Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"алтын күз" танымдық кешінің жүрісі


Ақтау қаласы
«№13 орта мектеп гимназиясы» ММ
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Сагиндикова Сандугаш Кадиргалиқызы

Кеш тақырыбы: «Алтын күз» танымдық кеші
Мақсаты:
1. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз
кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға
үйрету.
2. Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты,
иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3. Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа,
таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл
сөздер, шарлар.
Кеш барысы: (Кеш жұптардың биімен ашылады).
1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Бірге: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1-жүргізуші: Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
2- жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: Сейдешов Есеттің орындауында «Қызғалдағым» әні. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Жомарт көңіл жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті міне Алтын күз,
Сары алтыннан бұрын да.
Сары пүліш көйлегі,
Алтын күзді шынында,
Ару дерсің бейнелі.
Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат.
Күз ханзада – ханшасын,
Қарсы алайық, жамағат!
дей келе, құрметті көрермендер қатысушы жұптарымызды қошеметпен ортаға
шақырайық!
9 «А»
• Аджан Бекзат
• Тыналиева Гүлден
9 «Б»
• Алдияров Алмаз
• Шахзодаева Разия
9 «В»
• Бақтыоразов Абылай
• Әділхан Сымбат
10 «А»
• Сиықов Айбек
• Самешова Альбина
10 «Б»
• Айнадинов Нұрлан
• Бисембаева Айгерім
11 «А»
• Куванов Серікбай
• Надирханова Дана
11 «Б» сыныбы:
• Жусупов Жәнібек
• Есенбаева Мадина
2- жүргізуші:
Ендеше, осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ
қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Асамадинова Гүлжан
Ерғалиқызы
2. Директордың орынбасары: Қарасаева Ұмытқан Жолмырзақызы
3. Музыка пәнінің мұғалімі: Қондыбаева Күнсұлу Әділбекқызы
4. Бастауыш сыныптың оқу ісінің меңгерушісі: Қуанова Бақтыгүл
Кеңесқызы
5. Хореография пәні мұғалімі: Хайрмухамедова Алина Амангелдіқызы
2- жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Таныстыру.
2. Сән үлгісі
3. Экибана.
4. Күз өлеңдері.
5. Би сайысы.
1-жүргізуші: Таныстыру бөлімі.
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, жұптарымыздың таныстыруына
кезек берейік.
2- жүргізуші: Сән үлгісі
Ал, халайық, ықыласпен демелік,
Жұптарымыздың сән үлгісін көрелік.
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
1-жүргізуші: Экибана
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын.
Жадырап жан сарайын,
Демалып бір қалатын – дей келе, әр жұптың өзінің қолдарынан жасаған
қолөнер бұйымдарын тамашалауға шақырамыз.
2- жүргізуші: Күз өлеңдері
Мәнерлеп оқу сайысы,
Қандырар көрермен айызын,
Мына жұптар ішінен,
Шығасың жарып қайсысың? – дегендей, бұл бөлімімізде жұптарымыз күз
өлеңдерін мәнерлеп оқумен қатар, өлең мазмұнына байланысты көрініс көрсетуі
керек.
9 «А» сынып: Мұқағали Мақатаев «Күзгі жолда».
9 «Б» сынып: Шәкәрім Құдайбердиев «Күз».
9 «В» сынып: Мақсұт Неталиев «Күз суреті», Тұманбай Молдағалиев «Күз».
10 «А» сынып: Айтқали Нәпіров «Күз», Ақберен Елгезов «Сары күз».
10 «Б» сынып:
11 «А» сынып: «Бүгінгі күз».
11 «Б» сынып: Мұқағали Мақатаев «Күз».
1-жүргізуші: Би сайысы
Мың бұралған, билеген,
Өренді кім сүймеген.
Аққудайын қалықтар,
Түрлі ұлт биін билеген.
Ендеше, би сайысына кезек берелік.
9 «А» сынып: хип-хоп стиліндегі танго.
9 «Б» сынып: қазақ эстардалық би.
9 «В» сынып: биден попури. Аелин-инт аут оф лав.
10 «А» сынып: Руsyccat dols – sway, Jennifer Lopes - papi.
10 «Б» сынып: Руsyccat dols - Джейхо және үнді биі.
11 «А» сынып: Лиона Луюс - bleading love. Ю оно мейк мей си.
11 «Б» сынып: Руsyccat dols – sway. Элэмфауо (LMFAO) – паитрок энзель
(Party rock and them).

2- жүргізуші: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ
шешімін шығарғанша,
Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
Аружанды ортаға шақырайық.
дей келе, Аружанды әсем әнімен ортаға шақырамыз. «Балалық шақ» әні.
1-жүргізуші:
Мектеп қой еліміздің қаны-жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі «Алтын күз» салтанатында
Шырқалсын «Алтын күздің» әнұраны.
2- жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі "Алтын күз"
кешін аяқтаймыз.
1- жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!


Ұқсас жұмыстар
Өнерлі жігіт
4 сынып. ана тілі. туған жердің ыстығы-ай
Абай "шегіртке мен құмырсқа". ана тілі пәнінен ашық сабақ
Оқушылардың салған суреттерін тамашалау
Ата жұрт танымдық ойын кеші
Көшбасшы интеллектуалдық ойыны
«қайырымдылық- адамгершілік белгісі »
<<Отбасы-шағын қоғам>> тарауын қайталау
Ұшты сары жапырақ
Білімді мыңды жығар химия кеші
Пәндер