Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар: айырмашылығы мен ұқсастығы, шығармашылық қабілетті дамыту

Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды рухани, зерделік жағынан тәрбиелеу. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

Қазақ фольклорының түрлі жанырларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызығушылықты зерттеу нысаны болып табылады. Бұларда халықтың өмір туралы сан алуан пайым-байқауларының, ойға түйгендерінің нақты дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген . Венн диаграммасын толтырайық.

Мақал деген не ? Мәтін деген не?

  1. «Жалғастыр» ойыны

Еңбек түбі-береке, . . . ( көптің түбі- мереке)

Ер бір рет өледі, . . . ( қорқақ мың рет өледі)

Сөз атасы-құлақ, жол атасы-тұяқ, . . . ( су атасы-бұлақ)

Аталар сөзі- . . . ( ақылдың көзі)

Жақсы сөз . . . ( жанға азық)

  1. «Жасырдым жұмбақ» сайысы.

Жұмбақты шешіп, сол сөз кездесетін мақал-мәтел айту.

1. Қабат-қабат қаттама, қ аттамадан аттама

Ақылын оның ала бер, Айтқан сөзін жатта. ( кітап)

Оқушы:Күн шықса жайлау жадырайды,

Кітап оқысаң жаның жадырайды.

2. Иесі оның-сәби, әрі төсек, әрі үй ( бесік)

Оқушы:Ел іші -алтын бесік.

3. Үй ішінде отыз екі батыр,

Кіргендерді отап, турап жатыр ( тіс)

Оқушы:Отыз тістен шыққан сөз, Отыз рулы елге тарар.

  1. «Әрі қарай, әрі қарай» ойын мақалға жауап.
  1. Жыртық үйді жел табар, Қандай сөзді шын табар ( өтірік)
  2. Сүзеген сиырға, Құдай не бермейді? ( мүйіз)
  3. Адам болатын бала, Қайда қарайды? ( алысқа)
  4. Түйе малдың қасқасы, Жылқы малдың . . . ( патшасы)

Қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
1001 мақал, 101 жұмбақ: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы тіл байлығын дамыту сайысы
Табиғат тақырыбындағы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сабағы (1001 мақал, 101 жұмбақ)
Балалар әдебиеті: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар тақырыбындағы практикалық сабақ жоспары
1001 мақал, 101 жұмбақ: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы балалардың тілдік және танымдық қабілеттерін дамыту
Жаңылтпаштар, жұмбақтар және мақал-мәтелдер: тренинг сабағының жоспары мен әдістемесі
Атмосфералық жауын-шашын және ауа райы: тапсырмалар, тесттер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер
Достыққа тәрбиелеу: өлеңдер мен мақал-мәтелдер арқылы
5-сынып: Мақал-мәтелдер тақырыбына арналған сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалары
5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Мақал-мәтелдер мен олардың айырмашылықтары
Мың бір мақал: мақал-мәтел арқылы тілдік және шығармашылық қабілеттерді дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz