Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Біржан әнінің зор құдіреті. 6 – сынып, екінші сағаты


Қилыбаева Айгерім Амандыққызы,
Б.Қаратаев атындағы Саралжын орта
жалпы білім беретін мектебі.
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы,
Мұхит ауылы.

Сабақтың тақырыбы: Біржан әнінің зор құдіреті / 6 – сынып, екінші сағаты/
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқыған шығарманы бекіту, пысықтау арқылы ой
қорыту, көркемдік ерекшелігіндегі қайталанбас өрнектерге назар аударту;
дамытушылық - мәтінге деген қызығушылығын арттыру, іздендіру арқылы
өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;
тәрбиелік - Өнердің қадір – қасиетін ұғындыру,өнерлінің өмірін үлгі ету,
өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.
Типі:Білімді бекіту
Түрі:Топтық сайыс
Әдісі:СТО жобасы стратегиялары,әдеби талдау
Көрнекілігі:Бейнетаспа,интерактивтік тақта, сызба – кестелер,кітап көрмесі
т.б.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, тарих,музыка
Сабақтың барысы: І Қызығушылықты ояту
Үстелдің үстінде топтың аты жазылған парақшалар бар, сынып оқушылары сол
бойынша екі топқа бөлінеді. 1. «Абай» тобы. 2. «Біржан» тобы.
Топ мүшелері төмендегі тапсырма бойынша топтарын қорғайды. Категориялы
топтастыру стратегиясын құрастырады.

Сабақтың эпиграфы: Біржанның творчестволық өмірінде болған тағы бір үлкен
оқиға – оның Абай ауылына баруы... Абайдың әсері Біржанға күшті болды.

А.Жұбанов
ІІ Мағынаны тану
1.Екі топ бір – біріне жіңішке сұрақтар қояды.
«Абай» тобының жіңішке сұрақтары.
1. М.Әуезовтің өмір сүрген жылдары ?
2. Жазушы шығармалары қанша тілге аударылды ?
3. Иіс кемпір кімге алғыс айтты ?
4. Абай Біржан салды ауылына қандай мақсатпен алдырды ?
5. Әмір деген кім ?
«Біржан» тобының жіңішке сұрақтары
1. Жазушы ойнаған футбол командасы қалай аталады ?
2. Біржан Абай ауылында ең алғаш қай әнді орындады ?
3. Осы әңгімеде Абайдың қай өлеңінен үзінді берілген ?
4. Шығармадағы өнерлі жастарды ата ?
5. Шығарма қай романнан алынған үзінді?
2. Шығармашылық оқу – кейіпкерге еліктеп әсерін бұзбай оқу. Бірінші топ
мүшелері осы әңгімеден үзіндіні оқиды, екінші топ мүшелері мазмұнын ауызша
жалғастырады.
« Абай » тобы тапсырмалары
1 – тапсырма
...Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді. Қазір басында
желегі бар жас келіншек қалың қонақ ортасында, Абай қасында отыр.
Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше. Ол – өңшең қыз-келіншек пен
бозбала.Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігін ен
оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең
қадірлі бір топ қонақ бар...
2 – тапсырма
Өзге өзгеңді не қылайын, Біржан аға, - деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш
жүзімен қарады...
3 – тапсырма
Ол тағы да домбырасын біраз бебеулетіп, желдіртіп алып келіп «Жанботаны»
шырқап кетті...

«Біржан» тобы тапсырмалары
1- тапсырма
Қадірлі ақын, құрметті қонағына Абай қадала қарап қалыпты. ...Ән мен
өлең сөзді, өнерінің түгел өзін қосып, бір бітім, біртұтас тұлғадай
қиял суретімен елестетіп, көріп отырған көз...

2 – тапсырма
Сонымен қазір Біржандар қайтатын шақ жеткен соң, Абай осы тұрған
төрт үйді әдейі қонақтарды шығарып салу тойына арнап тіккізген...
3 – тапсырма
Оқшау тілек. Бірақ Біржанның бойына сыятын серілік, ерке тілек...

3.Сатылай кешенді талдау.
Әнқұмар, өнерлі жастар
Портрет
Типтік образ
Өнер туралы нақыл сөздер
Кейіпкерлерге мінездеме

1. Эссе жазу / 8 мин/ Бейнетаспа бойынша ой толғайды. «Абай» тобына «Мен
үлгі тұтқан тұлға»
«Біржан» тобына «Әнді сүйсең, менше сүй».

2. «Автор орындығы» ойыны. Автор орындығы стратегиясына сәйкес әр топ өз
кейіпкерінің бір әнін орындап, бір өлеңін жатқа оқиды.

ІІІ Ой – толғаныс.
«Абай» тобы Венн диаграмасы негізінде ой түйіндейді.

«Біржан» тобы «Үш жақты күнделік» арқылы ой қорытады.

1.Біржан әндері 2.Абайдың өнерді 3. Біржан салдың
Абай
Абайға қалай әсер бағалауы Біржанға ауылымен әнмен
қоштасуы
етті? қалай әсер еттті? саған
қалай әсер етті?

Бағалау. Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды, қорытынды бағаны мұғалім
қояды.
Үйге тапсырма.Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығының зерттелуі жайлы
хабарлама жазып келу.

-----------------------
Біржан туралы не білем ?

Біржан әндері

Біржан кім ?

Абай туралы не білем ?

Абай әндері

Абай кім ?

Абай

Біржан


Ұқсас жұмыстар
Біржан реферат
Біржан сал Абай ауылында бекіту сабағы
Мұхтар әуезов «біржан сал абай ауылында» шығармасы
Оқулықтан Ақан серінің өмірін оқу
Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты
Екінші сұрақ
Музыка өнері
«Ұлттық ойындар» сайыс сабағы
Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз
Мысал өлеңдері
Пәндер