7-сыныпқа арналған сабақ: Ұлттық спорт түрлері - көкпар және дәстүрлі қазақ ойындары

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық cпорт түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу. Көкпар ойыны туралы мәлімет беру; сөздік қорларын молайта отырып, олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.

Cабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, асықтар, ұлттық ойындар суреттері, сандық, ноутбуктар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Келесі кезекте топтар өздерін таныстырады.

І топ Топтың аты- «Көкпар ». Ұранымыз: «Талапты ерге-нұр жауар». «Көкпар»-ұлттық ойын түрі.

ІІ топ Топтың аты- «Тұлпар ». Ұранымыз: « Хас жүйрікте мін болмас!». Тұлпар төрт түлік малға жататын, жүйрік ат.

Мұғалім :Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Асық санына байланысты оқушыларды бағалау

8 ‹ 5

7-6 ‹ 4

5 ‹3

III Жаңа сабақты қалыптастыру (бейнероликті көру)

Сабақтың тақырыбы қандай екен.

Ұлттық спорт түрлері

1. Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары немен байланысты?

2. Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?

3. Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?

-Біз бүгін қандай ұлттық ойын түрімен танысатынымызды, сөзжұмбақты шешейік, , ,, , ,

Жаңа сөздермен танысу

IV. сөздік жұмыс

а) жаңа сөздер

Көкпар -национальная спортивная игра, скачки с козлом

Серке - туща козла

Күш-жігер -сила

Төзімділік - терпеливость

Батылдық - мужество

Ептілік - ловкость

Қазандық - котел

Салым - очко

ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.

б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.

V. Мәтінді оқып түсіндіру.

а) мәнерлеп оқу (мұғалім)

Көкпар

Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар жігіттердің күш -жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.

Ойынға екі команда қатысады. Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады. Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.

ә) мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.

1. Көкпар қандай ойын?

2. Бұл ойын қайда кең тараған?

3. Көкпар ойынында жігіттердің қандай қасиеттерін сынайды?

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма . Берілген диалог бойынша сөйлесіңдер. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

-Қасен, сен ұлттық спорт ойын түрлерін ұнатасың ба?

-Иә, әрине, ұнайды.

-Қандай ұлттық спорт ойындарын білесің?

-Көкпар, күрес, қыз қуу, арқан тартысу, бәйге, теңге алу, аударыспақ, дойбы, асық ойындары, т. б.

-Иә, солай десе болады, маған да ұнайды.

-Иә, әсіресе наурыз тойында ұлттық спорттық түрлері кең көрсетіледі.

-Ұлттық спорттың тек наурыз тойында ғана емес, күнделікті тұрмыста да қолданғаны жақсы ғой.

-Әрине, мектепте арқан тартысу, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар өткізіліп жүр ғой.

Сұрақтар:

1. Қасен ұлттық спорт ойындарын ұната ма?

2. Қандай спорттық ойын түрлері аталды?

3. Қасен ұлттық спорт түрлерін қандай тойда көп көргенін айтты?

4. Мектепте қандай ұлттық ойындар ойналып жүр?

- Балалар, қазір біз ұлттық ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді бекітеміз. Ұлттық ойындар атауын есімізге сақтай отырайық.

VI. Ұлттық ойындарды ойнау.

1. «Арқан тартыс»(Білім тартысы) ойынын ойнау .

Екі топқа шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрау тапсырмасы беріледі .

Тұлпар тобы: 1) Айгүл, ойнайды, жақсы, тоғызқұмалақ, ойынын

2) Жарысы, наурыз, болды, мерекесінде, ат

3) Біздің, балалары, ауылдың, асықты, ойнайды, жақсы

Көкпар тобы: 1) Мен «Көкпар» теледидардан, көрдім, ойынын

2) Досанның, бірінші, бәйгеден, аты, алды, орын

3) Ойындары, көп, ұлттық, қазақтың, өте.

“Бәйге” ойынын ойнаймыз. Бұл
тапсырмада ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.

1 . . . - екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады.

2 . . . Ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құрылған.

3 . . . -алаң ортасынан көлденең сызық сызылады, ұзын жіп немесе арқан керек.

4 . . . - бұл -елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.

5 . . . -ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға 10 асық алынады.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып: Ұлттық спорт түрлері - көкпар және аударыспақ
7-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Ұлттық спорт түрлері мен сын есім түрлерін қайталау
Спорт - денсаулық кепілі: тоғызқұмалақ пен көкпар туралы сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Спорт - денсаулық кепілі және сын есімнің түрлері
Дене шынықтыру сабақ жоспары: қазақтың ұлттық ойындары - жаяу көкпар, қамалды қорғау, орамал тастау, жалғыз аяқпен күрес, омпы
Қазақ ұлттық ойындары бойынша мектептік сайыс: бағдарлама мен ережелер
7-сынып: Спорт және ойындар - британдық пен ұлттық ойындарды салыстыру
7-сыныпқа арналған физикалық сайыс (көкпар) сабақ жоспары
Қазақтың ұлттық ойындары: түрлері, тарихи-мәдени маңызы және сабақтық жаттығулар
Қазақ ұлттық ойындары арқылы физиканы оқыту: сайыс сабақ тәсілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz