Сөз тіркесі тақырыбындағы сайыс сабақ: мақсаттары, кезеңдері және бағалау

Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: сөз тіркесіне байланысты оқушылардың

білімдерін тиянақтап, тәжірибемен ұштастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық дәстүрді бағалай

білуге, халқын, салтын сүюге шақыру. Озық ойлы, кең

өрісті, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Дамытушылық: сөйлеу тілін қалыптастырып,

логикалық ойлауын дамыту, түрлі әдістер арқылы

шығармашылық қабілетін арттыру

Типі: бекіту сабақ

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырма.

Пәнаралық байланыс: интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық: А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Ә) Бағалау жүйесімен таныстыру.

ІІ Сайыстың кезеңдерімен таныстыру .

  1. Бәйге кезеңі. Ой қозғау (сұраққа жауап алу) . Шарты: белгілі уақыт ішінде қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек.

Ой қозғау сұрақтары (Оншақты сауал қойылады)

  1. Бойжазар кезеңі. Сайысымыздың бұл сатысында оқушылар грамматика әлеміне шолу жасайды. Тақтамен жұмыс жүргізеді. Шарты: берілген кестеге сөз тіркестерін жазып, өз сыңарларымен жұптасу (бірдей жіптерді байлау)
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
І топ: «Ойлан»
ІІ топ: «Тап»
ІІІ топ: «Ізден»
І топ: 1. Зат есім+зат есім
ІІ топ: 1. Есімдік+зат есім
ІІІ топ: 1. Үстеу+етістік
І топ: 2. Сын есім+зат есім
ІІ топ: 2. Септеулік шылау+етістік
ІІІ топ: 2. Сын есім+етістік
І топ: 3. Сан есім+ зат есім
ІІ топ: 3. Зат есім+етістік
ІІІ топ: 3. Сан есім+етістік

Бойжазу мақсатында тапсырмалар үш топқа өздік жұмысы ретінде орындауға беріледі.

Сергіту сәті: («Қара жорға» сазы мен би билейді)

  1. Көкпар кезеңі: Ой толғаныс сәті. Бұл сайыста интерактивті тақтада сандар жазылған суреттер шығады. Әр топ таңдаған саны бойынша тапсырма алады.

Шарты: берілген сөз бойынша сөз тіркестерін жазу, жазылған сөз тіркестері бойынша тақырыпты қорғау.

  1. «Көкпар»; 2. «Қыз қуу»; 3. «Аударыспақ»
  1. Теңге алу кезеңі: Әр топ тақтаға көрсетілген теңгелерді таңдайды. Әр теңгенің артында сөйлемдер жасырылған, оқушылар бұл сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды (тақтамен жұмыс) .

ІІІ. Сайысты бекіту: Венн диаграммасы .

ІV. Рефлексиялық бағалау кезеңі. Үш жолға әр топтың аттары қойылады, бағалау парағы және жиналған асық арқылы жеңімпаз топ анықталып, оқушылар білім деңгейі бойынша бағаланады.

V. Үйге тапсырма: «Халқын сүйген - салтын сүйер» деген тақырыпта ойтолғау жазу, жазылған мәтіннен үш сөйлемге синтаксистік талдау жасау.


Ұқсас жұмыстар
9-сыныпқа арналған Жеті жүйрік сайыс сабағы: мақсаттары, кезеңдері және бағалау критерийлері
7-сынып қазақ тілінен Сөз тіркесі тақырыбы бойынша сайыс түріндегі бекіту ашық сабағы
5-сыныпқа арналған Қазақстан қалалары тақырыбындағы шығармашылық байқау: мақсаттары, кезеңдері және бағалау критерийлері
Үздік информатик байқауы: мақсаттары, кезеңдері және бағалау тәртібі
Білгір биологтар сайыс сабағы: мақсаттары мен кезеңдері
Тапқыр достар сайыс сабағының жоспары: мақсаттары, кезеңдері және тапсырмалары
Ән жұмбақ музыкалық сайыс: мақсаттары мен ұйымдастыру кезеңдері
7-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Сөз тіркесі, күрделі сөз және тұрақты тіркес
Қазақ тілінің білгірі сайыс сабағы: мақсаттары, кезеңдері және сұрақтар жиынтығы
П.С. Гранкин концепциясы бойынша тұрақты сөз тіркестер, синонимдер және антонимдер тақырыбындағы сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz