Химиялық реакция теңдеуі бойынша шектегіш реагент пен өнім массасын есептеу (9-сынып тапсырмалары)

Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу

9-сынып

Массасы 33, 3 г кальций хлориді бар ерітінді мен массасы 16, 4 г натрий фосфаты бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі?

Берілгені:

m (СаСl 2 ) = 33, 3 г

m (Nа 3 РО 4 ) = 16, 4 г

Т/к m (Са 3 РО 4 ) 2 )

Шешуі:

1-әдіс.

1) Реакция теңдеуін жазып, есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

ЗСаСl 2 + 2Nа 3 РО 4 = Са 3 (РО 4 ) 2 ↓+ 6NаСІ

М (СаСl 2 ) = 111 г/моль

М (Nа 3 РО 4 ) = 164 г/моль

М (Са 3 РО 4 ) 2 ) = 310 г/моль

2) Реакция теңдеуі бойынша :

З•111г СаСl 2 2 •164 г Nа 3 РО 4

33, 3 г СаСl 2 х г Nа 3 РО 4

33, 3 •328

х = = 32, 8 г

33, 3

3) 33, 3 > 32, 8 болғандықтан, кальций хлориді артық мөлшерде алынған. Әрі қарай есептеуді натрий фосфаты бойынша жүргіземіз:

2 •164 г Nа 3 РО 4 310 г Са 3 (РО 4 ) 2

16, 4 г Nа 3 РО 4 х г Са 3 (РО 4 ) 2

310 •16, 4

х = = 15, 5 г

328

2 -әдіс.

1) Есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

М(СаСl 2 ) = 111 г/моль

М(Nа 3 РО 4 ) = 164 г/моль

М(Са 3 РО 4 ) 2 ) = 310 г/моль

2) Есептің шарты бойынша реакцияға түсетін заттардың зат мөлшерін есептейміз:

m 33, 3 г

= ; (СаСl 2 ) = = 0, 3 моль

М 111 г/моль

16, 4 г

(Nа 3 РО 4 ) = = 0, 1 моль

164 г/моль

3) Реакция теңдеуін жазып, заттардың формулаларының үстіне анықтаған зат мөлшерін, ал астына теңдеу бойынша реакцияға түсетін зат мөлшерін жазамыз:

0, 3 моль 0, 1 моль ? моль

З СаСl 2 + 2Nа 3 РО 4 = Са 3 (РО 4 ) 2 ↓+ 6NаС1

3 моль 2 моль 1моль

Реакция теңдеуі бойынша 3 моль кальций хлориді 2 моль натрий фосфатымен әрекеттеседі. Бастапқы заттардың мөлшерін салыстырамыз: v (3СаСl 2 ) > v (2Nа 3 РО 4 )

3) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалатын болғандықтан, есептеуді натрий фосфаты бойынша жүргіземіз:

0, 1моль х моль

ЗСаСl 2 + 2Nа 3 РО 4 = Са 3 (РО 4 ) 2 ↓+ 6NаСІ

2 моль 1 моль

2 моль Nа 3 РО 4 1 моль Са 3 (РО 4 ) 2

0, 1 моль Nа 3 РО 4 х моль Са 3 (РО 4 ) 2

0, 1 •1

х = = 0, 05 моль

2

m = М • ; m(Са 3 (РО 4 ) 2 ) = 0, 05 моль•310 г/моль = 15, 5 г

Жауабы: 15, 5 г.

Массасы 10 г алюминий карбиді (Al 4 C 3 ) массасы 10 г сумен әрекеттескенде түзілен метанның (қ. ж. ) көлемін есептеңіздер. Берілгені: m (Al 4 C 3 ) = 10 г m (Н 2 О) = 10 г Т/к V (СН 4 ) Шешуі: 1) Реакция теңдеуін жазып, есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

10г 10г ?

