Тараз қ. №4 Балдырған балабақшасына арналған Білім теңізіне саяхат - оқу-білімдік іс-әрекет жоспары (тәрбиеші Ансатбаева Света Амирадиновна, I санатты)


E:\Documents and Settings\Admin\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Акерке0091.jpg Ансатбаева Света Амирадиновна I санатты тәрбиеші. Тараз қаласы

№4 «Балдырған» балабақшасы

Білім теңізіне саяхат

Білім беру саласы : Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта. Бөлімі: Тіл дамыту, Көркем әдебиет, ҚМТҚ, Қоршаған орта, Жапсыру, Құрастыру. Мақсаты: 1. Балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындату

арқылы бекіту .

2. Балалардың шығармашылығын мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау

қабілетін дамыту.

3. Ұқыптылыққа өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу. Билингвалды сыңары: қыс-зима, көктем-весна

Білім беру саласы
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Білім беру саласы:

1. Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі.

Рефлексивті коррекциялау.

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Психологиялық сәт

Балаларды отырғызып, бүгінгі оқу іс-әрекетімен таныстыру.

Қазір қай мезгіл?

Қыс қанша айдан тұрады?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

2. Тосын сәт

Ғалымбек сиқырлы сандықпен кіреді.

Ғалымбек: Сәлеметсіздер ме балалар?

Сендердің мектепке барғыларың келе ме?

Сендердің мектепке барғалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы сандық алып келдім. Сандық ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Ендеше бұл сандықтың кілтін алу үшін, менімен бірге «Білім» еліне сапарға аттанайық!

Сапарға шығу үшін не керек?

Ал қандай көлік түрін білесіңдер?

Өте жақсы олай болса, бүгіналдымызда ақ қағазда нүктелер қойылған сол нүктелерді бір-біріне қоссақ қандай көлік шығады сондай көлікпен «Білім» атты кемемен сапарға аттанайық.

Ал енді, балалар біз кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

-Табиғат деген не?

-Денсаулық деген не?

-Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр.

-Су қандай?

-Су қайда болады?

-Суда нелер тіршілік етеді?

-Су астында не бар?

-Бұл «Білім» елі. Менің тапсырмам осы елде!

Есеп: Ағаш бұталарында үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады?

1. Бес алманың біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда шешуі

Өз қолыңда қалады?

2. Алдыңда үш балапан,

Артыңда үш балапан,

Ақ тауық пен балапан

Айтшы санын балақай?

3. Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне кім тез шешеді?

Ойын.

Сандар шатасты.

Мақсаты: Ретімен қою.

Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандық кілтінің бірінші бөлігін өздеріңе табыстаймын.

Балалар енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін, сапарымызды жалғастырамыз.

Балалар білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

-Өте жақсы балалар, білім туралы тақпақта білесіңдер ме?

Білім туралы тақпақ айтады.

Ғалымбек кілттің тағы бір бөлігін береді.

-Балалар біздер «Білім» еліне немен келдік?

-Мен енді уәдемде тұрып, сендерге кілттің соңғы бөлігін табыстаймын.

-Ал енді, балалар сиқырлы сандықты ашу үшін кілттің барлық бөліктерін таптық. Ендеше балабақшамызға тез жетіп алайық. Әндетіп бару.

-Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Балалар олай болса, осы үшбұрыш төртбұрыштан судан көрген балық суретін құрастырайық.

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,

Емін, еркін тыныста

Демінді ішке тез ал да,

Өз қолыңды алға соз,

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қолда бос тұрмасын

Шеңбер жасап зырласын.

-Ал енді, балалар біздің Ғалымбек ағамыздың әріптері де бар екен содан сөйлем құрап берейік.

Сендер менің сиқырлы сандығымның кілтін таптыңдар. Өздеріңнің ақылды екендеріңді дәлелдеп бердіңдер. Мектепке дайын екенсіңдер. Музыкамен ашу.

-Балалар енді сендер мектепке барасыңдар. Сондықтан сендердің достарың осы оқу құралдары болады.

Сау болыңдар!

Баланың іс-әрекеті:

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сәлеметсіздер ме балалар!

Қыс мезгілі

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Сәлеметсіз бе!

Иә

Иә

Көлік керек

Әуе, жол, су, жер асты көліктері.

Балалар нүкте арқылы қосты кеме үлгісі шықты

-Табиғат айналаны қоршаған бүкіл әлем. Бұл аспан, жер, өзен, көл, теңіздер, ағаштар, шөптер әлемі.

C:\Documents and Settings\Учитель\Рабочий стол\Весна\27.jpg

-Денсаулық дегеніміз денінің саулығы. Деніміз сау болуы үшін спортпен шұғылдануымыз керек, дәрумендер жеуіміз


Ұқсас жұмыстар
3-4 сынып оқушыларына арналған Ертегілер әлеміне саяхат: кітапханалық тәрбиелік-білімдік іс-шара
№37 Бәйтерек балабақшасының оқу іс-әрекет жоспары: Ертегілер еліне саяхат - Үйшік ертегісін сахналау арқылы тілдік және шығармашылық дағдыларды дамыту
Менің тәрбиешім: тәрбиеші еңбегінің маңызын қалыптастыруға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Жабайы аңдар: бала-бақшадағы оқу-танымдық іс-әрекет
№18 ЖОББМ КММ Балдырған тобының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы: Ұлттық аспаптар
Балдырған тобына арналған Ыбырай Алтынсариннің Әке мен бала ертегісінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық сыныбына К дыбысы мен әрпін оқытуға арналған оқу іс-әрекеті
Мектепалды даярлық сыныбының З дыбысы мен әрпін оқытуға арналған оқу-іс-әрекет жоспары
№4 Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің 1 қыркүйек - Білім күніне арналған Кел, балалар, оқылық салтанатты жиынының сценарийі және іс-шара тәртібі
Балабақшаға арналған оқу-іс әрекеті жоспары: Күзгі баққа саяхат - табиғатпен таныстыру, тіл дамыту және шығармашылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz