Түйе. 2-сынып. ана тілінен қысқа мерзімді жоспар

Пәні
Ана тілі 2-сынып
Пәні: Сабақтың тақырыбы:
Ана тілі 2-сынып: Түйе
Пәні: Сабақтың мақсаты:
Ана тілі 2-сынып:

Білімділік . Қазақ халқының ең қадірлі малы түйенің ерекшелігіне тоқталады. Оның еті, сүті, жүнімен қатар, күш көлігі ретінде қолданылатынын түсінеді.

Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтады, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіреді, төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтеді.

Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.

Пәні: Күтілетін нәтиже
Ана тілі 2-сынып: Өз беттерінше ізденеді. . Төрт түлік малды құрметтеуге үйренеді. Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Пәні: Сілтеме
Ана тілі 2-сынып: Оқулық 56-58 беттер
Пәні: Сабақта қолданылатын материалдар:
Ана тілі 2-сынып:

1. Стикер

2. Суреттер

3. Жетондар

4. Смайликтер

Пәні: Оқыту әдістері:
Ана тілі 2-сынып:

СТО

Оқыту үшін бағалау

1. жұппен жұмыс

2. топтық жұмыс

Пәні:

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ана тілі 2-сынып:

Даланың көркі -мал,

Өзеннің көркі-тал.

Бүгінгі біздің сабақта

Жырланады төрт түлік мал.

Төрт топқа суреттер арқылы бөлінеді. «Ойсылқара», «Зеңгібаба», «Қамбар ата», «Шопан ата»топтары болады.

Пәні: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ана тілі 2-сынып: «Сиыр» өлеңін әр топтан жатқа сұрау. «Сиырдың сүті-тілінде»тақырыбына жазған шығармалары талданады.
Пәні: Мақсат қою кезеңі
Ана тілі 2-сынып:

Төрт түлік атауларына жұмбақтар шешу

1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ

Мінсең қанат, сүті-дәрі, еті-тамақ. (жылқы)

2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар (сиыр)

3. Басында таяғы бар, иегінде сақалы бар (ешкі)

4. Үстінде екі тауы бар,

Кезікті бір жануар (түйе)

Пәні: ІІІ. Жаңа сабақ
Ана тілі 2-сынып:

Ой қозғау.

-Түйе туралы не білеміз ?Оқушылар өз ойларын айтады.

(Слайдтан көрсету)

Түйе-киелі жануар. Ол 40 күн аштыққа, шөлге шыдайды. Оның басқа түліктерден тағы бір ерекшелігі екі жылда бір рет боталайды. Ол ботасын он екі ай көтереді. Сүті дертке дауа. Біздің Маңғыстауды түйенің шұбатымен емдейтін «Тұщыбек »санаторийі бар. Түйенің жейтін шөбі-алабота, жантақ, теріскен. Түйенің үш түрі бар. Олар:інген, аруана, нар. Інген екі өркешті болады. Аруана -сыңар өркешті, сүті мол түйе. Түйенің төлі-бота. Ол сүйкімді жануар. Сондықтан аналарымыз өз баласын ботам, ботақаным деп еркелеткен. Қыздарына Ботакөз, Ақбота деген есімдерді қойған.

Пәні: ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Ана тілі 2-сынып:

1-топ Мақал-мәтелдерді оқып мағынасын түсіндіреді.

2-топ Өлеңді мәнерлеп оқиды.

3-топ Суретпен жұмыс

4-топ Түйенің пайдасын сызбаға түсіреді

Пәні: Ү. Сергіту сәті
Ана тілі 2-сынып: «Қай төл қалай дыбыстайды ?»Мұғалім әр төлдің атын атағанда оқушы сол төлдің дыбысын салады.
Пәні:

ҮI. Топтық тапсырмалар

«Сәйкестендір» -шығармашылық жұмыс

Ана тілі 2-сынып:

«Ойсылқара»тобы Түйенің пайдасы туралы жазады және мақал-мәтел айтады.

«Қамбар ата» тобы жылқының пайдасына тоқталады.

«Зеңгібаба» тобы сиырдың пайдасы туралы айтады.

«Шопан ата» тобы қойдың пайдасын айтады.

Төрт түліктің пірлері

Ойсылқара жылқы

Шопан ата сиыр

Зеңгібаба қой

Қамбар ата ешкі

Сексеката түйе

Төрт түліктің төлдері

Жылқы бұзау

Түйе қозы

Сиыр бота

Қой лақ

Ешкі құлын

Қай түліктің сүтінен жасалады ?

Қымыз түйе

Айран жылқы

Шұбат сиыр

Қай түліктің аталығы ?

Түйе айғыр

Сиыр қошқар

Жылқы бура

Қой теке

Ешкі бұқа

Пәні: ҮІII. Қорытынды
Ана тілі 2-сынып:

Не білдік ?

-Түйе сүтінен не жасалатынын білдік .

Қай түліктің аталығы екендігін білдік.

-Түйенің жүнінен не жасалатынын білдік .

Пәні: IX. Үй тапсырмасы
Ана тілі 2-сынып: Өлеңді жаттау. «Түйе-шөл кемесі» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу.
Пәні: X. Бағалау
Ана тілі 2-сынып: Смайликтер арқылы бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра Сілтеме
Мінездеме үлгісі
Сабақ нәтижесі. Сабақтың тақырыбы
Күй поэмасы
Орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігі
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері
Нұрқасым Қазыбеков.Наурыз көже
Қазақстан- малшаруашылықты аймақ
Сабақты жоспарлау
Өлең мазмұнын суреттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz