Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Тарихына табиғаты сай - ұлытау


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№27 жалпы орта білім беретін
мектебі» КММ, «ҚР оқу ағарту ісінің үздігі», жоғарғы санатты география пәні
мұғалімі Жүнісова Күлпаш Сәрсенбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Тарихына табиғаты сай Ұлытау.
Сабақтын мақсаты:
Білімділік:
Ұлан байтақ қазақ даласының географиялық орталығы Ұлытаудың
географиялық орны, табиғаты, табиғат ресурстары , тарихы жерлері,
экологиялық проблемалары және Ұлытаудың ұлылығын таныту
туралы қосымша деректерді пайдалана отырып, оқушылардың іздену дағдысын
қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Қазақ халқының қасиет тұтқан, аңыз-жырға қосқан ел ұраны Ұлытаудың тарихын
танып білуге отаншылдыққа, шығармашылық ізденіске, экологиялық
сауаттылыққа баулу.
Дамытушылық:
Жаңа технологияны меңгерту және ақпараттық мәліметтер мен ғылыми
деректерді пайдалану негізінде логикалық ой-өрісін, қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Өлкетану.
Сабақтың түрі: Танымдық-ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі:
Иллюстративті (бейнелі) сұрақ-жауап, тест, шығармашылық жұмыс жасау
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстанның физикалық картасы, интернативтік тақта, джойстик тест, Ұлытау
туралы слайдтар және гербарий.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, биология т.б.
Сабақтың ұраны:
Ұлытауға бардың ба?
Ұлар құсың көрдін бе?
Ұлылығын сездің бе?
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сергіту сәті.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» cтратегиясы.
3. Жаңа білімді меңгерту. «Көп ізденсең, көп білерсің» cтратегиясы.
4. Бекіту тест. « Іздеген жетер мұратқа» cтратегиясы.
5.Үйге тапсырма. «Жүйрік ой » cтратегиясы .
6. Бағалау.
Сергіту сәті әртүрлі бейелі смайликтерді көрсетіп, музыка қоямыз.
«Миға шабуыл» cтратегиясы.
1. Сарыарқаның географиялық орның картадан анықтап жаз:

(Солтүстік Қазақ жазығы).
солтүстікте

батыста
шығыста (Сауыр-

(Торғай үстірті.)
Тарбағатай

жоталары. )

Оңтүстік- батыста
(Тұран ойпаты.)
оңтүстікте
(Бетпақдала, Балқаш көлі.)

2. Географиялық диктант.

Сарыарқаның батыстан шығысқа дейін үзындығы 1200км ,
ені шығыс бөлігінде 400 км ені батыс бөлігі Торғай
үстіртімен шектеседі.
Қызыларай ең биік тауы оның биік нүктесі Ақсораң 1565метр

Қарқаралы тауының биіктігі 1403 метр Кенттің биіктігі 1460 метр
Шынғыстаудың биіктігі 1300 метр Баянауылдың биіктігі
950 метр . Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орманы өседі. Оңтүстік
беткейлері жалаңаш құзды болып келеді.
3. Кестені толтыр:
[pic]

«Көп ізденсең, көп білерсің » стратегиясы:

Қызығушылығыты ояту.
1. слайд-шоу. Ұлытауды қастерлеу елдіктің белгісі.Ұлытау туралы деректер,
суреттер көрсете отырып өлең жыр оқылдады.

