Тамыры терең байтерек

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту, сауат ашу.

Тақырыбы: Тамыры терең Бәйтерек- қазақ елінің белгісі

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана жөнінде мәлімет беру,

«Бәйтерек» монументінің тарихымен таныстыру, мән - мағынасын

түсіндіру. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қиялын дамыту,

сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру, балалардың

шығармашылық қабілетін дамыту. Отанына, туған жеріне

сүйіспеншілікке, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Елорда, Туған жер, Отан.

Билингвалдық компонент: Елорда-столица-capitalcity, Отан-Родина-

Motherland, қазақ тілі - родной язык - native language

Заттың дамыту ортасы: Астана туралы бейнетаспадан видеоролик,

«Бәйтерек» монументі.

Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Іс - әрекет кезеңі: Мотивациялық қорғаушы кезең
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Психологиялық жаттығу

- Балалар, таңертең тұрғанда, аспаннан не көресіңдер?

- Күнді көргенде қалай қуанасыңдар?

- Күн бізге не береді?

- Олай болса, балалар күнге қолымызды созайық, жылуын сезінейік, енді қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, жылулықты жүрегімізге берейік.

- Жүрегіміз не істеп тұр?

- Балалар, енді жүрегімізден шыққан ізгі тілектерімізді бір - бірімізге сыйлайық.

Балалардың іс - әрекеті:

- Жарқыраған күнді көреміз.

- «Алақай» деп қуанамыз.

- Күн бізге жылулық, жарық береді.

Балалар екі қолдарын аспанға созып, күннің жылулығын сезінеді.

- Дүрсілдеп соғып тұр.

- Елімізде тыныштық болсын!

Халқымыз тату - тәтті өмір сүрсін.

Балабақшамыз көркейе берсін. Т. с. с.

Іс - әрекет кезеңі: Ұйымдастыру ізденістік
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

- Біз қай Республикада турамыз?

- Біз қай тілде сөйлейміз?

- Біз қай қалада тұрамыз?

- Балабақшамыз қалай аталады?

- Біздің Елорда қай қала?

- Астанаға саяхатқа барғыларың келе ме?

- Алдымен, Қазақстан Республикасының картасына көңіл аударайық. Қараңдаршы, онда туған еліміздің үлкен қалалары, өзен, таулары орналасқан.

Тараз қаласы мен Астана қаласы бір - біріне жақын ба, әлде алыс па?

Әрине алыс сондықтан біз Астанаға ұшақпен ұшып барамыз. Құстай самғап, асқар тауларды асып, бұлттарды кезіп өтіп, міне Астанаға да жетіп қалдық. Енді көзімізді ашып, жан - жағымызға қарайық. Мен сендерге бір ертегі айтып бергім келіп тұр. Мына Бәйтерек монументі туралы. «Ертеде Бәйтерек ағашы үлкен болып өсіпті. Жыл сайын Бәйтеректің басына - қасиетті Самұрық құс күн секілді жарқырап алтын жұмыртқа салатын болыпты. Бірақ та жұмыртқаны күн сайын айдаһар ұшып келіп жеп қояды екен. Осылай күннен - күнге жалғаса береді. »

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, неге күн сайын самұрыққұсы жұмыртқа салған сайын айдаһар оны жеп қояды?

Балалар «Астана - Бәйтерек» монументі осы ертегі мәтінімен байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің еліміз осы бәйтерек ағашы сияқты әрқашан биіктен көрініп, аспандағы күніміз алтын жұмыртқадай жарқырап, халқымыз тату - тәтті өмір сүрсін» - деген оймен қазақ елінің символы ретінде жасалған. Биіктігі 97 метр. Панарама залында «Аялы алақан» тұмары бар. Оған келген әр адам өзінің армандарын айтады. Бізде солай істейік. Жарайсыңдар, балалар. Енді өзіміздің туған қаламыз Таразға қайтатын уақыт болды. Қане, көзімізді жұмып бәріміз қайтадан қайтайық.

Балалар, қараңдаршы бізді Айымжамал апай күтіп қалған сияқты.

- Сәлеметсіңдерме, балалар?

- Қайда барып келдіңдер? Не көрдіңдер?

Балалар Елорда сөзін орыс тілінде Столица дейміз. Ағылшын тілінде capitalcity деп айтамыз.

Отан - Родина - Motherland

қазақ тілі - родной язык - native language

Балалардың іс - әрекеті:

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Қазақ тілінде.

- Біз Тараз қаласында тұрамыз.

- «Балдырған» балабақшасы.

- Елордамыз Астана қаласы.

- Иә

- Балалар картаға қарайды. Тараз қаласымен Астананың қашықтығын көреді.

- Алыс екен

- Көздерін жұмып, қолдарын сермеп Астанаға ұшып келгендей болады.

Астанаға арналған тақпақтарын айтады.

Астана - шапағаттың шуағындай

Астана - махаббаттың тұрағындай,

Астана - періштелер мекенісің

Астана - Қазақстан тұмарындай.

Мақал- мәтелдерін айтады.

Ертегіні мұқият тыңдайды.

Күн сайын жұмыртқаның пайда болуы, күннің шығуы ал айдаһардың жұмыртқаны жеп қойғаны, ол күннен кейін кеш болып, түннің пайда болуы, яғни күн мен түннің ауысуы.

Слаидтан видеороликті 5 минуттай тамашалайды. Аялы алақанға қолдарын қойып, армандарын айтады.

Балалар өздерінің армандаған армандарын айтады:

- Мен Дәрігер болғым келеді.

- Мен футболист болғым келеді.

- Мен мұғалім болғым келеді.

- Мен боксер болғым келеді. Т. с. с

Саяхаттан алған әсерлерін бір - біріне айтып, көңілді көңіл- күймен саяхаттан оралады.

- Сәләметсіз бе.

Маржан: Біз Астана қаласының әдемі ғимараттарын, демалыс орындарын, Есіл өзенін көрдік. Ең бастысы біз Бәйтереті көрдік, аялы алақанға қолымызды қойдық, армандарымызды айттық.


Ұқсас жұмыстар
Астана-менің көзіммен
Табу сөз
Астана жаңа қала
Туған тілім өркенде, бола бер күшті, көркем де
Ұстазым – алтын діңгегім
"елім менің" танымдық ойыны
Тәуелсіздік - ел бақыты
Ағаштар неге ашуланды? 4 сынып, ана тілі
Келешегі кемел Қазақстан
«менің елім – Қазақстан» танымдық-этнографиялық ойын-сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz