Текті білу тегін емес: 2-сынып Өзін-өзі тану (ата тегі, жеті ата, туыстық құндылықтар)

«№ 4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Өзін-өзі тану (2-cынып)

Текті білу тегін емес

Дайындаған:бастауыш сынып мұғалімі

Нұржанова Ә. Ж.

Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес

Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру. Ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көнекті құралдар: ұнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

  • Балалар, бүгін бізге Оралбай аға қонаққа келіп отыр. Сабағымызды келген қонақтармен амандасудан бастаймыз.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен амандасады.

Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді Жер ана!

Армысыздар аяулы ұстаздар,

Армысыз, ардақты ата!

Оралбай ата балалармен амандасады.

  • Ал, балалар амансындар ма ? Менің де сендер сияқты кішкентай немерелерім бар. Сендердің де мен сияқты аталарығ бар шығар? «Көптің атын білгенше, бірдің атын біл» деген қазақта. Аттарың кім болады, қай тектің балаларысыңдар? Сендермен жақын таныспақшымын.

4-5 оқушы өздерін таныстырады.

Мұғалім : Осы тақырып төңірегінде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :

Текті білу тегін емес

Оқулықпен жұмыс

Тізбектете оқыту

Сұрақ: Жеті атаға кімдер жатады?

Жауабын бәйтерекке орналастыру.

Сұрақ: Жеті атаны білу не үшін керек

  • Алдымен оқушылардың ойын тындап көрейік. Азамат, Жасмин
  • Дұрыс айтасыңдар, яғни «Туысы бірдің, уысы бір» деген сөз бар атадан жақын туыстар Ұйымшыл, бір-біріне бауырмал болады.
  • Ал. Енді осы сұрақ төңірегінде атамыздың дана сөзін тындап көрейік.
  • Атаның сөзі
  • Дәптермен жұмыс

Дәптердегі дәйексөзді оқыту

Сонымен бірге бүгінгі сабағымыздығ дәйексөзі «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл»

Сөз жұмбақ шешу

Сергіту сәті

  • Жеті атаға байланысты, жалпы туыстық қарым-қатынасқа байланысты мақал-мәтел айту.
  • Енді атаға өзіңізді әрі қарай таныстыра отырайық. Олай болса, «Менің отбасым» атты фото альбомға шолу жасайық

(4-5 оқушы таныстарады.

Ескендір Қасанғалиевтың әні «Келші, келші балашым»

Атаның сұрағы

Қазақта жігіттің үш жұрты бар-дейді. Соны атап бере қойыңдар

Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.

Сұрақ: Нағашы деп кімді айтады?

Жауап: Анамның тумаластары маған нағашы болады.

Мұғалім : Балаларымыздың жауабына риза болған атамыздың жақсы тілегін тындап көрелік.

Атаның батасы

  • Атаның берген батасы қабыл болсын. «Жаңбырмен жер көгерсе, батамен ел көгерер» ал бір-бірімізге жақсы сөз айтсақ, көңіліміз көтерілер.

Сондықтан «Журектен-журекке» деп ортада бір-бірімізге жақсы тілек айту үшін шеңбер құрайық.


Ұқсас жұмыстар
Текті білу: туыстық пен сыйластық құндылықтарын қалыптастыру
4-сынып: Өзін-өзі тану - Ата-баба дәстүрлері мен жеті санының киелілігі (сабақ жоспары)
Өзін-өзі тану пәні: Ата-анаға қиянат жасамау және азаматтық құндылықтар - сабақ жоспары (11 А сынып)
2-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Халқым менің қонақжай - қонақжайлылық пен адамгершілік құндылықтар
4-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Ата-баба өнері мен ою-өрнектің маңыздылығы
Өзін-өзі тану пәні: Адам өміріндегі құндылықтар - мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар, парасаттылық және байсалдылық
Өзін-өзі тану сабағының жоспары: Ата-ана құндылығы - сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу
Өзін-өзі тану пәні: Адамның дүниетанымы - дұрыс әрекет пен жалпыадамзаттық құндылықтар
Өзін-өзі тану пәнінің қорытынды кеші: адамгершілік құндылықтар мен аналық махаббат
Өзін-өзі тану (5-сынып) қысқа мерзімді сабақ жоспары - Сөйлесе білу де өнер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz