикалық маңызы бар бір есеп ұсынбақпыз. Бұл есепті кезінде француз математигі Пуассон шешкен екен. Сондықтан, бұл есеп Пуассон есебі деп аталады.

Бір ыдысқа 3л, екінші ыдысқа 5л су сияды. Осы ыдыстарды пайдаланып, 4л. суды қалай құйып алуға болады?

  1. Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.

Ұқсас жұмыстар
2030 жылға сапар атты эстафеталық ойын
Математика 3 сынып 8-ге көбейту және бөлу
Суретшілер шығармалары
Кері пропорционал шамалар
Тақырып Параллелограмның ауданы
Математикадан ашық сабақтар 6-сынып
Оқушы әрекеті. Оқушылармен амандасу
Тапсырма станциясы
Математика және біз сайысы. 5 сынып
Математикалық брейн-ринг сыныптан тыс шарасының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz