География сабақтарында ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолданудың тиімділігі

«География сабақтарында ақпаратты-коммуникативті технологияларды қолдану» атты география пәні мұғалімдерінің қалалық семинарында

өткенкоуч-сессиясында оқылған баяндама

Тақырыбы:

«Оқу мен оқытуда ақпаратты- қолдану тиімділігі»

(семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)

Математика мұғалімі: Калиакпарова А. Р.

F:\семинар\SAM_0917.JPG F:\семинар\SAM_0914.JPG

13 ақпан 2014 жыл


«Оқу мен оқытуда АКТ-ны қолдану тиімділігі»

Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін.

Конфуций.

Ақпараттық-коммуникативті технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестік күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деп атап көрсетті»

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникативті технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдылық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы Ақпаратттық-коммуникативті технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.

Тұжырымдамалық модель (құрылымы) арқылы теориялық білім арқылы сынилықтың артуы, тәжірибелік білім арқылы құзыреттіліктің артуы білікті мұғалім үшін, осы тұжырымдамалар өзара тығыз байланыста болуы қажет.

Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

  • Теледидар бағдарламалары;
  • Сандық теледидар;
  • Интернет/WWW;
  • Ұялы телефон;
  • Ұтқыр қондырғылар;
  • Компьютер/ноутбук.

Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)

Сандық сауаттылық - бұл сандық (видео) сауаттылық технологияны пайдалана отырып, ақпараттық орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін сыни тұрғыдан ойлауын әлеуметтік хабардарлығын оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді.

Технологиялық, педагогикалық және мазмұнды білім (ТПМБ)

АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді.

Дәстүрлі педагогика
Жаңа педагогика
Дәстүрлі педагогика: Кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу
Жаңа педагогика: Нені білуді және нені еске сақтауды шешу
Дәстүрлі педагогика: Мұғалім оқушыға білім береді
Жаңа педагогика: Мұғалім оқушыларға ақпараты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі
Дәстүрлі педагогика: Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады
Жаңа педагогика: Оушылар дискіге жазады және желіде жариялайды
Дәстүрлі педагогика: Анық, қолмен жазылған есеп
Жаңа педагогика: Кәсіби, қағазға басылған құжаттар
Дәстүрлі педагогика: Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі
Жаңа педагогика: Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі
Дәстүрлі педагогика: Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады
Жаңа педагогика: Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады

Ақпаратты оқыту технологисының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ең алдымен оқушының танымдық ойлау қабілеті мен білімі артады. Оқушылар шығарған есептерін өз беттерінше мұқият тексеріп, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын қалыптастырып, өзіне-өзі баға беру арқылы шығармашылыққа тәрбиелейді.


Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Химия пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың әдістемелік тәжірибесі
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Информатика сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесі мен электрондық оқулықтардың тиімділігі
Білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
География сабақтарында АКТ қолданудың коуч-сессиядағы практикалық жұмысы
Биология сабақтарында техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың әдістемесі және тиімділігі
Информатика сабақтарында бейне материалдарды қолданудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz