Қанайналым. қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері

Сабақтын тақырыбы: Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға қан тамырлары және үлкен кіші қанайналымның шеңберлері туралы түсініктер беру.

2. Оқушылардың белсенділігін арттыру, әрекетін басқару, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.

3. Оқушыларды денені жетілдіру қажеттігін сезінуге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, плакат, « Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері»электронды көрсетілімдер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жүрек автоматизмі деген не?

2. Биоэлектрлік сигнал қандай құралмен анықталады? (электрокардиография)

3. Жүрек жұмысы қанша кезеңнен тұрады?Оларды ата.

4. Дене жүктемесі кезінде жүрек жиырылуының жиілігі мен күші қалай өзгереді?

5. Жүрек жұмысына жүйке жүиесі қалай әсер етеді? Олардың маңызы неде?

6. Гормондар жүрек жүмысына қалай әceр етеді? Оларды атандар.

Р/с
Мазмұны
Керекті сөздер
Р/с: 1
Мазмұны: …дегеніміз-жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті.
Керекті сөздер: Жүрек циклі
Р/с: 2
Мазмұны: Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең… деп аталады.
Керекті сөздер: Адреналин
Р/с: 3
Мазмұны: Жүректің жұмысын бүйрек үсті безінің гармоны-- … күшейтеді .
Керекті сөздер: 0, 1 сек
Р/с: 4
Мазмұны: Жүрекшенің жиырылуы… созылады.
Керекті сөздер: 0, 3 сек
Р/с: 5
Мазмұны: Қарыншаның жиырылуы …созылады.
Керекті сөздер: Жүрек автоматизмі
Р/с: 6
Мазмұны: Жүректің бір ретсоғуына барлығы …уақыт керек.
Керекті сөздер: 70-75
Р/с: 7
Мазмұны: Жүрек қалыпты жағдайда минутына …рет соғады.
Керекті сөздер: 0, 8 сек
Р/с: 8
Мазмұны: Жүрек жұмысына қалқанша без гармоны …де әсер етеді.
Керекті сөздер: Симпатикалық
Р/с: 9
Мазмұны: …. жүйкелер жиілікті жылдамдатып, жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін арттырады.
Керекті сөздер: Тироксин
Р/с: 10
Мазмұны: Қанның құрамындағы тұздар…жүрек жұмысын баяулатса, …күшейтеді.
Керекті сөздер: Калий, кальций

III. Жаңа сабақ жоспары:

1. Үлкен қанайналым шеңбері

2. Кіші қанайналым шеңбері

3. Қосымша деректер

а) кіші қанайналым шеңберінің ашылу тарихы ;

ә) үлкен қанайналым шеңберінің ашылу тарихы.

1. Тірек-сызбаны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру.

Адам организмінде қантамырлар бойымен үздіксіз қан ағады.

Қантамырлар түрлері:

-Артерия

-Вена

-Капилляр

2. Қанайналым: организмдегі қанның қанайналым мүшелері арқылы қозғалысы.

Қызметі: организм мен сыртқа орта арсындағы газ және зат алмасуды қамтамасыз ету.

Қанайналымның үлкен шеңберлері дененің барлық мүшелері мен ұлпаларына қоректік заттар мен оттекті жеткізеді. Ол сол жақ жүрекшеден артерия қаны түсетін жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Жүрек бұлшық еті жиырылған кезде артерия қаны сол жақ қарыншадан қолқаға түседі де, барлық мүшелер мен ұлпаларға, соның ішінде жүрекке де бағытталады. Қолқадан артериялар мүшелерге тармақталып, ұсақ артериялар мен капиллярлардың қалың торын түзеді. Капиллярлар қабырғасы арқылы дене ұлпалары мен қан арасында газ және зат алмасу жүреді. Капиллярларда ағатын артерия қаны қоректік заттарды, оттекті беріп, алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын алады. Бұл кезде артерия қаны вена қанына айналады. Көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны артерия қанына қарағанда қою болады. Капиллярлар арқылы бұл қан ұсақ венаға, содан кейін едәуір ірі венаға жиналады да, одан барлық қан екі үлкен қуыс венаға түседі. Қанды дененің жоғарғы жартысынан, бас, мойын қол және кеуде қуысынан жүрекке жоғарғы қуыс вена, ал дененің қалған бөліктерінен төменгі қуыс вена алып келеді. Екі қуыс вена да жүректің оң жақ жүрекшесіне түседі, осы жерде қанайналымның үлкен шеңбері аяқталады.

