Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Директор болуды армандамаған мұғалім, мұғалім бе?
[pic] Айгерім Төребайқызы КЕНЖЕБАЙ,
Астана қаласы, Ғали
Орманов атындағы № 7мектеп-гимназияның ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі
Эссе
Директор болуды армандамаған мұғалім, мұғалім бе?
Сәл шегініс. Адам баласы өсу үшін жаралған. Ана құрсағынан «шыр етіп»
дүниеге келгеннен кейін-ақ күн санап өсе бастайды. Балабақшадан тәрбие
бастауын алған бала мектепке барғаннан соңғы тәрбиені біліммен ұштастыра
түседі. Ал мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан бозбала мен бойжеткен әрі қарай
өздері таңдаған мамандық жолын қуалап, екінші өмірге талпыныс жасайды.
Міне, бұл да өсудің бір жолы. Ал қайсыбір мамандық иесі атанғаннан кейін
қолына дипломын алған жас талғамы мен талпынысына қарай өз қалауымен
белгілі бір қызметке кіріседі.
Осы сәттен бастап адамның арманы асқақтап, асыл биіктерді бағындыруға
машықтанады.
Арман. Мақсат. Мансап. Санасын сан жаққа жүгірткен адам армандай алады.
Алдымен қиял туындайды. Қиялданған жан ғана алдына жағымды жоба әзірлеп
алады. Сәтті шыққан жоба арқылы арманға жетудің мақсатын алға қояды. Ал
мақсат бар жерде, талпыныс та, талап та болады.
Маман. Адам баласы не нәрсеге икемі келсе, соған қарай бейімделе береді.
Мамандықты таңдау кезінде бұл қасиеттің өзі байқала бастайды. Сондықтан
мамандықтың иесін «маман» деп атайды. Маман болған соң ол адам алға қарай
қарыштай түсу керек. Яғни, өз ісінің нәтижесін көрсету қажет. Қабілеттілік,
іскерлік, ізденімпаздық қасиеттері арқылы белгілі бір дәрежеде мамандықтың
ашылмаған қырларын көрсету керек. Кәнігі шебер болып танылған жан қабілет-
қарымына қарай өсе береді.
Иә, өсу дегеніміз, жәй қатардағы маманнан дәрежесі сатылап көтерілетін
дарынды жандардың еңбек бағамы. Ол әрине, мамандықтың түріне қарай әр қилы
болып келеді. Мысалы, әскери шенділер: «Генерал болуды армандамаған солдат-
солдат емес» дейді. Бұл жерде олар қатардағы сарбазды төмендетіп отырған
жоқ, керісінше, олардың әскери тәртіпті толыққанды игеріп, тек алға қарай
талпыныс жасатып, жігерлендіріп, қайраттандыра түсу.
– Әй, Қайрат-ай, Мұраттан қалғаның – бос болғаның ғой. Әйтпесе, содан қай
жағың кем,– деген еді әжесі ренішін жасырмай. – Араға көп күн салмай-ақ
Мұрат беделді жігіттердің қатарына қосылды.
Міне, назар салсақ, көңіл бөлсек, алмас асу – бұзбас қамал жоқ. Адам
баласының да арман қуалап, дегеніне жетіп жатқаны осының айғағы. «Болмасаң
да, ұқсап бақ» дейді Абай атамыз. Нағыз көрегендікпен айтылған сөз.
Еңбек пен оқу-егіз. Осы екі ұғымды дұрыс түсінген жан әркез алға ұмтылыс
жасайды. Екеуін ұштастыра отырып, өрге қарай өрмелеу керек. Біліміңмен
біліктілігіңді көрсетуің қажет. Ұйымдастырушылық қабілетіңді шыңдауың
керек. Бойыңдағы ойыңды оятып, сана мен сезіміңді қатар өрбітуің тиіс.
Сонда ғана мақсат үдесінен көрініп, бір қадам арманның ұштығын бағындыра
түсесің.
Адамда арман таусылмайды, таусылмақ емес те. Бірақ, соған қол жеткізу үшін
көп тер төгу керек. «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген. Үлкен
кісілер: «Бақытты бол, арманыңа жет» дейді. Демек, арманға жету үшін
алдыңда көп істің бары осы жерде де байқалып тұр.
Азды-көп арманға жетудің жолдары айтылды. Ал, мансап жайлы не айтуға
болады? Арман қуған жанды мансапқорлық деуге болмас. Өз еңбегімен емес,
«белгілі бір жандардың» көмегімен лауазым иесі атануды «мансап қуалау»
деуге болады.
...Арман – алға жетелейді. «Армансыз күнім болмайды» деп ақын жырлағандай,
естен кетпес, жатқанда түсінде, жүрсе де, тұрса да ойында болатын қиялдағы
арманға екінің бірі қол жеткізе алмасы ақиқат. Алайда, «үмітсіз шайтан»
демекші, барынша талпынып, істің тетігін тапқан жан өз дегеніне жетеді.
Демек, алысты жақындатып, жақынды икемдеу арқылы асқақ арманды бағындыруға
болады.
Директор болуды армандамаған мұғалім, мұғалім бе? Бұл жерде де сол бәз-
баяғы солдаттың жайын айтқан жөн болар. Айырмашылығы – ол мұғалім,
гуманитарлық. творчествалық қызметтегі ізденіс иесі. Әрине, кез-келген
мұғалім директор бола алмайды. Оған дейін бірнеше сатыдан өту керек. Ол жәй
саты емес. Мол тәжірибе, өнегелі еңбек, үлгілі іс, ұйымдастырушылық
қабілет, білімді де білікті басшыға лайық саяси сауаттылық, сабырлылық, кез-
келген жанмен тіл табысу сияқты ізгі қасиеттерді жанына жақын тұтқан биік
тұғырдағы маман сол лауазымға сай бола алады.
Ал, мұндай қасиеттерді біз № 7 мектеп-гимназия директоры Ж..Айтованың
бойынан көре аламыз. Кейінгі толқындар арасынан директор болуға талпынған
мұғалімдер сол кісіден үлгі алулары тиіс. Екінші жағынан бұл лауазымға
лайықты жанды директордың өзі анықтап, соған қарай баулиды.
Иә, мұғалім көп, директор жалғыз. Сондықтан алдамшы арманға алаңдамай, жан
тәнімен, адал да таза, табысты еңбекпен көтеріліп, директорлық таққа
отырса, мазасыз ойдың алға жетелеп, арманмен табыстырғаны деуге болады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – мұғалім директор болуды армандаса да,
армандамаса да мұғалім. Өйткені ол өте қадірлі де қастерлі мамандық иесі.
Кез-келген маман ұстаздан дәріс алады. Сондай ұстаздың бірі мен. Мен де
алысқа көз саламын, армандаймын. Жоғары биіктерді бағындыруды армандаймын.
Ұстаздың ұстазы болуды армандаймын. Қанатым талмай, «көктен көрінсем» деп
армандаймын. Арман көп, тек соның алдамағанын, қиялымды арбағанын, алға
қарай жетелей беруін армандаймын, директорымның жолын берсін деп
армандаймын...
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz