Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Оюлар әлемінде


Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Оюлар әлемінде»
Мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының ою - өрнектері
мен халықтың әдет - ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына
сіңіру.
Балаларға өз бетімен ою қиюға баулу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Ою - өрнектерді дұрыс таңдап, ою - өрнек элементтерінің атауын бекіту,
мақал – мәтелдер арқылы баланың бойына сіңіру, ұлттық тәрбие беру.
Сөздік жұмыс: Ою - өрнек: қошқармүйіз, сынықмүйіз.
Билингвалдық компонент: Ою – узор, өрнек – орнаменты.
Заттық дамыту ортасы: Мультимедиялық тақта, ұлттық ою - өрнектер, киіз
үлгісі, ою - өрнектердің сызбасы, ұлтық аспаптар, түрлі - түсті қағаздар,
ақ қағаз, қайшы, желім, қылқалам, түрлі - түсті картондар, табиғи
материалдар, ән - күй дискісі, көңіл - күй релаксация,

|Әрекет кезеңі |Тәрбиешінің іс-әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
|Ынталандыру |Шаттық шеңбері | |
|Бағдар беру |Арайлап таң атты, |Балалар шаттық шеңберіне |
| |Алтын сәуле таратты. |тұрып, бір - біріне қайырлы |
| |Жарқырайды даламыз, |күн тілейді. |
| |Жайнай берші қаламыз. | |
| |Қайырлы таң қонақтар! | |
| |Қайырлы таң балалар! | |
| | | |
| |Жылулық шеңбері: |Бір – біріне жылы лебіздерін|
| | |білдіреді. |
| | | |
|Ұйымдастыру |- Енді, орнымызға отырайық. |Орындарына жайғасады. |
|Іздестіруші | | |
| |- Балалар, қазір біз сендермен |Тақырыппен танысады. |
| |«Оюлар әлемінде» тақырыбында | |
| |шығармашылық жұмыс бастаймыз. | |
| |- Балалар, әр халықтың өзіне тән | |
| |ұлттық белгілері бар. Қазақ | |
| |халқының өзіне тән | |
| |ерекшеліктерінің бірі – ұлттық | |
| |ою-өрнектері. Ертеде ою-өрнек | |
| |арқылы бір нәрсені біліп, үйренуге| |
| |болған, ол бір мағына ұғымды | |
| |берген. | |
| |- Ою - өрнектер жануарлар | |
| |әлемінде, өсімдіктер әлеміне, | |
| |геометриялық пішіндермен | |
| |байланысты дамыған. Онда белгісіз | |
| |мағыналар мен әшекей емес, бір | |
| |бағытты баяндайды. | |
| |- Қане, балалар қандай ою - өрнек |Балта, тарақ, Бота көз, |
| |түрлерін білесіңдер? |Толқын, Қарлығаш, Қайнар. |
| |- Ою - өрнектер орысша қалай |Ою - узор, өрнек - орнаменты |
| |айтылады? | |
| |- Енді, балалар, ою - өрнек туралы|1. Ою ойғанның ойы ұшқыр. |
| |қандай мақал - мәтелдер, тақпақтар|2. Шебердің саусағы – алтын. |
| |білесіңдер? |3. Ою ойған –сызу да сызады. |
| | | |
| | |Біз кішкентай балдырған, |
| | |Он саусақтан өнер тамған. |
| | |Қолымызда қайшымыз, |
| | |Әдеппен біз бастаймыз |
| | |Оюларды қиюдан. |
| | | |
| | |Таңдайларың тақылдап, |
| | |Сойлегенде сөз бермей. |
| | |Шешен болар ма екенсің, |
| | |Бармақтарың майысып. |
| | |Түрлі ою ойысып, |
| | |Шебер болар ма екенсің. |
| | | |
| | |Шай ішетін қоюлап, |
| | |Жақсы көрем атамды. |
| | |Сырмақ ойған оюлап, |
| | |Жақсы көрем апамды. |
| | | |
| | |1.Шебердің қолы – алтын, |
| | |Шешеннің сөзі – алтын. |
| | |2. Шешеннің тілі – шебердің |
| | |бізі. |
| | |3. Өнерлі бала – сүйкіді. |
| | |4. Өнер көзі – халықта. |
| | |5. Өнер - өлмес мұра. |
| | | |
| | | |
| |Жарайсыңдар, балалар бәріміз |Балалар жаңылтпашты |
| |жаңылтпаш айтып көрейікші? |жетекшімен бірге |
| | |қайталайды. |
| |Ойналмаған ойын бар, | |
| |Ойылмаған ою бар. | |
| | | |
| |Ою ою керек, | |
| |Бояуы қою болу керек. | |
| | | |
|Ғажайып сәті |- Қараңдаршы, балалар, бізге қонақ|Балалар Дымбілмеске |
| |келіп қалыпты. |көмекетеседі, оюлардың |
| | |аттарын атайды. |
| | | |
|Жаңа оқу әрекеті|Бүгінгі жаңа оқу әрекетінде | |
| |танысатын оюымыз «Қызғалдақ» деп| |
| |аталады. Ою - өрнектерді атау, | |
| |мағынасын түсіндіру. | |
|Жұмыс барысы | | |
| |Алдарында тұрған қағаздардан |Балалар берілген тапсырманы |
| |қызғалдақ оюын бастырып оны қиып |орындауға кіріседі. |
| |аламыз. Тақтада ілініп тұрған | |
| |түскиізге апарып жапсырамыз. | |
| |Қайшыны абайлап ұстаймыз, басын | |
| |төмен қаратып, бір - бірімізге | |
| |қаратпай ұстаймыз. | |
|Сергіту сәті | | |
| |Саусақтарым иіліп, |Балалар орындарынан тұрып |
| |Билей - билей жөнелді. |сергіту сәтін қимылмен |
| |Бас бармағым, сұқ саусағым, |жасайды. |
| |Қосып ұстап бояуды. | |
| |Ортан терек, шылдыр шүмек, | |
| |Кішкентай бөбек. | |
| |Бүгіліңдер бәрің де! | |
| |1,2,3 жина бойға күш, | |
| |1,2,3 жина бойға күш. | |
|Ойын: | | |
| |Дидактикалық ойын: |Балалар әр кесеге өз оюын |
| |«Кесенің оюын тап» |табады. |
|Қорытындылау | | |
| |- Қане, балалар, сонымен бүгінгі |Ою - өрнектерді қиып, |
| |оқу іс - әрекетінен нені үйрендік?|жабыстыруды үйрендік. |
| |- Ою - өрнектердің аттарын |Қызғалдақ, Бота көз, Гүл, |
| |атаңдаршы? |Тарақ, Балта. |
| |- Балалар біз бүгін түскиізімізді |Қызғалдақ, Тарақ, Балта ою - |
| |қандай ою - өрнекпен өрнектедік? |өрнектерімен өрнектедік. |
| | | |
| | | |
| | |Қоштасу рәсімі: |
| | |Біздің топта ұл – қыздар, |
| | |Тату – тәтті ойнаймыз. |
| | |Әлемдегі бар адамға, |
| | |Тек жақсылық ойлаймыз. |
| |«Өнерлерің өрге жүзсін, өркендерің| |
| |өссін. Үлкен азамат болыңдар!». | |
| |Сау болыңдар! | |

Күтілетін нәтиже: Балалар берілген оюларды өз бетімен қиды, өз беттерінше
безендіріп жапсырды.
Білу керек: Ою - өрнектерді дұрыс таңдай білді және ою-өрнек атауын дұрыс
атады.
Түсінігі: Ою - өрнектерді қай жерде пайдаланамыз.
Көрсете білуі: Оюлардың түрлерін ажырата білуі.

Ұқсас жұмыстар
Фариза Оңғарсынова Оюлар өлеңі
Ою түрлерін компьютер көмегімен жобалап, бояп, сызып үйрену
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Тарих зерттеуші
Геометриялық оюлар
Үйге тапсырма paint графикалық редакторындағы дайын суретті оюлар арқылы безендіру
Фариза оңғарсынова «оюлар»
Оқушылар жұмысы
"қошқар мүйіз" оюы
Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз
Пәндер