XXI ғасыр көшбасшысы: Озық ойлы оқушы білім сайысының сценарийі

XXI-ғасыр көшбасшысы

Тақырыбы : Озық ойлы оқушы

1-жүргізуші

Сәлем достар, аман ба?

Мына бейбіт заманда,

Қуантамын бәріңді,

Білімдіден қалам ба?

Құрметті: ұстаздар, оқушылар!

Сіздер: « Озық ойлы оқушы» атты сайысқа келіп отырсыздар!

Білім сайысын ашық деп жариялаймыз!

Ақыл тон аңдығанға тозбай тұғын,

Білім кен қанша болса азбай тұғын.

Қатарың озып шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз!

(ортаға қатысушылар келеді)

1: «Сұңқар тобы»

2: «Талапкер»

3: «Жас талап»

4: «Жұлдыздар»

2-жүргізуші

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде,

Өзіндік иенің үнім бар, - дегендей, білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін!

(жеке -жеке топтар таныстырады)

  1. жүргізуші:

Әділ қазыға ақ қазыға бер сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!

1. Қолғанатова Рзагүл апай

2. Тілеужанова Алтын апай

3. Гүлшара Инабатовна

2- жүргізуші

Сайыстың өтілу барысын түсіндіру Сайыс 4 бөлімнен тұрады

1-Бәйге

2-Тіл- өнер

3-Жеті жұмбақ

(бірінші бөлімнің шартын түсіндіру)

4-Тест сұрақтары бойынша жарыс, 6 сұрақ беріледі. 3 жауап бар, бір жауап дұрыс.

Бәйге десе бұлқынбас жас боларма-деп бірінші бөлім «Бәйгені» бастайық!

аңсаған кім?

Ал, іске сәт!

Сайыскерлеріміз тапсырманы орындағанша кезекті Байменова Нұргүлге берейік!

Тест

1. Ең бірінші бақытым-Халқым менің

. . . Ал екінші бақытым- Тілім менің

. . . Бақытым бар үшінші -Отан деген! Кімнің өлеңі?

1. Мұқағали Мақатаев

2. Бауыржан Момышұлы

3. Мұхтар Шаханов

2. Ұлы Отан соғысына қатысып Отанымызды жаудан қорған халық батыры кім?

1. Сәбит Мұқанов

2. Бауыржан Момышұлы

3. Бердібек Соқпақбаев

3. Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым ақын аудармашы кім?

1. Мағжан Жұмабаев

2. Сәбит Мұқанов

3. Ахмет Байтұрсынұлы

4. Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар.

  1. Тасбақа
  2. бақа
  3. Көлбақа

5. Өлеңмен жазылған шығарма?

1. Әңгіме

2. Поэма

3. Повесть

1- Жүргізуші :

«Кім жұмбаққа жүйрік»- екен

«Тіл -өнерді» жалғастырайық!

Бұл бөлімнің шарты жұмбақтың шешуін 3 тілде айтамыз! 1-Ж: 1. Бүгін киген тоным бар

Ертең болар қара тон

Қара тоным аздан соң

Болып кетер ала тон.

(Жер, Земля, а arth)

2-Ж:2. Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас.

(Жұлдыз, звезда, а star)

1-Ж:3. Құтғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың.

(тұз, соль, а salt)

2-Ж:4. Қабат қабат қаптама,

Ақылың болса аттама

(Кітап, книга, а booк)

1-жүргізуші :

Көрермендер көрімдігі ретінде «Мақал сөздің- мәйегі» деп көрермендерді жарыстырсақ. Осы жұмбақтың шешулерінен мақал- мәтел шығару қажет!

2-жургізуші :

III-бөлім: «Жеті жұмбақ» бөлімінің шарты: пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру.

Қазақ тілі :

1. Етістіктің райлары?

2. Синоним дегеніміз не?

3. Антоним дегеніміз не?

4. Соз таптары нешеу?

5. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)

6. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42)

7. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

1- жүргізуші :

Биология

1. Тірі организмдерге не жатады?( Өсімдіктер, жануарлар т. б)

2. Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар?(Елік, суыр, арқар т. б)

3. Өсімдік қалай қоректенеді?(Оттегімен)

4. Жануар мен өсімдіктердің айырмашылығы?(жан. Жүреді, өсімдіктер біржерде өседі)

5. Қандай құстарды білесіндер?

6. Тамырда қандай бөлімдер болады?( тамыр оймақшасы, өткізгіш, сору т. б)

7. Гүлдің құрылысын ата? ( аналық, аталық, тос. Т. б)

2-жүргізуші:

Физика:

1. Пішіні мен формасын сақтайтын аққыш зат? (СУ)

2. Жылдамдық пен уақыт көбейтіндісі? (жол) S=V-T

3. Күнге ең жақын орналасқан планета? (меркурий)

4. Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал?

(психрометр)

5. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

(параллель)

6. Жарық жылдамдығының шамасы неге тең?

(3 км/сек. )

7. Координата жүйесін енгізген ғалым?

(Дерорт)

1-жүргізуші :

География:

  1. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
  2. Перудің астанасы? (Лима)
  3. Ақмола облысындағы қорық (Қорғалжың қорығы)

4. Дүние жүзіндегі ең үлкен бұғаз?

(Мозамбик)

5. Ең биік сарқырама?

(Анхель)

6. Су бетіндегі жүзіп жүретін мұз тау?

(Айсберг)

2-жүргізуші :

Ақырғы, «Жорға» бөлімін жалғастырайық.

1. Ең ащы көл (Қарасор)

2 Көпікті күтетін жер (Аялдама)
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)


Ұқсас жұмыстар
Озық ойлы оқушы - оқушыларға арналған білім сайысының мақсаттары, ережелері және турлары
Мектепішілік Озық ойлы оқушы сайысының бағдарламасы мен өткізу жоспары
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының жоспары, кезеңдері және сұрақтары
Озық ойлы оқушы: дарынды оқушыларды анықтауға арналған математика кешінің сценарийі
ХХІ ғасыр көшбасшысы: мектеп оқушыларына арналған пәнаралық білім сайысының сценарийі
Информатика пәнінен Озық ойлы оқушы сайыс сабақ жоспары
Бұлақ орта мектебінің XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойынының сценарийі
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының тәрбие сағаты сценарийі (3-4 сынып, Құмсай бастауыш мектебі, 2012-2013 оқу жылы)
Сыныптан тыс математикалық сайыс Озық ойлы оқушы: сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысының сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz