Қазақ тілі сабақ жоспары

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сын есімнің зат есіммен байланысы, ойды көркемдеп берудегі әсері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқу мен жазу арқылы талдай отырып игеруді дамыту
3. Тәрбиелік: ізденіске, өздігінен жұмысты орындай білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Сызбалар, суреттер,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмыстары
ІІ. Өтілген материалдарды еске түсіру
ІІІ. өтілген материалдарды бекіту.
1. Сөз таптары
2. Зат есімнің түрлері (құрамы)
3. Зат есімнің жасалуы

ІY. Жаңа сабақ
1. Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын - сипатын, көлемін, түр - түсін, сапасын білдіреді.
2. Сын есімнің белгілері:
1. Заттың түсін білдірсе: қара, құла, күрең
2. Заттың көлемін, аумағын, салмағын, сынын білдіреді: кең биік, ұзын, жеңіл.
3. Заттың сапалық белгісін сипатын білдіреді: жақсы, жаман, тентек, зерек
4. Заттың дәм, иіс т. б сипатына байланысты белгілерін білдіреді: ащы, тұщы, тәтті, қышқыл, жұмсақ
5. Затқа қимыл іс - әрекетке, мезгіл мекенге қатысты сынды білдіреді. Тасты (жер), балалы (үй), көтеріңкі көңіл
6. Сын есім қандай?, қай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп . . . (Абай ) Қандай түн? - желсіз түн, қандай ай? Жарық ай.

Y. Жаттығу жұмыстарын орындау 49- жаттығу. Топпен жұмыс.

50- жаттығу. Жатқа жазу.

51- жаттығу. Сөйлем құрау.

52- жаттығу. Қорытынды жасау.

53- жаттығу. Әңгіме құрау.
YІ. Сабақты қорытындылау
1. сын есім дегеніміз не?
2. Сын есімнің мағыналық маңызды белгілерін атаңдар
3. Сын есім мен зат есімнің айырмашылығы және ұқсастығына диаграмма құру

YІІ. Үйге тапсырма. Сын есімнің ережесін жаттау, оқу. 54- жаттығу.
YІІІ. Оқушылар білімін бағалау

Қазақ тілі

Саб. тақырыбы: Қарсы мәндес сөздер
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға қарсы мәндес туралы түсіндіру
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияларды пайдалана отырып білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Жерін елін Отанын сүюге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Саб. түрі: аралас
Саб. барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бір - біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Өткенді қайталау
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
ІІІ. Негізгі бөлім.
Осы есептерді шығара отырып әр есептің артындағы сөздер ашылады.
Қарсы мәндес сын есім дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады. Ереже шығару. Мақсат қою.
Мағыналары бір - біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.
«Сыңарын тап» ойыны
Әр топқа жеке жұмыс беріледі. Мына сөздердің сыңарын тауып жаз
Алғырлар: аласа, ескі, жарық
Білгірлер: үлкен, ащы, жақсы
Зеректер: тез, алыс, қара
Оқулықпен жұмыс:
8 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есім қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

9 - жаттығу. . Сөйлем құрау.

Сергіту сәті
Қара жорға биінің элементтерін билеу.
10 - жаттығу . Қорытынды жасау.

11 - жаттығу. Керікті сипаттау.

Шығармашылық тапсырма:
Жаз және күз суретіне қарап сөйлем шағын мәтін құрастырып жаз
Керекті сөздер ыстық, жылы, суық, жасыл, ақ.

Сабақты қорытындылау.
Не білдік? Не үйрендік?
Оқушылар өздерінің осы сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді.
Бағалау. Оқушылардың алған білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: 12- жаттығу.

Қазақ тілі

Саб. тақырыбы: Қарсы мәндес сөздер
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға қарсы мәндес туралы түсіндіру
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияларды пайдалана отырып білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Жерін елін Отанын сүюге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Саб. түрі: аралас
Саб. барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бір - біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Өткенді қайталау
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
ІІІ. Негізгі бөлім.
Осы есептерді шығара отырып әр есептің артындағы сөздер ашылады.
Қарсы мәндес сын есім дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады. Ереже шығару. Мақсат қою.
Мағыналары бір - біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.
«Сыңарын тап» ойыны
Әр топқа жеке жұмыс беріледі. Мына сөздердің сыңарын тауып жаз
Алғырлар: аласа, ескі, жарық
Білгірлер: үлкен, ащы, жақсы
Зеректер: тез, алыс, қара
Оқулықпен жұмыс:
13 - жаттығу. Қарсы мәндес сын есімдерді тап.
14 - жаттығу. Сөйлем құрау.

Сергіту сәті
Қара жорға биінің элементтерін билеу.
15 - жаттығу . Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есім қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

16 - жаттығу. Топтастыр.
17 - жаттығу. Ребусты шеш.
Шығармашылық тапсырма:
Жаз және күз суретіне қарап сөйлем шағын мәтін құрастырып жаз
Керекті сөздер ыстық, жылы, суық, жасыл, ақ.

Сабақты қорытындылау.
Не білдік? Не үйрендік?
Оқушылар өздерінің осы сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді.
Бағалау. Оқушылардың алған білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: 18- жаттығу.

Қазақ тілі

Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1) . Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру,
2) . Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту,
3) . Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу. Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

2) Психологиялық дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу) .

3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.

(Терең-таяз, ыстық-суық, адал-арам, жұмсақ-қатты, жуан-жіңішке)

А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.

4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы) .

ІІ. Жаңа тақырып: 1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Дәптерге ай, күнді жазу.

3) Көркем жазу:

Әдепті бала ата-анасын мақтатар.

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

-Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.

19 -жаттығу-Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.

Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 20-бет (оқу, талдау)

21-жаттығу (тақтада, жазбаша )

-Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.

-Дара сын есімдернеше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?

22-жаттығу. (Ауызша оқу) . Терме жұмысы.

ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту) .

V. Бекіту. 22-жаттығу. Өздік жұмысы.

VІ. Қорыту. 1) Венн диаграммасын толтыру.

VІІ. Үйге 23-жаттығу VІІІ. Бағалау

Қазақ тілі

Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау.
Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту. Ойлау қабілеттерін артыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тапсырманы орындай отырып алғыр да білімді, тапқыр да жылдам оқушыны анықтауымыз керек.
Сын есім дегеніміз не?
Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?
Күрделі сын есімге мысал келтір?

24, 25 - жаттығу. Сын есімді табу.

25 - жаттығу. Сын есімді табу.
26 - жаттығу.
Сергіту сәті.
Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш,
Бұлшық етте, міне, күш!
Төрт, бес, алты,
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.
27 - жаттығу
Сын есімдерді тап, олардың дара және күрделі екенін айт.
28 - жаттығу Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.
Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім . . . (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы - жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)
Тудың түсі? (көгілдір)
ІІІ. Қорытынды.
Сонымен балалар, біз сын есім атты сөз тобын толық меңгердік деп ойлаймын. Оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің, тапқырлықтарың, алғырлықтарың дәлел болды.
ІҮ. Оқушылар білімін бағалау.
Ү. Үйге тапсырма. 30- жаттығу.

Қазақ тілі

Тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау.

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

1- жаттығу

«Марқакөл қорығы» тақырыбына әңгімелерін оқытамын.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан - жақты білімдерін тексеру Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс

2- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қойып, астын сыз. Бұлар қандай сан есімдер? Есептік пе, әлде реттік пе?

3 - жаттығу Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер? Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?

4 - жаттығу сандарды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 5 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен сан есімдермен байланысқан сөзімен бірге теріп жаз.

ҮІІ Қорытындылау

- Балалар, бүгін біз не үйрендік?

- Сан есімнің сұрақтарын ата? т. б.

ҮІІІ Үйге тапсырма: 6- жаттығу. ІХ Бағалау

Қазақ тілі


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында
Мінездеме үлгісі
Күнделікті сабақ жоспары
Орта мерзімді жоспар 5-сынып қазақ тілі
Лексиканың салалары
Ана тілінің қызметі
Мәтін туралы түсінік
Абайдың мұражай -үйі Мақсат және қимыл- сын
Мұхитарал қайда
Сынып жетекшілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz