Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Үстеу туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы : Үстеу туралы түсінік
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: үстеу туралы толық түсінік беру,білімін тексеру.
2. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақ барысында бірін-бірі тыңдайды, жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.
3. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі : СТО әдіс-тәсілдері, сұрақ-жауап,шығармашылық іздену.
Cабақ типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі : көркем әдебиет, слайд,т.б.
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Амандасу, түгендеу, топқа бөлу(түрлі-түсті кеспе қағаздар арқылы 4 топқа бөлу).
А. Қызығушылықты ояту.
<<Жіңішке, жалпақ сұрақтар>> стратегиясы.
Жіңішке сұрақтар
Жалпақ сұрақтар
1. Тұйық етістіктің жұрнағы қандай?
2.Әрі есім, әрі етістік болатын етістік түрін айт.
3. Қимыл-іс әрекет пен оны жасаушы арасындағы байланыс не деп аталады?
4. - ды, -ді,-ты, - ті жұранғын қажет ететін етістік қай етістік?
1. Тұйық етістіктің жұрнағы неге жалғанады?
2. Есімшенің жұрнақтарын ата.
3. Етіс деген не, оның түрлерін ата.
4. Сабақты, салт етістік деген не?
Ә. Мағынаны тану.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
1. << Тірек сөздер>> стратегиясы. (Өлеңдегі асты сызылған сөздерің қызметін анықтау.)
Бала ақырын жүрді.
Жұмыстан соң анам тез келді
Оны бұрын да көрген едім.
Босқа әуре болып жүр екенмін.
Жолдасымнан ілгері озып кеттім.
Аласұрып қайғырып еді.
(Балалар, біз өткен сабақтарда етістік, оның түрлерімен таныс болдық. Біз етістікпен жан-жақты таныс болдық. Сендер бастауыш сыныпта үстеумен таныс болғансыңдар. Біз енді үстеумен тереңірек танысатын боламыз.)
Мұғалім:
-Үстеу туралы не білеміз, еске түсірейік?
2. ББҮ
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
ІІІ. Жаңа сабақ:
<<ДЖИКСО І>> стратегиясы.
1-топ:
Үстеу деген...
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
2-топ.
Үстеудің сұрақтары...
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Қашан? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Қайда?
----------------------------------------------------------------------------------------------------
3-топ.
--------------------------------------------------------------------------------
Сын есім мен үстеудің айрмашылығын анықта.
Cын есім өзі анықтайтын сөздің алдында келеді және есім сөзбен тіркеседі. Ал үстеу қимыл, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, амалын білдіреді және тек етістікпен тіркесіп отырады.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
4-топ.
Үстеуге мысал келтіру.
--------------------------------------------------------------------------------
Ескі Еділ ерді көрген бұрын талай.
Мұғалім:
Сөйлемде мекен, мезгіл, амалды білдіретін сөздердің бәрі үстеу бола бермейді. Мысалы: Тастан түлкі табылар аңдығанға. Тастан сөзі қайдан? сұрағына жауап бергенмен, ол үстеу емес. Себебі, тастан сөзі шығыс септігіндегі сөз және үстеудің көнеленуінен жасалған.
Б. Ой-толғаныс.
ІҮ. ЖСТТ:
<<ББҮ>> стратегиясының <<Үйрендім>> бөлімін толтыру.
<<Дана үкілер>> стртегиясымен 285-жаттығуды талдау.
1. Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар.
2. Иллюстрациялық бейнелеу (сурет, сызба арқылы көрсету)
3. Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады?
4.Талқылауға болатын, ерекше көңіл бөлуге болатын пікір табыңыздар.
284-жаттығу. Үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрау.
283-жаттығу. Мақал - мәтел кітабынан үстеуі бар мақал-мәтел табу.
Ү. Бекіту:
<<Топтастыру>> стр.
Үстеу
<<Сәйкестендіру>> стр.
Берілген үстеуді сәйкестендір:
емін-еркін сөйледі
ақырын отырды
асыға күлді
бірте-бірте жүрді
әрең келді
балаша үйренді
таң сәріде сөйледі
Рефлексия.
Бүгінгі сабақ_________________________________________________болды.
Себебі_______________________________________________________болды.
Бағалау.
Үйге:
286-жаттығу.
Шығу парағы: (Мұғалімге тапсырады.)
Не үйрендім?
Сұрағым.
Пікірім.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz