Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Уақыт және оны өлшеу. сағат (сағ). минут (мин). 2-сынып
Күні:
Тақырып. Уақыт және оны өлшеу. Сағат (сағ). Минут (мин).
Мақсат: Сағат бетіндегі цифрлар және сызықшалар, оның тілдері бойынша уақытты анықтайды, сағат пен минут арасындағы қатынасты анықтайды; өзара кері есептерді шығаруда логикалық өзара байланысты анықтайды; топта оқып үйренген материалды пайдаланып, оны қолданудың жобасын ұсынады.
Ұйымдастыру кезеңі
Ассоциация картасын құру. Үлкен табақ қағаздың центріне мұғалім <<Уақыт>> сөзін жазады.
-Осы сөзді естігенде, сендердің бастарыңа қандай ой келеді?
-Неліктен уақытты үнемдеу керек? Уақыт жайында қандай мақалдарды білесіңдер?
Балалар ассоциациясы жазылады. Барлық сөздердің ішінен мұғалім сабақта қолданылатын сөздерді айшықтап бөліп алады.
* Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
* Оқулықпен жұмыс. Балалар сендердің алдарыңда сағат тұр, қазір осы сағаттың тілін айналдырғанда, тілі қай санға тоқтаса, сол тапсырманы орындаймыз.
1-Тапсырма. Сағат моделін пайдаланып, практикалық (тәжирбелік) жұмыс жүргізіледі. Материалды жақсы қабылдау үшін әр оқушыда цифрлар және сызықшалар, қозғалмалы тілдері бар сағат беті болуы тиіс, оны еңбек сабағында оп- оңай дайындап алуға болады. Бір сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты анықтауға оқушы жаттығады. Толық дөңгелекті минуттық тіл бір айналып шықса, 1 сағ=60 мин болатынын түсіндіруі тиіс.
2-тапсырма. Еркін талқылау түрінде ұйымдастырылады және де 1- тапсырмадағы практикалық жұмыстың жалғасы болып табылады. Мұғалім оқушылардан қолдарындағы сағат моделін пайдаланып, қашан ұйқыдан тұратынын, ойнайтынын, демалатынын және т. с. с. бір сағатқа дейінгі дәлдікпен көрсетіп беруді талап етеді.
3- тапсырма. Жұппен орындалады. Оқушылар жолдасына неліктен сағат тілдерінің осылайша орналасатынын түсіндіреді. Жұмысқа 2-3 мин бөлінеді. Осыдан кейін қажетті түзетулер енгізе отырып, мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды.
4- тапсырма. Математикалық диктант түрінде жүргізіледі. Осыдан кейін мұғалім жауаптын дұрыс нұсқаларын іліп қояды және оқушылар өзара тексеруді орындайды. Жиі кездескен қателер бойынша мұғалім талдау жүргізуі керек.
5- тапсырма. Есепті шығару мұғалімнің басшылығымен тақтада жүргізіледі. Бір кері есеп талқыланады және жазылады. Екінші кері есепті оқушыларға өздігінен жазу ұсынылады.
Қорытынды:
6- тапсырма. <<Кім жылдам>> жарыс ойыны ұйымдастырылады. Оқушы бір минут ішінде жауаптың нұсқаларын ғана жазады, жұмысты орындаудың алдында мұғалім шамаларды қосудың ерекшелігін міндетті түрде еске салуы керек.
Топпен жұмыс. <<Менің күн режимім>> жобасы бойынша мұғалім конкурс өткізуді ұсынады. Оқушылар жеке парақ қағазға жобаларын жасап, талқылау үшін оларды іліп қояды. Келесі сабақта жобалар бойынша сұрақтардан және тілектерден бастауға болады.
Бағалау
Үйге тапсырма. 43-бет, <<Жасыл қоршау>>. Мысалдар жеке бағандарға жазылады, ал сызба түсті қарындаштармен орындалады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz