Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Әдепті оқушы қандай

Молодежное орта мектебі
химия пән мұғалімі Тетейхан Айжан
Тәрбие сағаты:
Тақырыбы: <<Әдепті оқушы қандай?>>
Мақсаты:
* Оқушыларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
* Қоғамдық орындарда, үйде, мектепте, көшеде өзін әдепті ұстай білуге үйрету.
* Бұрынғы білгендерін толықтыру және сыпайы болуларын одан әрі дамыту.
Көрнекіліктер: әдептілікке байланысты мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, фломастр, ватман, жапсырма қағаз.

* Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.

* Кішіпейілділік - кішілік емес, кісілік.
* Сыпайының сыйы мол.
Барысы:

І. Кіріспе сөз.
Мұғалім: Қазір сендер мектеп қабырғасында білім алудасыңдар. Уақыт деген тез, сендер ертең-ақ әрқайсың үлкен азамат боласыңдар.
Мысалы біреуің адам жанының арашасы - дәрігер, біреулерің көрсе көз қуанатын әсем үйлерді безендіретін - сәулетші, бірің - бизнесмен, ұшқыш, артис, тб боларсыңдар. Олай болса сендер ең әуелі нағыз азамат, жақсы адам болып өсулерің қажет. Өз бойларыңа мейірімділік, батылдық, кішіпейілділік, сыпайылық, инабаттылық сияқты асыл қасиетті сіңірулерің керек. Кей кезде біздерде қарым - қатынас мәдениеті, мінез-құлық, ұқыптылық, сыйластық жетіспей жатады. Ол үшін ең алдымен өзімізге өзіміз сын көзбен қарап осы бастан үйренуіміз керек.

ІІ. Негізгі бөлім.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз <<Әдепті оқушы қандай?>> деп аталады.
Ендеше <<әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер>> әркім өз ойларыңды айтыңдар. Ал қанекей бірнеше оқушының ойларын тыңдау. Ендеше азғантай мағлұмат алдық енді сендер <<Әдеп>> деген сөзге топтастыру жасайсыңдар. Тақтада <<Әдеп>> деген сөзді жазып әр оқушының бір-бір сөзін топтастыру.

3171825-78740
380047516891000179070085471000188595116891100 380047590233500 Тазалық сәлемдесу
254317538735әдеп
00 әдеп

Дұрыс киіну

31908752000250 Сыпайылық мәдениеттілік

Үлкенді сыйлау
ІІІ. Топпен жұмыс:
Оқушыларды екі топқа бөліп 10 минут ішінде тапсырмаларын талқылап ойларын қағазға түсіреді. Тақырыпқа байланысты сурет салып, оны қорғайды.
1-топ: <<қайырымдылық>> тобы - <<Әдепті бала - мектепте, көшеде>>.
1. Мектепке таза үтіктелген киіммен, әдемі таранып, таза аяқ киіммен келу керек.
2. Оқу құралдары таза рет - ретімен салынған, түгел болу керек.
3. Мектепке кешігуге болмайды.
4. Ұл балалар мектепке кірерде бас киімін шешіп қолына алу керек.
5. Сыныпқа кірерде бірінші үлкенге, содан соң жолдасыңа сәлем бер.
6. Тақта алдында түзу тұр, қолыңды қалтаңа салып тұру- мәдениетсіздік.
7. Партаны күт, сындырма, шимайлама т.б.
8. Көшеге таза киініп шық. Үлкеннің алдын кеспей жол бер.
9. Көшеде қатты сөйлеуге, айғайлауға, қатты күлуге болмайды.
10. Далада біреумен сөйлесетін болсаңдар жол үстінде тұрмай шығып тұру керек.
11. Біреудің дүниелеріне таңдана қызығып тесіле қарама т.б.
2-топ. <<қамқоршы>> тобы - <<Әдепті бала - үйде, көлікте>>.
1. Ата-анаңды ренжітпе, қолыңнан келгенше қолғабыс жасау керек.
2.Төсегіңді, киімдеріңді, өз заттарыңды өзің жина.
3. Үйіңе досың, қонақ келсе киімін шешуге көмектес, ілгішке іл, сосан бөлмеге қонақты алдымен кіргіз.
4. Қонақтан бұрын тамаққа қол созба.
5. Тамақ ішіп болған соң тамақ дайындаған адмға рахмет айтуды ұмытпау, асықпай ішу, қолыңды жаламау керек.
6. Телефонмен сөйлескенде алдымен кім болса да амандасуды ұмытпа.
7. Қоғамдық көлікке балмұздақпен кірме, үлкен адамға және балалы әйелге орын беру керек.
8. адамдарды итермей кіру, жол ақысын төлеу, кәрі кісілердің мініп, түсуіне көмектес.
9. Көлік ішінде дауыс көтеріп сөйлеспеу және өзіңді дұрыс ұстай білу керек.
Осындай сұрақтарды естеріне сала отырып оқушылардың ойларын тыңдаған соң
Ата- аналарыңды ренжітпеу туралы өте дұрыс айттыңдар. Ендеше қосымша
ата-ана ақысы туралы қысқаша тоқталу.
Перзент әрдайым ата-ананы құрметтеп оларға жақсылық жасап, айтқандарын істеп, қартайған шағында оларға ауыр сөз айтпауы, көңілдерін қалдырмау, қандай бір тапсырма берілсе ауыр болсын орындауға тырысу, әрдайым күлімсіреп жақсы сөзбен жауап беру, сыйлап құрметтеп отыру керек. <<Анаңды арқалап меккеге апарсаң да - ақ сүтін ақтау қиын>> деген мақал осыдан болса қажет. Екі топ бір-біріне пікір жазып салған, жазған қағаздарына жапсырады. Осыдан кейін мұғалім тақырыпқа байланысты мәтін оқиды оқушылар қателігін табады.
Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз адамның жасаған әрбір іс-қимылы, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады.
Сұрақ - жауап.
* Әдептілік сөздің синонимі - мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау және кішіпейілділік екенін ұмытпа.
* Әдепті оқушы деген атқа сай болу үшін не істеу керек?
Үлкенді сыйлау, тілін алу, кішілерге қамқор болу, қатеңді, кемшілігіңді мойындау, өз-өзіңді тәрбиелеу, өзгенің сырын ескеру керек.
Тіршілік оянудан басталады. Сондықтан таңертең оянған әдепті адам қуанады, жақындарымен амандасады. Әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдесу - ізеттілік қағидасы. Ал ізеттіліктен әдептілік туындайды. Ол - адамдардың мейірбандық белгісі.
Қорытынды:
Ендеше оқушылар біз өзімізді әрдайым әдепті оқушы болуға тәрбиелейік.
Олай болса балалар біз бір-бірімізге, адамдарға қамқорлық жасауды, жақындарымызға, достарымызға тіпті бөтен адамдарға да қуаныш сыйлауды өзімізге әдепке айналдырайық, біздің бүгінгі алған біліміміз із-түзсіз кетпейді, күнделікті өмірде естеріңде ұстайсыңдар деп сенемін.
Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін?
Арым - таза ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет,
Адамдыққа сенемін, - дей отырып сынып сағатымызды аяқтаймын.







Ұқсас жұмыстар
Тәрбиелі тәртіптің құлы
Әдепті бала жайлы
Әдептілік - әдемілік туралы
Ата сөзі санамада
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту
Әдеп - ең қымбат мирас
Әдепті бала- арлы бала
Әдеп – ең қымбат мирас жайлы ақпарат
Әдепті бала. 2 сынып
Әкем мен шешемнен, үлгі алып өсем мен!
Пәндер