Қазақ тарихы туралы не білесін? 6 сынып

Сынып :6 а сынып

Сайыстың тақырыбы: «Қазақ тарихы туралы не білесің»?

Мақсаты: Қазақ тарихы жайлы толығырақ мәлімет беру

Білімділігі - қазақ тарихындағы тұлғалар мен тарихи оқиғалар туралы түсінік беру;

Тәрбиелілігі- оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылығы- Қазақ тарихы туралы білімдерін дамыту; оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Көрнекілігі: интерактивті тақта,

Сабақ типі: аралас сипатта

Әдістемелік шешім: Сурак жауап, тірек сызба, суретпен жұмыс

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

Оқушылармен сәлемдесіп, оларға сайыс кезеңін түсіндіру, 2 топқа бөлу

Сайыс кезеңдері:

І. Кім жылдам . . . ?

ІІ. Тірек сызбамен жұмыс

ІІІ. Тұлғаны таны . . .

ІҮ. Қазақ өлеңдерін оқу

І-кезең. «Кім жылдам» кезеңі бойынша сұраққа - жауап» (5 мин)

I-топ:

  • Қ. Р тұңғыш президенті қай жылы сайланды?(1991 жылы)
  • Қ. Р мемлекеттік рәміздері?(ту, елтаңба, гимн)
  • Қ. Р Мемлекеттік әнұранының авторы кім?(1992 жылы желтоқсан айы, Ж. Нәжімеденов Н. Назарбаев, әні Ш. Қалдаяков)
  • А. Құнанбаевтың шын есімі кім?(Ибрагим)
  • Үш жүзді ата?(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
  • Қазақтың атақты күйшісі? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
  • Алтын киімді адам қай жерден табылды?(Алматы облысы, Есік қорғаны)
  • Қ. Р-ғы мемлекеттік тіл? (қазақ тіл)
  • Еліміз қай жылы Тәуелсіз Егеменді Мемлекетке айналды?(1991жылы 16 желтоқсан)
  • Атақты қобызшы кім?(Қорқыт)

II-топ:

  • Қ. Р Конститутциясы қай жылы қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)
  • Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986 жылы 16 желтоқсан)
  • Қазақтың үш биі?(Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
  • Қ. Р-ның ұлттық валютасы - теңге қай жылы айналымға енгзілді?(1993 жылы 15 қараша
  • Қазақ батырлары?(Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Баян батыр, т. б)
  • Этноним ұғымы нені білдіреді?(ру, тайпа, халық, ел)
  • Хан деген кім? (Хан-ел билеушісі)
  • Тұңғыш ғарышкер кім?( Юрий Гагарин)
  • Бұрынғы Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы атанды?(1998жылы 6 шілде)
  • Ш. Уалиханов кім? (қазақтың көрнекті ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы)

2-кезең. «Тірек-сызбамен» жұмыс.

I-топ

1. Аты аңызға айналған қазақ хандарын ата. (Алаша хан, Жошы хан, Уыз хан)

2. Қазақтың салт -дәстүрлерін ата? (Бесік той, Шілдехана, Қыз ұзату, Тұсаукесер және т. б)

II-топ

1. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындары(Алтыбақан, күрес, көкпар, кыз қуу, жамбы ату және т. б)

2. Ұлы Отан соғысындағы Қазалылық 5 батыр?(Ү. Түктібаев, М. Балмағамбетов, Геннадин Фадаевич Шляпин, Владимир Михаилович Счастнов, Яков Данилович Михайлюк)

3-кезең. «Тұлғаны таны»(суретпен жұмыс 5 мин)

4-кезең. «Қазақ өлеңдерін оқу»(5 мин)

II. Қорытынды. 4 кезең бойынша оқушылардың ұпайын шығарып, жеңіске жеткен топты марапаттау .


Ұқсас жұмыстар
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Моғолстанның құрылуы
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы интеллектуалды ойын. 7 сынып
Ежелгі карталарды жасушылар
Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс
Ішкі бөкей ордасы
Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік - аумақтық өзгерістерді түсіндіру
6-ші сыныптарға арналған тарих сабағына жоспар
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Ұлпан анаға
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz