Қайталау – оқу анасы. 8 сынып

Қилыбаева Айгерім Амандыққызы,

Б. Қаратаев атындағы Саралжын орта

жалпы білім беретін мектебі.

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы,

Мұхит ауылы.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау - оқу анасы

/Салалас құрмалас сөйлемдер/ / 8 - сынып /

Сабақтың мақсаты: а/ Теориялық білімдерін практикада қолдану,

өткен тақырыптарды пысықтау, бекіту

ә/Оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін шыңдау,

адамгершілікке тәрбиелеу

б/Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа

баулу

Сабақтың типі: Қайталау

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: СТО жобасы стратегиялары

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар, интерактивті тапсырмалар, үнтаспа

Сабақтың барысы : І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Ой - толғаныс

І. Қызығушылықты ояту: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

«Категориялы топтастыру» стратегиясы бойынша тақырыптан не білеміз, соны топтастыру.

ІІ Мағынаны тану

/ЖИГСО әдісі бойынша 4 топқа берілген салалас құрмалас сөйлемдерден салаластарды мағынасына қарай ажырату, өз тобында талдау, дәлелдеу. /

  1. Сабақты жақсы айттың, дегенмен әлі толықтыруға болады.
  2. Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ - ты
  3. Жүрген жерін білетін шығар, өйткені жақында ол Жайық бетінен келді.
  4. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.
  5. Оқуға баруды армандаймын, сондықтан көп оқимын.
  6. Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша - орнынан атып тұрды.
  7. Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмін жоқ еді.
  8. Таң атты, мен ояндым.
  9. Ауыл қыстауға көшті де, ол қалаға кетті.

10. Үй толған адам: қыз - қырқын қалмастан жиналған.

11. Әрі шешесі Темірге қызығады, әрі әкесі Сойдаққа берген антын бұзғысы келмейді.

12. Елдегі хал мынау: пара, ұрлық, зорлық, мастық, надандық тұншықтырып жатыр еді.

Семантикалық карталармен жұмыстану .

Семантикалық карта

Сөйлем
Тыныс белгісі
Жалғаулықты
Жалғаулықсыз
Сөйлем:

Күнсіз гүл өспес

Күтусіз гүл өспес

Тыныс белгісі: ,
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз: +
Сөйлем: Шапалақ шарт етті де көзімнің оты жарқ етті.
Тыныс белгісі:
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз:
Сөйлем: Көзбен көр де ішпен біл
Тыныс белгісі:
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз:
Сөйлем: Екі тау қосылмайды екі ел қосылады.
Тыныс белгісі:
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз:
Сөйлем: Мал үшін таласпа ар үшін талас
Тыныс белгісі:
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз:
Сөйлем: Ел өнерге бой ұрды сол себепті қараңғылық жойылды.
Тыныс белгісі:
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз:
Сөйлем: Білгені сол ел азбаған екен.
Тыныс белгісі:
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз:
Сөйлем: Ақылсыздықты екі белгісінен білуге болады ол өзіне пайдасы жоқ сөзді айтады не біреудің сөзіне жөнсіз араласады.
Тыныс белгісі:
Жалғаулықты:
Жалғаулықсыз:

Шығармашылық диктант

  1. Жалғаулықтарын қой.

Осыны сіздер ойлар деп сенемін…өзіме де сонны арқау етемін.

Көйлегі көлеңдеп аяқ сыбдырын білдірмей басып біреу кіріп келді … Асылбекке төне түсті.

  1. Түсіндірмелі салаластың тыныс белгісін қойып, түсіндір.

Абай осы күндерде байқады әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен.

Өмір сүрудің екі түрі бар шіру мен жану.

  1. Қарсылықты салаласты теріп жаз.

Ақылдасып көріп еді, Ербол тыңнан еш нәрсе тапқан жоқ.

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

Мен жігіттің көзіне туралап қарап едім, аңғармады.

Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

Мына сөйлемдерге синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау

Көйлегі көлеңдеп, аяқ Мен жігіттің көзіне тура қарап едім,

сыбдырын білдірмей басып аңғармады.

біреу кіріп келді де, Асылбекке

төне түсті.

5 минуттық эссе . «Менің Отаным - Қазақстан», «Біз - еліміздің ертеңіміз», «Жолдау жол сілтейді»

/Оқушылар таңдаған тақырыптың біріне салалас құрмаласты қатыстырып, эссе жазады. /

ІІІ. Ой-толғаныс. Венн диаграмасы арқылы бекіту.

Үйге тапсырма: Салалас құрмаластың мағыналық түрлеріне

5 сөйлем жазып, синтаксистік талдау.

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу. Ашық сабақ
Жақты сөйлем
Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер
Жарық кванттары туралы планк гипотезасы. планк формуласы. 9 сынып
Кестеде берілген заттардың формулаларын жазыңдар
Біріккен сыныптар. 7-8 сынып, алгебра. екі өрнектің кубтарының айырмасы мен қосындысын көбейткіштерге жіктеу. квадрат теңделер тарауын қайталау
Рационал бөлшекті көбейту және бөлу
Жай бөлшектер. 5 сынып
Қайталау-білім анасы.(5-сынып)
Сын есімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz