Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сөз байлығы 10 сынып



Күні: 12.02.2013 ж.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 10 – гимназия
Пән мұғалімі: Н.Джапанова

Сабақтың тақырыбы: Сөз байлығы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: жаңаның жыршысы, шешендік шеберлікпен қаруланған,
келешек ұрпаққа тарихи мұра , рухани азық қалдырған ғасыр
ақыны, дара тұлға Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын талдай
отырып қазақ тілінің сөз байлығының ерекшеліктерін анықтау.
2. Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа
тәрбиелеу
3. Дамытушылығы: ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеттері: 1.Қазақ тілінің сөз байлығы жағынан өзге тілдерден
озықтығын дәлелді түрде сараптайды. 2. Оралымды тілге қойылар талаптарды,
сөз мағынасының қыр - сырын, сөздердің ойға қосар реңктерін ашады.3.
Аталмыш коммуникациялық сапаның шынайы құбылыс екендігіне көз жеткізеді.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, интерактивтік тақта слайдтары т.б.
- Құрметті оқушылар бүгін біз «Қазақ тілінің сөз байлығымен »
танысамыз. Сабағымызды Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен
байланыстырып өтеміз.
І. Ой қозғау. Топтастыру стратегиясы.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Сөз байлығы деген не?
мақал-мәтелдер
шешендік сөздер сөз сапасы

сөз дұрыстығы

сөз тазалығы

сөз әдебі
ақын, жазушы шығармалары

фразеологизмдер

синонимдер

афоризмдер

Сөз байлығының басқа да шығармаларда кең, ауқымды қолданылғанын
слайдтар арқылы көрейік.
Слайдтар.
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясында 3000 түр –түс атауы
қолданылған, оның 700 –і ақ түстің баламалары. Бұдан басқа романда 756
елді мекен аты, 216 шөп аты, 50 ер – тұрман атауы пайдаланылған. Эпопеяда
500 – ден астам кейіпкер қатысқан.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен терінде» «теңіз бетіндегі толқын»
ұғымының 40- тан астам баламасы бар. Мысалы еруіл толқындар, ирек
толқындар, көк толқындар, жал –жал толқындар т.б.

Қазақ тілінде «жылқы» сөзінің 80 түрлі синонимі бар.

ғасыр ақыны
«Қайран, Қарасазым -ай »
«Аққулар ұйықтағанда»
өлеңі поэмасы

Алматы облысы, «Жырлайды жүрек»
Нарынқол ауданына жинағы
қарасты Қарасаз
ауылында туған
шығармалары
«Өмір дастаны» жинағы
сөзге бай Жаңаның жыршысы

Мағынаны ашу. Сіздерге Мұқағалидың шығармаларынан алынған мәтіндерден
үзінді беріледі.
Бірінші топ. Мұқағали афоризмдері.
Екінші топ. Мұқағалидың «Әже» әңгімесінен үзінді
І топ
|Мәтіннен алынған үзінді |Түсінік |
|Адамның ғұмырынан қысқа не бар, |Бұл үзіндіге түсінік беретін болсақ адам|
|Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді. |өмірі өлшеулі, мәңгілік жасамайды, жас|
| |шамасы келгеннен соң, қартаяды деген |
| |ұғымды білдіреді. |
| |Тілімізде «Қамшының сабындай ғана қысқа |
| |ғұмыр» деген мәтел бар. |
| | |
|Тау бұлағы да ағады, |Мұнда «тау бұлағы» - тура мағынада |
|Ой бұлағы да ағады. |айтылып тұр. |
| |«Ой бұлағы ауыспалы мағынада». Адам ойы |
| |қиырсыз, қиялмен қиырға барар шексіз |
| |деген мағынада. |
| |Ой түбінде алтын бар, |
| |Ойлай берсең табарсың, |
| |Қанша ұзақ болғанмен, |
| |Жүре берсең табарсың. Деген мақалмен |
| |аяқтағым келіп отыр. |
|Шындық көзге шұқиды қашаннан да, |Мұнда шындық, ақиқат синоним сөздер. |
|Ар – ақиқат үкімі жасалғанда. |«Шындық көзге шұқиды» тіркесі ауыспалы |
| |мағынада айтылып тұр. |
| |«Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындық |
| |артық дегендей» , шындықты айту қашан да |
| |дұрыс. |

ІІ топ
Әже

Бір күні студент кезімде, Алматыда, Максим Горький көшесіндегі
универмагтан плащ алғалы барып, күтпеген жерден ауылдың екі адамына
кездесіп қалдым. Сәлемдесіп болғаннан соң сөзуар, пысықтау біреуі:
-Е, шырағым, өлмейтін өмір, сынбайтын темір жоқ. Әжеңді атандырдың
бұл
өмірден. Жасын өзіңе берсін, - дегенде, қойныма жылан кіріп кеткендей
денем суып сала берді.
Не дерімді білмей сәл кідірдім де, теріс айналып шыға жөнелдім.
Аяқ астынан естіген оқыс суық хабарға нанарымды, нанбасымды білмей
жатақханаға жетсем, жолдастарым да әдеттегідей емес, тіпті төреше
қарсы алып жатыр. Мәселенің растығына көзім жетті. Ішім езіліп барады.
Сылқ етіп төсегіме құладым да, жастықты қаба тістеп, егіле бердім,
егіле бердім.
Кім еді, қандай жан еді менің сүйкімді ғазиз әжем?

|Мәтіннен алынған үзінді |Түсінік |
|-Е, шырағым, өлмейтін өмір,сынбайтын темір |Өлмейтін өмір, сынбайтын темір – |
|жоқ. |афоризмдер |
|Жасын өзіңе берсін, - дегенде, қойныма |Қойныма жылан кіріп кеткендей – |
|жылан кіріп кеткендей денем суып сала |тұрақты тіркес (суық дегенді |
|берді. |білдіреді). |
|Аяқ астынан естіген оқыс суық хабарға |Суық хабар тұрақты тіркес |
|нанарымды, нанбасымды білмей жатақханаға |Төреше қарсы алу – фразеологизм |
|жетсем, жолдастарым да әдеттегідей | |
|емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр. | |
|Сылқ етіп төсегіме құладым да, жастықты|жастықты қаба тістеп, |
|қаба тістеп, егіле бердім, егіле бердім. |егіле бердім – өкіну. Адамның |
| |мұңаю, қайғырудағы бейнесі. |

Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан қандай сөз байлығын кездестірдік?

ІІІ. Ой толғаныс.
Кітаппен жұмыс. 113-тапсырма.

Синтаксистік талдау
1-топ. Құнды сөз құнарлы ойдан туады
2-топ. Жанды сөздің жалынын білім маздатады.

Қорытындылау.
Төле бидің сөзі.

Үй тапсырмасы.
1. 114-тапсырма.
2. Ақын Мұқағали Мақатаевтың ақ пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі
қолданған. Ақын жырларында ақ түсті басқа түске қарағанда көп
кездесетінін білеміз. Сондықтан Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар
ұйықтағанда», поэмасындағы ақ түске байланысты ұғымдарды теріп,
жазу.

Бағалау.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 
(1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) –
қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын,
өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер
үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Теміртас
 
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
 Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,
Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндерген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.

Үш жүздің ортасында Біржан едім
Бұл күнде қойды құдай шалықтатып
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті
Кем қылмай өсіріп ем Салтанатты.
Әкең ем аяйтұғын жаным ашып,
Жетсеңші білегіме арқан батты.

СЕГІЗ СЕРІ ӘНДЕРІ

Гауһар тас
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!
 
К а й ы р м а с ы:
 
Беу-беу гауһар тас,
Құсни құрдас,
Раушан жүзің көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
 
Ажарың ақ тулкідей қашқан құмнан,  
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал  
Жібекпен қызыл гәріс белін бұған
 
К а й ы р м а с ы.
 
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен алтын
сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.
 

І топ
|Мәтіннен алынған үзінді |Түсінік |
|Адамның ғұмырынан қысқа не бар, | |
|Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді. | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
|Тау бұлағы да ағады, | |
|Ой бұлағы да ағады. | |
| | |
| | |
| | |
|Шындық көзге шұқиды қашаннан да, | |
|Ар – ақиқат үкімі жасалғанда. | |
| | |
| | |
| | |

|Мәтіннен алынған үзінді |Түсінік |
|-Е, шырағым, өлмейтін өмір,сынбайтын темір | |
|жоқ. | |
|Жасын өзіңе берсін, - дегенде, қойныма | |
|жылан кіріп кеткендей денем суып сала | |
|берді. | |
|Аяқ астынан естіген оқыс суық хабарға | |
|нанарымды, нанбасымды білмей жатақханаға | |
|жетсем, жолдастарым да әдеттегідей | |
|емес, тіпті төреше қарсы алып жатыр. | |
|Сылқ етіп төсегіме құладым да, жастықты| |
|қаба тістеп, егіле бердім, егіле бердім. | |

ІІ. топ
|Мәтіннен алынған үзінді |Түсінік |
|Өкінбен, мұнайман да , өксімеймін, |Өкінбеу, мұңаймау, өксімеу лексикалық |
|Өмірім, осылай – ақ өшті мейлің. |синонимдер қатарын түзе отырып, сатылы |
|Алайда, аласапыран тіршіліктің, |көріністі көз алдыңа келтіреді. Бұл |
|Алдында күресе алмай тек сілейдім! |шумақта адамның сезімдері үш құбылысты |
| |қамтиды.Алдымен өкіну, одан соң мұңаю,|
| |өксу. Ақынның сөз саптау шеберлігінің |
| |өзі - әр сөздің мағыналық деңгейін |
| |реңктік деңгейіне қарай сараптай білуі.|
|Күнін көріп жүргем жоқ жетім құлдың, |«Не бітірдім, не тындырдым» |
|Бірақта не бітірдім, не тындырдым. |синонимдік айырым белгілері. |
|Шөп жинаған ініне суырдайын, |«Шөп жинаған ініне суырдайын» деп |
|Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым. |салыстыру арқылы тіршілік қамын |
| |ойлайтынын көрсетеді. |
| |«күрсіну, өкіну» сатылы синонимдер, |
|Не пайда күрсінгеннен , өкінгеннен, |синонимдердің айырым белгілерін заттық |
|Не пайда дәтке қуат бекінгеннен, |атаулар ұғымымен қатар, әрекеттік |
|Алайда емханада көз жұмғаннан, |ұғымды білдіретін сөздерден де тізбек |
|Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген |арқылы ажыратуға болады. Келтірілген |
| |мысалдардағы ерекшеленген етістіктер |
| |бір мезгілде жүзеге асатын әрекеттер |
| |емес, өз кезегі мен ретін күтуге тиісті|
| |құбылыстар. Мағына жағына келетін |
| |болсақ, бұл жерде ақынның патриоттық |
| |сезімі, ешкімге қажетсіз боп өмір |
| |сүргеннен халқыңның қажетіне жарап өлуді|
| |артық санайтынын байқаймыз. |

Күні: Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сөздің түсініктілігі
Сабақтың мақсаты : а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру;

ә) оқушының өзіндік іс әрекетін
дамыту;
б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке
баулу,сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: семинар
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,пікір айту,жаттығулар
әдісі,практикалық талдау.
Көрнекілігі: компьютер,үлестірмелі қағаздар т.б.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың
тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен
тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөздің түсінікті жетуі таңдап алған сөзімізге қатысты
екені белгілі. Тілде сөз өте көп, біз соның барлығын да қолдана бермейміз.
Олардың ішінде жиі пайдаланатын сөздермен бірге сирек ауызға алынатындары
да бар.
Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі
қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив
лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға
түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол, бір, сөз, оқу, айту
т.б.), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен
терминдер кіреді.
Сирек қолданылатын сөздерде халық тұрмысын, шаруашылық,
кәсібін анықтайтын сөздер көп кездеседі. Оларды этнографизмдер дейді.

Жаттығумен жұмыс: 51-жаттығу Сөздердің қай ғылым термині екенін
анықтаңдар

|экономика |әдебиет |тіл |география |Басқа ғылымдар|
| | | | | |

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Сөйлеудегі қосымша құралдар дегеніміз не?
2. Олардың қандай түрлері бар?
3. Жұрт алдында сөйлеу әдебі дегенді қалай түсінесің?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып
отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 52-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Сөз әсерлілігі
Сабақтың мақсаты : а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру;