Арқаның арғымақ төс Ұлытауын,
Қасында жүріп қалай ұмытамын.
Көз тойып, еңсем өсіп ұлы жерде
Жырға орап жүрегімді жылытамын. Ар
Айнала көк теңізге ұқсайды екен,
Кең дала көсем тауды қыспайды екен,
Өзі де ұлылығын ұққандай боп
Кеудесін көтеріңкі ұстайды екен.
Дара шың жазық төскей жер бетінде,
Паңдық бар, парасат бар келбетінде.
Табиғат әдейілеп орнатқандай,
Тас қорған қарауылшы ел шетінде.
Тау қамал доғаланған,күркеленген
Айнала жасыл желек күлтеленген.
Тау пана болыпты ғой жау келгенде :
Кіші елден,орташа елден,үлкен елден.
Өтіпті талай қырғын бөктерінде,
Жаңғабыл Қаракеңгір өткелінде.
Қайран ел, шыдадың-ау Ұлытаудың,
Жошылар жон терісін сөккенінде.
Қан сіңген Ұлытаудың топырағы,
Айтуға жан дүниең шошынады.
Көне көз, екі заман куәсі боп
Ұлытау ұлыларға қосылады.

Ұлытау бақытты өмір тұрағы бар,
Тау асқар Жезқазғандай ұланы бар.
Таулардың арманы да бола ма екен
Тұғырда Байқоңырдай қыраны бар.
Жаныңа талай жаңа сыр ұқтырар,
Бір көрсең тәтті түстей қызықтырар,
Жайраңдап күліп қарап әр шыңынан
Алдыңнан Қаныш аға шығып тұрар.

Табиғат бере салған әсем өңір,
Ауасы дертке шипа жанға-жеңіл
Біз түгіл, бұдан талай ғасыр бұрын
Тамсанып өткен дейді Ақсақ Темір
Ұлытау-Сарыарқаның бойтұмары,
Көңілге көріктеніп ой тұнады.
Елім деп еңіреген Едігенің
Ерлігі аңыз болып айтылады.
Бұл жерден Шыңғыс та өткен,
Жошы да өткен,
Есімін естігендер есі кеткен.
Ұлытау ғасырлардан қалған белгі,
Ғасырлар дариясын кешіп өткен.
Қазақтың басын қосқан бауырында,
Кие бар,киепет бар Ұлытауда.
Бір кезде Асан Қайғы армандаған
«Атымның сауырына симайсың »деп.
Туған жер сардаладан алыс,жырақ
Шет жерге шашыраған туыс,жұрат.
Шөліркеп жүрген болсаң осында кел,
Мейріңді қандырады күміс бұлақ.
Ұлытау-Сарыарқаның бойтұмары,
Көңілге көріктеніп ой тұнады.
Атағы, абройы Ұлытаудың
Тұрады мәңгілікке шалқып әлі.Қасында жүріп қалай ұммын.
Ұлытау жатыр қойнына
Шежірелерін жасырып.
Қастерлі мұнда ой,жыра-
Кердеңдей бассаң-асылық.
Бұлақтың маңы ескі
Ағады көзі де ашылмай,
Күші бар бірақ тепсінген,
Өтетін жанға бас ұрмай.
Қалмаған маңда жан неге,
Баяғы қоныс-бүгін жат.
Қайыңды тоғай әлде не
Айтайын дейді сыбырлап.
Жайлатпай жанға кең жерді.
Бабалар жауға шапқан жер.
Таптайын мен де ездерді-
Қай жақта жүрсің, ақтаңгер?
Көз тойып,еңсе
Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса,меніңше қазақ елі үшін Ұлытау
да соншалықты қастерлі...
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

"Қазақтардың ертедегі саяси орталығы Ұлытауда болғандығын осы өңірдегі
мәдениеттің материалдық ескерткіштері дәлелдейді".

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес,
тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге
келген жері болғандықтан Ұлытау атанған...

Әбіш Кекілбайұлы.

Ой қозғау сұрақ-жауап.

1.Ұлытаудың географиялық орны картадан көрсет?
Жауабы: Қазақстанның дәл кіндік нүктесінде орталық Қазақстанда орналасқан.
2. Солтүстік шығыстан- оңтүстік батысқа қарай ұзындығы 200 шақырымға
созылып жатқан тау жүйесін қалай аталады?.
Арқаның арғымақ төс Ұлытауын деп аталған.
3. Ұлытау деп неге атаған?
Ұлытау ерліктің, елдіктің туын тіккен,ел қорған болған жер. тарихи оқиғалар
туралы айтады.
4.Табиғат байлығын ата?.
Жезқазған Ұлытау өңірі пайдалы қазбаларға ,мысқа бай.
5.Ұлытаудың табиғат байлағын және тарихин зерттеген ғалым кім?

