9-сынып: қоспасы бар заттардың массалық үлесі мен бөлінетін газ көлемін есептеуге арналған есептер

Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер

9-сынып

Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78, 4 л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.

Берілгені:

m (әктас) = 400 г

V (CO 2 ) = 78, 4 л

Т/к ω(қоспа)

Шешуі:

1) Реакция теңдеуін жазып, кальций карбонатының молярлық массасын есептейміз:

CaCO 3 = CaO + CO 2

1моль 1моль

М (СаCO 3 ) = 40 +12+16•3 = 100 г/моль

2) Көмірқышқыл газының зат мөлшері арқылы реакцияға түскен заттың зат мөлшерін табамыз:

V 78, 4 л

nu = ; nu (CO 2 ) = = 3, 5 моль

Vm 22, 4 л/моль

nu (CO 2 ) = nu (СаCO 3 ) = 3, 5 моль 3) Зат мөлшері бойынша кальций карбонатының массасын табамыз: m (CaCO 3 ) = 3, 5 моль •100 г/моль = 350 г 4) Әктастың құрамындағы қоспаның массасын анықтаймыз: 400 г - 350 г = 50 г 5) Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін есептейміз:

50 г

ω = = 0, 125 ( немесе 12, 5 %)

400 г

Жауабы: 0, 125 немесе 12, 5% .

Калий карбонаты мен натрий карбонатынан тұратын массасы 7 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдеді. Реакция нәтижесінде көлемі 1, 344 л (қ. ж. ) газ бөлінді. Қоспа құрамындағы натрий карбонаты мен калий карбонатының массалық үлесін есептеңіздер.

Берілгені:

m (қоспа) = 7 г

V (CO 2 ) = 1, 344 л

(қ. ж. )

Т/к ω (Na 2 CO 3 )

ω (К 2 CO 3 )

Шешуі:

1) Реакция теңдеуін жазып, есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

Na 2 CO 3 + H 2 SO 4 = Na 2 SO 4 + CO 2 ↑ + H 2 O 1моль 1моль

K 2 CO 3 + H 2 SO 4 = K 2 SO 4 + CO 2 ↑ + H 2 O 1моль 1моль

М (Na 2 CO 3 ) = 23•2+12+16•3 = 106 г/моль М (К 2 CO 3 ) = 39•2+12+16•3 = 138 г/моль 2) Қоспадағы натрий карбонатының массасын х г деп белгілесек, қоспадағы калий карбонатының массасы (7-х) грамға тең болады. Яғни,

m(Na 2 CO 3 ) = х г m(К 2 CO 3 ) = (7- х) г Натрий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың көлемін у л деп белгілесек, ал калий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газ көлемі (1, 344 - у) литрге тең болады: V 1 = у V 2 = (1, 344 - у) л 3) Реакция теңдеулеріндегі сәйкес заттардың формуласының үстіне белгіленген мәндерді қоямыз: х г у л Na 2 CO 3 + H 2 SO 4 = Na 2 SO 4 + CO 2 ↑ + H 2 O (1)

(7-х) г (1, 344-у) л K 2 CO 3 + H 2 SO 4 = K 2 SO 4 + CO 2 ↑+ H 2 O (2)

х у

= (1)

106 22, 4

(7 - х)

= ( 1, 344 - у) (2)

138

Бірінші теңдеуде у-ті х арқылы өрнектейміз:

22, 4•х

у = (3)

106

22, 4 • х

(1, 344 ) •138 = 22, 4 •(7 - х) (4)

106 Теңдеуден х-тің мәнін табамыз: 185, 472 - 29, 16•х = 156, 8 - 22, 4•х 6, 76•х = 28, 672 х = 4, 24 m (Na 2 CO 3 ) = 4, 24 г m (К 2 CO 3 ) = 7 - 4, 24 = 2, 76 г

6) Карбонаттардың массалық үлестерін формула бойынша есептейміз:

m (Na 2 CO 3 ) 4, 24 г

ω (Na 2 CO 3 ) = = = 0, 6057 ( немесе 60, 57 %)

m (қоспа) 7 г

m (К 2 CO 3 ) 2, 76 г

ω (К 2 CO 3 ) = = = 0, 3943 ( немесе 39, 43 %)

m (қоспа) 7 г

Есепті тексеру. Әрбір карбонат күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген көмірқышқыл газының көлемін сәйкес теңдеулер бойынша есептеп алып, көмірқышқыл газының жалпы көлемін табамыз:

1) Na 2 CO 3 + H 2 SO 4 = Na 2 SO 4 + CO 2 🡩 + H 2 O

1моль 1моль

Реакция теңдеуі бойынша:

106 г Na 2 CO 3 әрекеттескенде 22, 4 л CO 2 бөлінсе, 4, 24 г Na 2 CO 3 әрекеттескенде у 1 л CO 2 бөлінеді.

4, 24 •22, 4

у 1 = = 0, 896 л

106

2) K 2 CO 3 + H 2 SO 4 = K 2 SO 4 + CO 2 🡩 + H 2 O 1моль 1моль

Реакция теңдеуі бойынша:

138 г К 2 CO 3 әрекеттескенде 22, 4 л CO 2 бөлінсе, 2, 76 г К 2 CO 3 әрекеттескенде у 2 л CO 2 бөлінеді.

2, 76 •22, 4

у 2 = = 0, 448 л

138

3) у = у 1 + у 2 = 0, 896 + 0, 448 = 1, 344 л Нәтиже есептің шартында берілген газдың көлеміне сәйкес келеді.

Жауабы: ω(Na 2 CO 3 ) - 60, 57 %,

ω (К 2 CO 3 ) - 39, 43 %.

ЕСЕПТЕР

1) Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33, 6 л оттек түзілді. Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.

Жауабы: 36 %.

2) Құрамында 16 % қосындысы бар 119 г ізбестастан қанша литр көмірқышқыл газы бөлінетінін есептеңіздер.

Жауабы: 22, 4 л.

3) Көлемі 67, 2 л ( қ. ж. ) метан алу үшін жұмсалатын құрамында 3 % қосындысы бар техникалық көмірдің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 37, 1 г.

4) Көлемі 10 л этан мен этиленнің қоспасының құрамындағы этиленнің массалық үлесі 28 % . Бром суындағы бромның массалық үлесі 3, 2 % . Этан мен этиленнің қоспасымен әрекеттесу үшін жұмсалатын бром суының массасын есептеңіздер.

Жауабы: 625 г.

5) Натрий карбонаты мен калий карбонатының 10 г қоспасы суда ерітіліп, оған артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен әсер етілді. Реакция нәтижесінде бөлінген газ натрий пероксидінің ерітіндісі арқылы өткізілді. Нәтижесінде бөлінген оттек көлемі 1, 9 л (қ. ж. ) сутек газын жағуға жеткілікті болды. Реакция теңдеуін жазып, қоспаның құрамын (%) есептеңіздер.

Жауабы: ω(Na 2 CO 3 ) - 56, 5 %,

ω (К 2 CO 3 ) - 43, 5 %.

6) Массасы 1, 8 г натрий хлориді мен натрий иодидінің қоспасы суда ерітілді. Ерітінді арқылы хлордың артық мөлшері өткізілгеннен кейін, натрий хлоридінің массасы 1, 3 граммға тең болды. Бастапқыда алынған қоспа құрамындағы натрий иодидінің массалық үлесін (%) есептеңіздер.

Жауабы: ω (Na І) - 45, 6 %.

7) Құрамында фенол мен сірке қышқылы бар қоспаны нейтралдау үшін 20 %-қ 23, 4 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1, 1 г/мл) жұмсалды. Бастапқыда алынған қоспа бром суымен әрекеттескенде массасы 16, 55 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын ( г) анықтаңыздар.

Жауабы: фенол 4, 7 г, сірке қышқылы 28, 6 г.


Ұқсас жұмыстар
Қоспаның массалық үлесі белгілі болған жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
Химия (10-сынып): құрамындағы элементтердің массалық үлесі бойынша эмпирикалық және молекулалық формулаларды құрастыруға арналған қысқа мерзімді жоспар
10-сынып: Түзілген заттардың массаларын есептеу (сандық есептер)
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесіне есептер шығару - 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
8-9 сыныпқа арналған массалық қатыстар, тығыздық және жану өнімдері бойынша химиялық формулаларды анықтау есептері
Жанғыштық талдауға, массалық үлес пен тығыздыққа негізделген химиялық формулаларды анықтау әдістері мен есептері
9-сынып: Отын-энергетикалық кешеннің ерекшелігі мен маңызы және мұнай-газ өнеркәсібі
10-сынып: Молекулалық-кинетикалық теория және идеал газ күйінің теңдеуін түрлендіріп есептер шығару
Мұнай және газ өнеркәсібі: 9-сынып география пәнінің ашық сабағы
Органикалық заттардың ерекшеліктері: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz