Файл қосу

Ғылым мен білімнің дамуы. 7 класс

§20. Ғылым мен білімнің дамуы. 7 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырлар кезеңінде өмір сүрген түрік ғұламалары мен олардың еңбектерін, өмірі мен өнегелерін оқушыларға баяндау.
Дамытушылық: оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылымға, білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру ғылым қайраткерлерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СКТТ, сұрақ-жауап, талдау.
Көренкіліктері: ғұламалар портреттері, тірек-сызба, карта
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, көңілдерін сабаққа бөлгізу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: ислам дінінің таралуына байланысты ғылым мен білімнің дамуын, жетістіктерін тереңдете оқыту.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімін тексеру.
* Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?
* Ислам діні қай кезде қабылданды? Оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?
* Ислам дінінің негізін қалаушы кім?
* Негізгі 5 парыздарды ата.
* Әлемдік діндерді ата?

IV. Жаңа сабақ.

Жоспары:
* Ғылымның дамуы.
* Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.)
* Тіл білімінің дамуы
* Махмұд Қашғари (1030-1090 жж.)
* Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.)
* Әдебиет
* Ахмет Игүнеки
* Қожа Ахмет Йассауи (1103-1167 жж)


Әбу Насыр әл-Фараби

Өмір сүрген кезеңі - 870-950 жж.
Туған жері - қазіргі Түркістан алқабының
Фараб аймағына қарайтын Отырар
қаласында дүниеге келген
Толық аты Әбу Насыр ибн Мұхаммед
ибн Узлағ Тархани ат-Турки

Білімі - Болашақ ғалым алғаш туған жері
Отырар медресесінде, кейін Шам, Исфахан,
Самарқан, Бұқара, Халеб, Мысыр, Дамаск қалаларында
оқып, жан-жақты білім алған. 70- ке жуық тіл білген

Еңбектері түрлі ғылым салаларында 150-ге жуық
еңбектер жазып қалдырды. <<Ғылымдардың шығуы>>,
<<Бақытқа жол сілтеу>>, <<Музыканың үлкен кітабі>>,
<<Сөз, шешендер туралы>> т.б.

Тарихтағы орны - Аристотельден кейінгі екніші ұстаз, ұлы энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын.Әл-Фарабидің логика мен медицина,
ғарышнама мен анатомия, философия, заң ғылымы сияқты ғылым
қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.

Қорытынды Тек шығыстың ғана емес, Батыстың ғылымы мен
мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым


Фараб аймағынан шыққан, ХІІ ғасырда өмір сүрген Исхақ әл-Фараби, Жауһари әл-Фараби, Ахмад әл-Фараби сияқты ғалымдар да ғылым мен біліинің дамуына өз үлестерін қосты.




Махмұд Қашғари

Өмір сүрген кезеңі - 1030-1090 жж.

Қашғария қаласы

Толық аты Махмұд Хусейн ибн
Мұхаммед Қашғари

Білімі - М.Қашғари алғаш Қашғар қаласында
кейін Орта Азия мен Иранның ірі
қалаларында білім алды.Араб тілін жетік білген

Еңбектері Мәңгі өшпес мұрасы - 3 кітаптан тұратын
<<Түрік тілдерінің сөздігі>> - <<Диуани лұғат ат-түрік>> еңбегі


Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен-жайлардың аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мәліметтер алады.






Жүсіп Баласағұни

Өмір сүрген кезеңі - 1021-1075 жж.

Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласы

Толық аты Жүсіп Хас Хажип
Баласағұни

Атақты еңбегі - <<Құт негізі - білік>>
(<<Құтадғу білік>>). Бұл еңбек алғаш рет түрік
тілінде жазылған

Еңбектері Мәңгі өшпес мұрасы - 3 кітаптан тұратын
<<Түрік тілдерінің сөздігі>> - <<Диуани лұғат ат-түрік>> еңбегі


Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарияда аяқтаған Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның сол еңбегі үшін
Ұлы Хас Хажип деген лауазым берген.








Ахмет Игүнеки

Туған-өлген жылдары белгісіз.

Туған қаласының орны да белгісіз.

Толық аты - Әдіб Ахмет Махмұдұлы



Халық көзі тірісінде <<ақындардың ақыны,
даналардың көшбасы>> деп баға барген.


Бізге жеткен еңбегі - <<Ақиқат сыйы>>.

<<Ақиқат сыйы>> дастанында халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады.


















Қожа Ахмет Йассауи

Өмір сүрген кезеңі - 1103-1167 жж.

Сайрам қаласында туған

Әкесі Ибрахим - ғұлама адам болған.
Шешесінің аты - Айша (бір деректерде Қарашаш).

Бала кезінен Йасы (қазіргі түркістан) қаласын
мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен
Ахмет Йассауи атанады.

Білімі - Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан білім алып,
Йасыға оралады. Арыстан бапты пір тұтады.

Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра <<Диуани Хикмет>>, яғни
<<Даналық кітабі>> түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.

Шәкірттерінің бірі - ғұлама ақын, ел ішінде Хакім Ата атанағн
Сүлеймен бақырғани халықты имандылыққа шақырды.









V. Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар.

* Қазақ жерінде ғылымның дамуына себеп болған жағдай?
* Әл - Фараби туралы әңгімелеңдер.
* М. Қашғаридің сіңірген еңбегі мен әйгілі шығармасы туралы айтыңдар.
* Ж. Баласағұни туралы не білесіңдер?
* Қожа Ахмет Йассауи туралы не білесіңдер?

Сәйкестендір:
Әбу Насыр Әл-Фараби <<Ақиқат сыйы>>
Махмұд Қашғари <<Музыканың үлкен кітабі>>
Қожа Ахмет Йассауи <<Диуани Хикмет>>
Жүсіп Баласағұни <<Диуани лұғат ат-түрік>>
Ахмет Игүнеки <<Құт негізі білік>>

VI. Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалау.

VІI. Үйге тапсырма: §20. Мәнжазба әзірлеу





























Әйке орта мектебі














Пән мұғалімі: Абдиганиев Б.Р.

Сыныбы: 7

















2011-2012 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Білімпаз. 4-сыныптарға арналған сайыс
Топтың аты
7-сынып, V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін
Бунақденелілер 7 сынып
Ғылым мен білімнің дамуы
Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілік
Ғылым мен білім
Орта ғасыр тарихы
Ғылым мен білімнің дамуы туралы
Цитология
Пәндер