ә) оқушының өзіндік іс әрекетін
дамыту;
б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке
баулу,сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық
іздену
Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар, деңгейлік
тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың
тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен
тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлеу мен жазудағы басты назарда ұстар қағидалардың бірі - сөздің
әсерлі жетуі. Сөздің әсерлілігі сөйлеушінің дауысына, сөйлеу мәнеріне,
сөздерді дұрыс таңдап ала білуіне байланысты.
Дауыстың түрлі болуына қарай біз көңіл-күй жағдайын,
сөйлеушінің ойға, іске қатынасын анықтай аламыз. Көптеген мамандық иелері
үшін дауыс үлкен рөль атқарады. Сөздің дәл, орнымен қолданылуымен қоса,
көркем де әдемі сөздерді таңдап алғанымен, орынсыз дыбысты, сөзді көтеру,
созу немесе ақырын айту сөздің, ойдың әсерін төмендетіп қана қоймай,
тыңдаушыны жалықтырып та жібереді. Екпіні, кідірісі дұрыс қойылған,
жағдайға лайық сөздер дұрыс таңдап алынған әңгіме, сұхбат, кез келген
жазбаша үлгідегі мәтін тыңдаушы үшін де, оқушы үшін де әсерлі болатыны
сөзсіз.
Сөздің әсерлілігінің екінші жағы - сөздің тура мағынасында
қолданумен бірге оны суреттеп, бейнелеп, ауыстырып айту.
Мысалы: қуанды дегеннен де «көзі жайнап, жүзі бал-бұл жанды» деген әсерлі
болары сөзсіз.
Сөз мағынасының басқа мағынаға ауысуы
Метафора тәсілі ~ сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде
астарлы тың мағына жасау. Мысалы: «Өзім -Күнмін, өзім - от» (Мағжан).
Осындағы «Күнмін», «от» метафора тәсілі арқылы ауыспалы мағынаға ие болған.
Метонимия - зат, құбылыс атауларының екінші бір зат құбылысқа
шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мысалы: Ақпа құлаққа айтсаң,
ағып кетер, Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (Мақал). Ақпа құлақ «ұғымсыз»
мағынасын, құйма құлақ «ұғымтал», «зерек» мағынасын ауыстырып тұр.
Синекдоха - жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе
керісінше қолданылатын мағына. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады.
Мақалда көп «халық», «ел» мағынасын береді.
Ауыспалы мағына метафора, метонимия, синекдоха, эпитет,
теңеу т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі. Ойды неғұрлым кең берем деп
тыңдаушы, оқушыға тегеурінді әсер беретін ауыспалы мағынадағы сөздерді тым
қоюлатып, сурет-сөзге әсіре еліктеп кетуге де болмайды.
Қорыта келсек, сөздің әсерлі жетуі сөзді мәнерлеп айтуға
қажет: екпін, дауыс кідірісі, дауыс күші, дыбыстың айтылу ерекшелігіне,
тілде бейнелеу құралдарын: метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеуді
орнымен қолдану, жағдайға қарай сөздерді дәл тауып, қолдануға байланысты.
Жаттығумен жұмыс: 56-жаттығу Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып
отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 55-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөз байлығы
Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік бере
отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып,
балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;
б) сабақ барысында оқушылардың
білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп
оқыту,
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын
тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен
тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөз байлығы әр адамның лексикасындағы сөздердің
мөлшерімен, көлемімен байланысты дегенмізбен де, ең негізгісі - ой байлығы.
Сондай-ақ, тілдегі бар сөздерді бір-бірімен жалғастырып, қиюластырып, әсем
де әсерлі жеткізу айтушы мен сөйлеушінің ой көкжиегінен де елес береді. Бір
сөзге бірнеше мағына сыйғызып, әр сөзді мән-мазмұн, стиль бояуымен жеткізу
ойлау қабілетімен, шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз байлығын терең
білудің ендігі бір жолы - халық тілінің дәстүрі мен әдеп ерекшеліктерін
меңгеру. Қазақ тілі көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай әсемдік пен
көркемдік тілді бүгінгі дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің тереңдігі
мен қиялының шексіздігін дәлелдесе керек.
Тілдегі лексикалық қабаттың үнемі дамып, толығып, өсіп, өзгеріп
отыратындығын білеміз. Бұл бірнеше тәсілдермен жүзеге асады.
- Сөз тудырушы қосымшалар арқылы;
- сөз мағынасының ауысуы арқылы;
- жаңа сөздер кіру арқылы;
- басқа тілден сөздер ену арқылы.
Аталған тәсілдер тілді байытатын ең негізгі әрі бастылары болып
саналады. Бұдан басқа тілде сөздің өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы, тұрақты
сөз тіркестерімен, сондай-ақ бір сөздің қоғамдық өзгерістерге қарай жаңаруы
тәсілдерін атауға болады.

Топпен жұмыс: 1-топ: Өз жолдастарыңның портретін жазыңдар
2-топ: Бүгінгі қыстың ызғарлы күнін
суреттеп жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Портрет дегеніміз не?
2. Пейзаж дегеніміз не?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып
отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 58-жаттығу.

-----------------------
Сөз байлығы

Мұқағали Мақатаев


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөз байлығы
Тіл мәдениеті. арнайы курс. 7 сынып
Тіл - ұлттың жаны
Сіздермен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы сөз байлығын қарастырып шықтық
Табиғат байлығы
Топ басшысының бағалауы
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің
Көкшетау - Қазақстанның Швейцариясы атанған өлке
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу жайлы ақпарат
«тіл маржанын теремін» атты жыр мүшайрасы
Пәндер