Қ.И.Сәтбаев мыс кенің ашқан, Алтын шоқыдан таңбалы тасты тапқан.
6. Алтын шоқыдан тарихи ескерткіш таңбалы тас кімнен қалған?
Атақты қолбасшы Ақсақ Темір Ұлытауға келгенде тасқа қашап жазып белгі
қалдырған.
7. Ұлытауда ұлы тұлғалардың ізі қалған деп неге айтады?
Алтын орданың соңғы екі ханы өзі би, өзі батыр Едіге мен Тоқтамысхан
Ұлытаудың ең биік шыңында мәңгілік мекен етіп қатар жатыр.
8. Қандай тарихи ескерткіштер бар ?
Алашахан, Жошыхан мазарлары бар.
9. Ұлытаудың табиғаты ерекшелігі қандай?
Таулы аймақтың климаты мен ауа райы қоршаған шөлейт жазықтан өзгеше. Жазда
тау ішінде ауа райы жанға жайлы қоңыр салқын, жұмсақ.
10. Ұлытаудың ұлылығын таныту үшін не істеу керек ?
Ұлыс кіндігі Ұлытау ұлт игілігіне қызмет етуі тиіс.«Ұлытау»
ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайын құру туралы мемлекеттік
шешім 1990 жылы 29 қарашада қабылданған.
.

Ұлытау
Сөз жұмбақ.

| | | | | |Ұ |  |  |  |  |  | | | | | | |  |  |Л |  |  |  |  |  |  | | | |
| |  |  |Ы |  |  |  | | | | |  |  |  |  |  |  |Т |  | | | | | | | | | | | |
|А |  |  |  |  |  |  | | | | |  |  |  |У | | | | | | | |

1. Іргетасы палезойға дейінгі заманда қаланған бүкіл Қазақстанның көне
аймағын ата. Ұ-ұлытау
2. Ұлытау тау жүйесіне кіретін тауларды атаңдар.
л-Желдіадыр
ы-Айыртау
т-Арғанаты
а-кішітау
у-нағу

«Іздеген жетер мұратқа» cтратегиясы.
Джойстик тест
1."Арқаның арғымақ төс Ұлытауы"өлеңін жазған ақынды ата ?
A) Шынболат Ділдебаев ;
B) Кәкімбек Салықов ;
С) Жүрсін Ерманов .
2."Ұлытау сыры" өлеңін жазған ақынды ата ?
A) Фариза Оңғарсынова;
B) Қадір Мырза-Әлі;
С) Тұманбай Молдағалиев.
3.Ұлытау қандай бағытта қанша км. созылған орографиялық құрылым ?
A) Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 км. ;
B) Батыстан шығысқа қарай 200 км. ;
С) Солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай 200 км.
4.Ұлытау таулы аймағының ірге тасы қай заманда қаланған ?
A) Докембрий заманында ;
B) Мезазой заманында ;
С) Кайнозой заманының неоген дәуірінде.
5.Ұлытау тау жүйесіне кіретін тауларды ата ?
A) Қызылтау, Жыланды, Ортау, Ақтау ;
B) Арғанаты, Желадыр, Айыртау, Кішітау ;
C) Ақсораң, Қызылтас, Қарамола, Қыземшек.
6."Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай қорығын" құру туралы
шешім қашан қабылданды?
A) 1990 жылы;
B) 2000 жылы;
C) 2010 жылы.
7.Ұлытаудан бастау алып Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзенді
ата ?
A) Қаракеңгір;
B) Қалмаққырған;
C) Терісақан.
8. Ғылыми құндылығы аса жоғары тар ареалды эндемик өсімдіктерді ата?
A) Тау кәді, алмұрт шөп, кіші секпілгүл, ірі жапырақты сары аңдыз, түрлі
қалақ сылдыр шөп ;
B) Кірпі қара тұқымы, альберт қызғалдағы, шренк тобылғысы, қылтықсыз
қызылот;
C) Өленшөп, қарақат, қойбүлдірген, долана, шренк қызғалдағы,майда
бозжусан .
9. Жезқазған аймағындағы көлдің қаншасы Ұлытауда ?
A) 10;
B) 7;
С) 5.
10.Ұлытауды қорғаудың шешуші жолы қандай ?
A) Халық аралық туризм орталығына айналдыру ;
B) Қорық статусын беру;
C) Экологиялық апат аймағы деп жариялау.
11.Ұлытау тауының ең биік нүктесін ата ?
A) Едіге ;
B) Ақмешіт;
С) Айыртау .
12. Ұлытаудан бастау алатын өзендерді ата ?
A) Сарысу,Байқоңыр ;
B) Тоқырауын,Торғай ;
С) Қаракеңгір, Сарыкеңгір.
13. Ұлытау аймағындағы көлдерді ата :
A) Қоскөл, Барақкөл, Кененбай ;
B) Ашыкөл, Қарақойын, Қабыршақты
С) Обалы, Тоғызбай, Дәнсары .
14. Ұлытауда қандай орман алқаптары бар ?
A) Көктеректі ;
B) Аққайыңды ;
С) Қарағайлы .
15. Қазақстанның қызыл кітабына енген Ұлытауда кездесетін құстарды ата ?
A) Қасқалдақ және безгелдек ;
B) Сұңқылдақ аққу және қоқиқаз ;
С) Ақбауыр бұлдырық және ақбас тырна.
16.Ұлытаудың ауа райына әсер ететін фактор.
A) Жер бедері ;
B) Ұлытау тауының көлбеу орналасуы;
С) Географиялық орны.
17. Санкт-Петербург эрмитажында тұрған қандай жәдігер Ұлытаудан табылған ?
A) Әмір Темірден қалған таңбалы тас
B) Мыстан құйылған Тайқазан ;
С) Қайыңнан иілген киіз үй ағаштары.
18.Ұлытау деп неге аталған ?
A) Таудың биіктігіне байланысты ;
B) Қазақ даласының кіндігі, географиялық орталығы;
C) Қазақ халқының тұтастығын сақтап, үш жүздің бірлігін қосқан жер.
19. Ұлытау туралы ерте кездегі географиялық деректер кімнің еңбегінде
кездеседі ?
A) Геродот "Тарихына" ;
B) Страбон "Географиясы" ;
С) Птолемей "Географияға жетекші".
20. Қ.И.Сәтбаев Әмір Темірден қалған таңбалы тасты қай таудан тапқан ?
A) Алтыншоқы ;
B) Арғанаты ;
C) Айыртау .

«Жүйрік ой» стратегиясы. Ғылыми жоба.
тақырыптары:
Бәрінің бастауы табиғат.
Барды бағалай білейік.
-----------------------
Сарыарқаның
батыс бөлігін ерекшеліктері.

Солтүстік-батысында Көкшетау
биіктігі 900м

Теңіз-Қорғалжың
ойысы
екіге бөледі.

Оңтүстік-батысында
Ұлытау
биіктігі1134м


Ұқсас жұмыстар
Сарыарқа жайлы ақпарат
Жезкиік - ғұмыр (поэзия кеші)
Таулар
Аласа таулар туралы
Аласа таулы өлкелер
Таудың пайда болуы 8 сынып
Тік ості жел электр генераторлар
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Атажұрт (географиялық-танымдық сайыс)
Табиғат және қорық. қорық табиғат жанашыры 4-сынып
Пәндер