Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Су. судың күйі



Сабақтың тақырыбы:Су.Судың күйі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға су туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды судың қандай күйде
болатынымен таныстыру,
практикалық жұмыс барысында бақылау,
талдау, салыстыру
және қорытынды шығары білуге үйрету.
Судың адам өміріндегі маңызы туралы
мағлұмат бере отырып, суды
қорғауға тәрбиелеу.
Оқушылардың сөзік қорын дамыту,өз
ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, табиғатта кездесетін судың күйі,
жұмбақтар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой-қозғау, миға шабуыл.

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
ІІІ. Мағынаны тану
Ауа қандай?
Түссіз мөлдір

Ауада от жақсы кө көзге көрінбейді
жанады

Пішіні жоқ иісі болмайды
Ауа қандай жағдайларда ластанады?
- Табиғаттағы тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет екен солай ма?
- Ал қазақта мынадай сөз тіркесі бар «ауадай қажет» деген бұны қалай
түсінесіңдер?
- Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін тағы не қажет деп ойлайсыңдар?
Жаңа сабақ
Өлең оқу арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Өлең не туралы?
Су туралы не білеміз?
Су туралы ассоцация жүргізу.
Су туралы мазмұнды суреттер
[pic]
Оқулықпен жұмыс-
Электронды оқулықпен жұмыс
Жер бетінде ең көп таралған зат- су. Глобусқа қарасаң жер шарының төрттен
үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су: мұхиттар, теңіздер, көлдер,
өзендер.
Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Егер күн
салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты
күйге , яғни қар мен мұзға айналады.
-Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін,
оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түссіз
жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне
өтіп, ауамен араласты.
- Ал балалар, ойланып көрелік, су табиғатта қандай күйде кездеседі?
-Үш күйі бар (сұйық, қатты, бу) жауаптарын жұмбақ шешу арқылы жазады.
1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)
3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)

Сергіту сәті
6.«Ойлайық та ойнайық»
Берілген өлеңнің ұйқасын табу
Су дегенің немене?
Достым білгің ------- ме?
Су --------- баласы,
Су - ------- анасы.
Сусыз - ----------
Жоқ болса
Дейміз оны
---------- жұмса!
Керекті сөздер: үнемдеп, келде, тіршілік, өмір, табиғат.
Ендеше судың қасиеттерін атап көрелік.
Су:
- пішіні жоқ;
- түссіз;
- мөлдір;
- дәмі жоқ;
- иісі жоқ;
- еріткіш;
- ағады;
ІІІ. Ой-толғаныс
Дәптермен жұмыс
Судың үш күйі болады: Қатты,сұйық,бу.

Халық педагогикалық үзінділер:
Есіңе сақта
Суды босқа төкпе.
Сумен ойнама.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Судай таза бол.
Судан таза, сүттен ақ.
(оқушылардың пікірлерін тыңдап толықтыру).
Су неліктен ластанады?
Суды қалай қорғаймыз?
Бағалау
Сабақты бекіту
Сонымен балалар біздер бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімеледік?
Су қандай?
Бүгінгі сабақта алған білімдерін тест арқылы қорытындылау, дұрыс жауап
арқылы өзара бірін-бірі тексеру
1.Судың қасиеттерін ата?
а\ ақ ә\ мөлдір б\қара
2.Қатты суықта су неге айналады?
а\ мұзға ә\буға б\ өзгермейді
3.Күнделікті тұрмыста қандай суды пайдаланамыз?
а\ ащы ә\тұщы б\ лай
4.Судың неше күйі бар?
а\ 2 ә\4 б\3
5. Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?
а\ қатты ә\ сұйық б\бу
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу
Адам да- су да –табиғаттың бір бөлшегі.
Сондықтанда:
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

-----------------------
ауа


Ұқсас жұмыстар
Тірі табиғат
Суды қорғау
Су. табиғаттағы су айналымы жайлы ақпарат
Су .Судың қасиеті туралы
Суреттерді оқушыларға әңгімелету
Су. судың қасиеті дүниетану 2-сынып
Сусыз тіршілік жоқ
Өзен аңғары
Жерасты сулары. Өзен,көлдер
Су. судың күйі. өқн. судағы қауіпсіздік шаралары. дүниетану, 2 сынып
Пәндер