Al 4 C 3 + 12Н 2 О = 3СН 4 + 4Al(ОН) 3

1 моль 12 моль 3 моль

144 18 V m =22, 4л/моль

М(Al 4 C 3 ) = 27 •4+12• 3 = 144 г/моль

М(Н 2 О) =1•2+ 16 = 18 г/моль

2) Есептің шарты бойынша реакцияға түсетін заттардың зат мөлшерін есептейміз:

m 10 г

= ; (Al 4 C 3 ) = = 0, 069 моль

М 144 г/моль

10 г

2 О) = = 0, 55 моль

18 г/моль

Реакция теңдеуі бойынша, 1 моль Al 4 C 3 12 моль сумен әрекеттеседі, 0, 069 моль Al 4 C 3 мен 0, 069•12=0, 828 моль су қажет. Демек, 0, 55 моль су 0, 069 моль Al 4 C 3 - мен әрекеттесуге жеткіліксіз. Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалатын болғандықтан, есептеуді су бойынша жүргіземіз:

3 1 0, 55 моль

3) (СН 4 ) = 2 О) = --- 2 О) = = 0, 137 моль

12 4 4

4) Реакция нәтижесінде бөлінетін газдың көлемін зат мөлшері бойынша есептейміз:

V(CH 4 ) = (CH 4 ) • V m = 0, 137 моль • 22, 4 л/моль = 3, 07 л

Жауабы: 3, 07 л.

ЕСЕПТЕР

1) Массасы 29, 2 г тұз қышқылы мен массасы 44 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзліген ас тұзының массасын есептеңіздер.

Жауабы: 46, 8 г.

2) Массасы 47 г калий оксидіне массасы 40 г азот қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген калий нитратының массасын есептеңіздер.

Жауабы: 64, 12 г.

3) Массасы 40 г мыс (II) оксидіне массасы 49 г сусыз күкірт қышқылымен әсер етті. Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.

Жауабы: 80 г.

4) Массасы 36 г алюминийге массасы 64 г күкіртпен әсер еткенде, түзілген алюминий

сульфидінің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 100 г.

5) Массасы 53 г натрий карбонаты бар ерітіндіге массасы 49 г күкірт қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген тұздың массасын есептеңіздер.

Жауабы: 71 г.

6) Массалары 34 г күміс нитраты бар және 34 г натрий хлориді бар ерітінділерді араластырды. Реакция нәтижесінде түзілген күміс хлоридінің массасы мен реакцияға түспеген натрий хлоридінің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 28, 7 г және 22, 3 г.

7) Массасы 10 г күкірт қышқылы мен массасы 9 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырды. Түзілген натрий сульфатының массасын есептеңіздер.

Жауабы: 14, 5 г.

8) Массасы 16, 8 г натрий гидрокарбонаты массасы 56 г тұз қышқылымен әрекеттесті. Реакция нәтижесінде түзілген көміртегі (ІV) оксидінің көлемін (қ. ж. ) және ракцияға жұмсалмаған заттың массасын есептеңіздер.

Жауабы: 4, 48 л және 47, 45 г.

9) Массасы 20, 8 г барий хлориді мен массасы 8, 0 г натрий сульфатының ерітінділерін араластырғанда түзілетін тұнбаның массасын есептеңіздер.
Жауабы: 23, 3 г.


Ұқсас жұмыстар
Қоспаның массалық үлесі белгілі болған жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
Химиялық теңдеулер мен реакция типтері: сандық есептерді шығару
Металдар мен олардың қосылыстары арасындағы генетикалық байланыс бойынша реагент пен өнімнің массасы мен зат мөлшерін есептеу
Қашықтан оқытуға арналған 8-сынып химиясының сабақ жоспары: химиялық реакция теңдеулерін құру
8-сынып химиясы: §14 Химиялық реакция теңдеулері - тренинг сабақ жоспары
8-сынып: Химиялық формулалар бойынша есептеу дағдыларын жүйелеу
Химиялық реакция типтері: қосылу және айырылу реакциялары
Химиялық реакция теңдеулері мен зат массасының сақталу заңы
8-сынып: Химиялық реакция типтері - орынбасу және алмасу
Химиялық реакция теңдеулерінде зат массасының сақталу заңы және теңестіру алгоритмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz