Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біріккен сөздер - Ізтілеуова Светлана, №102 орта мектеп, Бірлік ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ізтілеуова Светлана

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға біріккен сөздердің бірнеше түбірлерден

құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.

Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту,

шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Сауатты, көркем жазуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен сүйіспеншілікке толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым!

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткенді пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Ертегі «Айна мен Гүл» ертегісінің қойылымын оқушылар ролдер арқылы көрсетеді.

Мысалдар арқылы түсіндіру.

Айна Жалаңаш

Кер Сексен

Талды Ала

Жар Сасық

- Біздің сыныпта есімдері бірнеше түбірден құралған оқушылар бар ма?

- Ерасыл, Ерзат, Ерхан, Ақжүніс, Жанерке, Ақерке, Наурызхан.

Оқулықпен жұмыс.

33-жаттығу. Сөздерді оқу, көшіріп жазу, түбірлерін ажырату.

Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, жетіқарақшы, шекара.

35- жаттығу. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.

Аққұтан, шекара, көкжиек.

Сергіту сәті: Теледидардан бүгін бейсенбі күні «Қазақстан» ұлттық арнасынан көретіндеріңіз:

7. 00. «Таңшолпан» таңертеңгілік ақпаратты-сазды бағдарламасы.

9. 40. «Тілашар» балалар бағдарламасы.

10. 30. Мультфильм «Тасбақа мен саршұнақ».

11. 20. «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарлама

12. 50. «Бағдаршам»

13. 15. «Көксерек» балалар фильмі

15. 30. «Топжарған» интеллектуалды сайыс

16. 05. Корей телехикаясы «Ержүрек Ханзада»

17. 00. Мультхикая. «Сиқырлы ғаламшар».

18. 10. «Телқоңыр» музыкалық бағдарлама .

20. 00. «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі .

22. 00. «Айжұлдыз»

Ауа райы

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей : Ребус шешу.

Айгүл, Біржан, Алтынай, Үштөбе, Жетісу.

ІІ деңгей: Біріккен сөздерді теріп жазу.

Арба, Тайбурыл, көкпеңбек, Қызылорда, Қазалы,

Құтжол, балалар, Жандос, Көкшетау, Екібастұз.

ІІІдеңгей: Сәйкестендіру.

Күй тау

Мүйіз тауық

Бір көл

Күрке тұмсық

Ай қазан

Бота сандық

Ит дана

Марқа көз

Ала мұрын

ІҮ. Қорытындылау.

Біріккен сөздер

Үйге тапсырма беру. 36-жаттығу.

Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Қожабақы ауылы №25 орта мектеп оқушыларының есірткі, темекі және алкогольге қарсы шығармалары (Қазалы ауданы, Қызылорда облысы)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарабекова Лаура Бибитовнаға арналған ұстаздарға құрмет көрсету кеші
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасындағы Білгір химик сайысы
Ашық сабақ: Ә. Тәжібаевтың Толағай дастанын бекіту (Қазақ тілі мен әдебиеті, А. Наурызова, №55 С. Қожанов атындағы орта мектеп, Бірлік ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы)
7-сыныптың Қазақстан тарихы пәніне арналған ұзақ мерзімді жоспары (68 сағат), Алимова Гүлзира Мұратбайқызы, №114 орта мектеп, Қаракеткен ауылы, Жалағаш ауданы, Қызылорда облысы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы №116 орта мектептегі География шыңы - оқушылар арасындағы интеллектуалдық білім сайысы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8ә сыныбының 2010-2011 оқу жылы Жаңа жылдық бал-маскарад сценарийі
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біріккен сөздер
Аяулы ана асылым ертеңгілігі: 1-сыныпқа арналған сабақ-жоспар (Ақтам бастауыш мектебі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы)
№102 орта мектебінің бастауыш сыныптарына арналған Білімді шәкірт-ұстаз мерейі білім сайысының сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz