Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әліппе - білім бастауы жайлы

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебі










<<Әліппе - білім бастауы>>






Өткізген: А.А.Оралбаева









2013-2014 оқу жылы

Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы <<Әліппе>> болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе - бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.1-жүргізуші:Дәулет , мынау зал өте әдемі безендіріліпті, мұнда бірдеңе болғалы жатқан сияқты ғой, ата - аналарымыз жиналған, қадірлі ұстаздарымыз да төрден орын алыпты?2-жүргізуші: Нұрерке, ата - аналарымыз, ұстаздарымыз біздің << Әліппе - білім бастауы>> атты әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге жиналған ғой.1-жүргізуші: Солай ма, ендеше ертеңгілігімізді бастамаймыз ба?2-жүргізуші: Әрине бастаймыз. Сахна төріне 1 <<б>> класының оқушыларын қошеметтеп қарсы алайық(екеуі бірге).1-жүргізуші: Өлшеулі ар-намысы халқымыздыңҚорғаны адамдық пен салтымыздыңАрмысыздар, аяулы ұстаздарым,Сенері сіздерсіздер халқымыздың.2-жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларынӘліппемен қоштаспақ балаларыңХалқыма ұрпақ берген, өмір ергенҚош келдіңіз, әкелер мен аналарым!
1-жүргізуші: Біздің сынып тамаша
Көз тоймайды қараса
6қыз бен 2ұл
Күнде түгел санаса
1.Жақсылыққа бастаймын,
Бәрін біліп жаттаймын
Дамир деген мен болам.
2.Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың
лым атты баламын
3.Отбасының еркелеткен,
Жарқыраған жұлдызымын
Сабақты жақсы оқитын
Гүлден деген мен қызыңмын
4.Жақсылыққа ұмтылған әрқашан
Аделя деген қыздарыңыз мен болам
5.Ай мен күні анамның
Нұрзада деген мен болам
6.Көп ертегі білемін
Көңілді боп жүремін
Таудай биік талабым
Мен Малика боламын
7.Баршаңызға иіліп сәлем берем
Мен қызымын Жасұланның Аянат деген
8.Мен де есті баламын
Жұмсағанға барамын
Айтқан тілді аламын,
Мен Каир боламын1-жүргізуші: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн. Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз. Ендеше, шашпаймыз ба шашуды.2-жүргізуші: Шашу, шашу шашайық,Ақ сандықты ашайық.Бұл мереке, бұл тойдыңБастаңғысын жасайық. (Аналар шашу шашады.)

1-жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Назарбаев Баянбек Қайырбекқлына беріледі.

(Слайд көрсету)
2-жүргізуші: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.Ризамыз бәрімізді таныстырған,Сөз бен дыбыс әртүрлі әріппенен.Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр, сендер жауап бере қойыңдаршы.- Іші толы әріпке,Білімдіге жарық не?Хормен: Болашаққа жол ашар -Ол - сүйікті Әліппе!Ол - сүйікті Әліппе!Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбат Әліппені ортаға шақырайық.Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!Әліппе: Амансыздар ма, қадірлі ұстаздар, ардақты ата-аналар, өнерпаз бүлдіршіндер!Болашаққа жол бастар,Әліппең келді ортаға.Білім деген ғажаптың,Әліппесін меңгерген.Келешегі қазақтың,Басталады сендерден.Таудай болса талабың,Айтары көп әріптің.Қуанышы баланың,Қуанышы ананыңЖақсы білім көрімдік,Болсын бізге халайық.Не үйреніп, не білдік,Қане ортаға салайық!Балалар, мен сендерге жалғыз келгенім жоқ, өзіммен бірге сендердің өнерлеріңді, білімдеріңді бірге тамашалайық деп, досым ана тілін де ала келдім.Ана тілі: Саламатсыздар ма, балалар! Киелі әліппе оқулығын аяқтап үлкен жетістікке жетіп отырсыздар, бұл сіздер үшін үлкен қуаныш. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Енді мен сіздермен дос боламын, досыңды құрметтегенің сияқты мені де құрметте. Мен сіздерге жетем дегенше көптеген адамдар тер төкті. Солардың еңбегін бағала, өзің де еңбектен.
Аянат: Көлге айналған бұлақтыңҚайнар көзі - Әліппе,Том - том қалың кітаптыңБасы болар Әліппе.Хор: ӘліппеАрайлым: Бәрімізді сүйіп өпкен,Балаларға үйреткен.Әліппе мен ұстазғаБас иеміз құрметпен.Гүлден: Анам менің, әкем деАтам менен апам даШопан, ұшқыш, ғалым даНебір мықты дарын да,Тіл сындырып әріпкеАшқан алғаш әліппе.Дамир: Әліппем менің әліппемӨмірді көрем танып менҚайталап айтам мың ретӨзіңе көп - көп рахмет!Аделя: Таныстырып 42 әріппен,Қош бол менің қасиетті әліппем!Сенің арқаң оқи жаза білгенімСауатты адам санатына кіргенім.
1-жүргізуші: Бүгінгі жиналған ұстаздар мен ата-аналардың құрметіне және өздерінің бауыр-сіңілерін құттықтап келіп отырған бишілерімізді ортаға шақырайық.
Нурзада: Әр бетіңнен күнде алып сабақтыСен арқылы адам болдық сауаттыАлыстағы дос - туыстан хат алыпОларға да жаза аламыз жауапты.Қаир: Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріп те.Оқимыз қазір ертек теҮйреткен оны әліппеМалика: Іші толы әріпкеЖақсы кітап әліппеБарлық ілім - білімніңАғасы осы әліппе.Апа - ата атын сенБізге үйреттің әліппеБізге нағыз жақындыСенен білдік әліппе.Арайлым: Әліппе сауатыңмен санамды аштымДостарыммен теңдесіп араластым.Үйреніп әріптер мен әңгімені,Күн сайын алға қарай қадам бастым.

1-жүргізуші: Өмірде ана - бұлақ, ана - пана,Өмірді өркендетер ана ғана.Әкелген талай көсем, талай шешен,Талай ер, талай ақын, талай дана.2-жүргізуші: Келтірмес адамзатқа еш жаманат,Өзгеге көрсетері тек шапағат.Ананың жүрегінен орын алған,Ізгілік. Мейірбандық, һәм махаббат. Құрметті аналар қыздардың <<Қамажай>>биін қабыл алыңыздар.
Қаир: Анамыздай аялап,Ақылшы болған ұстазым.Өзіңнің ғана еңбегіңБиікке қанат қаққаным.1-жүргізуші: <<Ұстаз>> әнін __________________________________ орындауында қабыл алыңыздар.
Әліппе: Балалар, сендерге көп рахмет. Өнерлерің өте тамаша екен. Ал енді сендер осы әліппе оқулығынан не үйреніп, не білдіңдер?Балалардың жауабы тыңдалады.Әліппе: Жарайсыңдар балалар, санамақ жаттаған екенсіңдер, сол сандарды өсу ретімен айтып бере қойыңдаршы.Ортаға оқушылар шығып сандар бойынша өсу ретімен санамақ айтады.Әліппе: Балалар, мен сендерге құр қол келгенім жоқ, шамалы сыйлығым да бар, соны қабыл алыңыздар (кітап таратады).Мұғалім: Балалар, сендердің <<Әліппені>> жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-әжелеріңнің, папа-мамаларыңның қосқан үлесі зор. Ендеше осы кісілерге бәріміз алғыс айтайық.Бақытты балалығымыз үшін рахмет сіздерге, ата - ана!Ән: Бала тілегі Орындайтындар: ____________________,Дамир: Әліппе жарты жылдай жолдас болдымАна тілге әкеліп жалғастырдыңӘр әріпті қостырып, сөзін құрап,Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.Малика: Қош болып тұр, әліппе, анамдайсыңЖақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.Мен үйреткен әріптің құдіретіменДейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.1-жүргізуші: Сүйікті әліппемізбен қоштаса отырып, досымыздың құрметіне <<Біз бақытты балалар>> әнін ұсынамыз.Әліппе: Ал, балалар мен енді сендермен қоштасамын. Асар асуларың, алар шыңдарың биік болсын! Сабақты жақсы оқып, тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосар азамат, азаматша болыңдар!Мұғалім: Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден дей келе <<Әліппе>> курсын толық аяқтағандығы жөнінде шәкіртеріме сертификат тапсыруға рұқсат етіңіздер.
(сертификаттар тарату)
1-жүргізуші: Ойымыздан, бойымыздан күш тасып,2-жүргізуші: Жақсылықпен жасай берсін ұштасып.1-жүргізуші: Жерім жайнап, елім өсе түссе екен,2-жүргізуші: Елбасымның әр дегені іске асып.1-жүргізуші: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата - аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, келесі құттықтау сөзді сіздерге беремін.

2-жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Үйренгенге көрсеттік бүгін біздер
Осымен қоштасуды тәмамдадық
Алдымызда көбейсін нұрлы күндер.
Бірге: Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


Ұқсас жұмыстар
Тіл сындырып әріпке
Білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін тиянақтау
Білім патшасы
Әліппе - білім бастауы
Қош бол, сүйікті Әліппем атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Әліппемен қоштаспақ балаларың
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Әріппін ерке балаға
Қош бол, әйбат әліппе ( Тәрбие сағаты )
Білімнің бастауы болған Әліппеден
Пәндер