Үлкен қанайналым. шеңбері дегеніміз - қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға қайтып келу жолы.

Кіші қанайналым шеңбері

Оң жақ жүрекшеден вена қаны оң жақ қарыншаға түседі де, қанайналымның кіші шеңбері басталадыОң жақ қарынша жиырылғанда, қан оң жақ және сол жақ өкпеге қанды апаратын екі өкпе артериясына бөлінетін өкпе бағанына шығарылады. Өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішкентай тамырларға, содан кейін өкпе көпіршіктерінің қабырғасын қалың орап жататын капиллярларға тарайды. Өкпе капиллярларында қан көмірқышқыл газын беріп, оттекпен қанығады., вена қаны артерия қанына айналып, ашық қызыл түске айналады. Осыдан кейін артерия қаны венаға жиналады да, өкпенің төрт венасы арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады. Бұл жерде қанайналымның кіші шеңберінің артериясында вена қаны, венада артерия қаны ағады.

Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз - қаннын он жақ қарынша дан шығып, өкпе қызылтамырлары мен қылтамырлары арқылы өтіп, сол жақ құлакшаға келу жолы.

Қосымша деректер:

Кіші қанайналым шеңберінің ашылу тарихы:

Андрей Везалий мен Мигуэль Сервет қанайналым шеңберлерінің ашылуына көп үлес қосты. А. Везалий анатомияны ғылым ретінде дамытып, ең алғаш рет адам организміне сипаттама берді. Ғалым жаңа мектептің іргесін қалады. Кейіннен оның көптеген шәкірттері дәрігер және анатом болды. Везалийдің адам анатомиясын ХYI ғасырда орыс тіліне аударған Епифаний Славинецкий болды.

Алғашқы анатом ғалым Везалийдің еңбектері Мигуэль Серветке қан айналымның кіші шеңберін ашуына көмектесті. Ол қанның оң жақ қарыншадан шығып өкпе артериясы арқылы өкпеге баратынын дәлелдеді. Осылай 1559 жылы кіші қанайналым шеңбері ашылды.

Үлкен қанайналым шеңберінің ашылу тарихы:

Вильям Гарвей (1578-1657) ағылшын оқымыстысы, дәрігер алғаш рет қан айналымының тұйық жүйе екендігін айтқан. Ол жүректің қан айдайтын негізгі мүше екендігін, қанның көктамыр арқылы жүрекке, ал салатамыр арқылы жүректен шығатынын анықтады. Өз заманында үлкен қанайналым шеңбері туралы алғаш айтқан ғалым. Бірақ Гарвейдің божамына күмәнмен қарады. Кейіннен Антоний Ван Левенгук пен Марцелло Мальпиги бір-біріне байланыссыз қылтамырлады ашқаннан кейін, Гарвейдің божамының дұрыс екендігі дәлелдендірілді. Уильям Гарвей.

IV. Тапсырма. Түсініп, есте сақтаңдар!(анықтама жазу)

Қанның қанайналымның кіші шеңбері бйынша өту ретін анықтаңдар:

А) сол жақ жүрекше :

ә) өкпе капиллярлары;

б) өкпе веналары;

в) өкпе артериялары


Ұқсас жұмыстар
Қанайналым: "қанайналымның үлкен және кіші шеңбері"
Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы
Қантамырлары. қанайналым шеңберлері
Оқушылардың топпен өзара бағалауы
Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі
Жүректің құрылысы
Қанның артериялық қысымы. қанның тамырлармен қозғалысы
Ауаның ылғалдылығы
Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz